Kapshagay.gov.kz

Қалалық «Жарқын болашақ - 2017» қазақ тілі олипиадасы болып өтті

Главная




Мемлекеттік тіл – қазақ тілі – ұлы даланы мекен еткен байырғы қазақ халқы мен қазақстандық басқа да ұлт өкілдерінің тарихи тағдырын тоғыстырған, теңдік пен татулықты ұстана отырып, бейбіт қоғамды қалыптастыруға қол жеткізіп отырған бірден-бір ұлттық құндылық.
Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту және оны дамыту, әрі қазақ тілі мен әдебиеті пәндері бойынша ерекше дарынды оқушыларды анықтау және оларға қолдау көрсету. Сондай-ақ олимпиаданы өткізудің басты мақсаттарының бірі – қазақша сөйлеумен қатар, қазақ тілінде ән айту, мәнерлеп оқу, ғылыми жұмыс қорғау, шығармашылық қабілетін көрсету, қазақ тілі мен қазақ әдебиетін жақсы меңгеру арқылы Қазақстанның "жарқын болашағы" үшін аянбай қызмет ететінін көрсеткен нағыз "сегіз қырлы, бір сырлы" жастарға ерекше қолдау көрсету болып табылады.
Осыған орай, 2017 жылдың  30 қаңтар  күні   №4 орта мектепте қала мен аймақ мектептерінің оқушылар арасында   қалалық «Жарқын болашақ - 2015» қазақ тілі олипиадасы  5 номинация бойынша өткізілді.  Дәстүрлі іс – шараға қала мен аймақ мектептерінен 90 оқушы қатысты. Іс – шара әр  номинациясы бойынша 2  оқушыдан қатысты. 
І номинация «Сөз шеберлері»
ІІ номинация «Тілші әдебиетшілер»
ІІІ номинация « Әнші бұлбұлдар»
ІV номинация « Жас ғалымдар»
V номинация «Жазушылар»
Олимпиада кезінде достық қарым – қатынас, сайыскерлер өзара пікір талас жүргізіп, психологиялық  жақсы қарым-қатынаста болған мен, жыл бойы дайындалып еңбек еткен оқушылар жақсы нәтижеге жетті.
Әділқазылар алқасының қорытындылауы бойынша жүлделі орындар төмендегідей:
І орын  - 10
ІІ орын - 15
ІІІ орын - 23
Облыстық «Жарқын болашақ» олимпиадасына жолдама алған оқушыларға табыс тіліеп қаламыздың абыройын асқақтатуға шын жүректен табыс тілеймыз!

 

 


Қапшағай қаласының білім бөлімі


Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .