Kapshagay.gov.kz

ҚЫСҚЫ УНИВЕРСИАДА 2017 Универсиада - 2017 ойындарының ашылуына байланысты шаңғыда өткен жарыс.

Главная



            2017 жылдың ақпан айының 2 жұлдызында Қосқұдық ауылының №9 орта мектебінің спорт алаңында 5-7, 8-11 сынып оқушыларының  арасында шаңғыдан жарыс ұйымдастырылған болатын. Жарыс Алматы қаласындағы өтіп жатқан XXVIII қысқы Универсиада ойынына арналған, спортпен шұғылданудың, қыс мезгілінде әсіресе шаңғы тебудің маңызды екенін мектептің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі А.Ғаббасов оқушыларға түсіндіріп өтті. Жарыс Қазақстан Республикасының гимнін көрермендермен жарысқа қатысушылардың орындауларымен басталды.
Көптен күткен жарысты 2000 км қашықтыққа 8-11сынып оқушыларының ұлдары мен қыздары  бастады. Бұл қашықтықта ұлдар арасынан III-орынға ие болған 11 сынып оқушысы Қалматаев Жасұлан, II-орынға 11 сынып оқушысы Әділ Абылай, ал жүлделі І-орынға 10 сынып оқушысы Құрманжан Нұрсұлтан ие болды. Қыздар арасынан ІІІ-орынға 9 сынып оқушысы Жекен Айжан, ІІ-орынға 8 сынып оқушысы  Айтбекова Аружан, ал жүлделі І-орынға 8 сынып оқушысы Шәймерденова Диляра ие болды.   
Жарысқа қатысушыларды ауыл тұрғындары қолдап, жарысты қызығушылықпен тамашалады.
1000км қашықтықта 5-8 сынып ұлдары мен қыздары бәсекелесті. Бұл қашықтықта ұлдар арасынан ІІІ-орынға ие болған 7 сынып оқушысы Алимхан Нариман, ІІ-орынға 6 сынып оқушысы Каниев Бексұлтан, ал жүлделі І-орынға 7 сынып оқушысы Нұрсадық Ануар ие болды. Қыздар арасынан ІІІ-орынға  7 сынып оқушысы  Каменова Индира, ІІ-орынға  6 сынып оқушысы Жахан Асылайым, ал жүлделі І-орынға  6 сынып оқушысы Маметова Рузана ие болды.
Жүлделі орындарға ие болған ойыншылар  «Қапшағай қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ І-ІІ-ІІІ дәрежедегі медальдарымен, дипломдарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Шеңгелді ауылдық округінің жастар ісі жөніндегі әдіскер – нұсқаушысы А.Алдыбекова: ойынға төрешілік еткен, Қосқұдық ауылының №9 орта мектебінің дене шынықтыру пәнінің білікті мұғалімі А.Ғаббасовты және жастарды адамгершілік пен іскерлікке және спортқа баулып, атсалысқаны үшін Шеңгелді ауылдық округі бойынша спорт ісі жөніндегі әдіскер – нұсқаушысы Ж.Кенжеұлын «Қапшағай қаласының жастар ресурстық орталығы» Алғыс хатымен марапаттады.

 

Спорт ісі жөніндегі әдіскер - нұсқаушы:                             Ж.Кенжеұлы

 

 


«Шеңгелді ауылдық округі әкім аппараты» мемлекеттік мекемесі


Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .