Kapshagay.gov.kz

Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!

Главная



     Сыбайлас жемқорлық дегеніміз – мемлекеттік қызметкерлер, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті адамдар, жеке сектордың басшылары өз қызмет бабын жеке басының баюы, басқа адамдардың мүддесі үшін пайдаланғанда қоғамды да, мемлекетті де бұзатын әлеуметтік құбылыс.
    Еліміздегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі ретінде айқындалған.Себебі, сыбайлас жемқорлық еліміздің әлеуметтік – экономикалық дамуына кері әсер ететін, елдің болашағына айтарлықтай қауіп төндіретін мааңызды фактор екені анық.
    Қазіргі  таңда сыбайлас жемқорлық дерті төрткүл дүниенің  түгел дерлік қантамырына бойлай енген, қоғам дамуына қауіп төндіретін жаһандық мәселеге айналып отыр. 
Осыған байланысты сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу, алдын-алу мәселелерін талқылау, алдын алу мақсатында Заречный ауылында орналасқан мемлекеттік мекемелері ЛА 155/8, ЛА 155/12, ЛА 155/14 басшылары, қызметкерлері, МКМ «Қамқор», №12 ОМ, УИП, ауылдық амбулатория, кітапхана қызметкерлері  арасында «Сыбайлас жемқорлықпен күресу ортақ парызымыз»  тақырыбында жиын өткізілді.
    Аталған жиында Заречный ауылдық округ әкімі аппаратының  бас маманы, заңгер Н.Ошыбаев қатысушылар алдында баяндамасын жасады. Мұнда сыбайлас жемқорлықтың алдын алуын, оны түбегейлі жою бағытында жұмыла жұмыс атқару қажеттігін тілге тиек етті.  Сонымен қатар, жиын барысында қатысушылар ретімен сөз алып, қоғамымызда бүгінде орын алып отырған жемқорлық әрекеттерінің ел экономикасы мен мемлекетіміздің дамуының қарыштап өсуіне түбегейлі балта шабатынын, халқымыздың тұрмысына кері әсерін тигізетінін нақты айтып, қызу талқыға салды. Осындай жағымсыз істердің салдарынан, Қазақстанда қылмыстық әрекеттер көбейіп, заң бұзушылықтар саны артып тұр. Оны ауыздықтауда нақты істер жасалып, түрлі шаралар қолға алыну керектігіне де баса назар аударылды. Бұл заңсыздықты құрықтап, оған жол бермей, онымен күресе біліп, еліміздің біртұтастығын сақтап, «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып», аса ыждаһаттылықпен жұмыс атқарсақ, айқын болашақ, жарқын күндерге жетеріміз сөзсіздігі де айтылды.
    Жиын соңында округ әкімі Берік Дүйсенбаев округ аумағында орналасқан мемлекеттік мекемелер басшыларына өз ұжымдарымен сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу, жол бермеу туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізу қажеттігін жеткізді.

 

 


«Заречный ауылдық округі әкімінің аппараты»


Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .