Kapshagay.gov.kz

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған жаңа бағдарлама туралы ақпарат

Главная



«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы 2016 жылдың желтоқсан айында  жұмысын аяқтады. 2017 жылдың қаңтар айында  «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың                  2017 – 2021 жылдарға арналған»  жаңа Бағдарлама іске қосылды. Бағдарламаның  басты мақсаты  халықты нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және азаматтарды  кәсіпкерлікке тарту  болып табылады.
Бағдарламаның мақсаты мен нысаналы индикаторларына қол жеткізу үшін жұмыс мынадай үш бағыт бойынша жүргізілетін болады:
1) Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету;
2) жаппай кәсіпкерлікті дамыту;
3) халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту.
Халықты жұмыспен қамту орталығының  мамандары жұмыс іздеп жүрген жұмыссыз және басқада тұлғаларға кеңес беру қызметтерін көрсету мен ақпараттық-түсіндірмелік жұмыстар жүргізеді.  Қолайлы  бос жұмыс орындарына орналасуға, және мамандық  таңдауда жәрдемдесу. Қолайлы жұмыс табылмаған тұлғаларға  қоғамдық жұмысқа, әлеуметтік жұмыс орындарына жолдама беріледі.  Білім беру ұйымдары түлектерінің меңгерген кәсібі (мамандығы) бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін алуы мақсатында, 3 жыл ішіндегі және жиырма тоғыз жастан аспаған түлектер жастар практикасы қатыса алады. Кәсіпкерлік  іспен айналысқысы келетін тұлғаларға  немесе  бизнесін кеңейткісі  келетін  кәсіпкерлерге шағын несие беріледі. Өңірлік жұмыс күшін қамтамасыз ету мақсатында, ерікті қоныс  аудару мүмкіндігі бар.
Ағымдағы жылдын қаңтар айынан бастап Халықты жұмыспен қамту орталығынан  жұмыс берушілердің өтінімдері бойынша базада  көрсетілген бос жұмыс орындарына  жолдама  беріледі. Сондай-ақ, әлеуметтік жұмыс орындарына, жастар практикасына, қоғамдық жұмысқа, қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстарына жіберу үшін құжаттар қабылдануда.
Халықты жұмыспен қамту орталығы  ауылдық округ әкімдерімен, бірлесе отырып бағдарламаны іске асыру мақсатында тұрғындарға түсіндірме жұмыстары  жүргізілуде.

 

«Қапшағай қаласы әкімдігінің  халықты
жұмыспен қамту орталығы» МКМ-нің   директоры         Р.Ахметова  

 

 


«Қапшағай қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі


Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .