Kapshagay.gov.kz

Қапшағай қаласының ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің Назарына!

Главная




           Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазанда қабылданған № 372-V Заңы бойынша ауылшаруашылық кооперативтерін құру жолдары:

 

Ауыл шаруашылығы коопиративын құру

 

  Ауыл шаруашылығы кооперативі құрылтай жиналысының шешімі бойынша, сондай-ақ заңды тұлғаларды ауыл шаруашылығы кооперативіне қайта құру жолымен құрылады. Ауыл шаруашылығы кооперативі кемінде үш құрылтайшының шешімі бойынша құрылады. Ауыл шаруашылығы кооперативінің құрылтай құжаттары ауыл шаруашылығы кооперативінің құрылтай шарты және жарғысы болып табылады. Заңды тұлға ретінде ауыл шаруашылығы кооперативінің құқық қабілеттілігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен оны мемлекеттік тіркеу сәтінен басталады

 

Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің құрылуы мен қызметінің негізгі мақсаттары мен қағидаттары

 

      1. Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің құрылуы мен қызметінің негізгі мақсаттары:
      1) кооператив мөшелерінің әлеуметтiк-экономикалық және басқа да қажеттіліктерін қанағаттандыру және олардың мүдделерін қорғау;
      2) кооператив мүшелерінің кірістерін арттыру;
      3) ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіру, қайта өңдеу, өткізу, сақтау, өндіріс құралдарымен және материалдық-техникалық ресурстармен жабдықтау салаларында бәсекелестік ортаны құру;
      4) инфрақұрылымды дамыту және ауыл шаруашылығы өнiмiн, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндiрушiден тұтынушыға тiкелей беруді қамтамасыз ету;
      5) кооператив мөшелерінің қажетті ресурстарды тиімді шарттар бойынша сатып алуына жәрдемдесу және өздерiнiң өндірістік және өзге де шаруашылық қызметiн қаржыландыруға қол жеткiзе алу болып табылады.
      2. Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің құрылуы мен қызметінің негізгі қағидаттары:
      1) ауыл шаруашылығы кооперативіне кірудің және одан шығудың ерiктiлiгi, осы Заңның және ауыл шаруашылығы кооперативі жарғысының талаптарына сәйкес келетін кез келген тұлғалардың кіру мүмкіндігі;
      2) кооперативтің қауымдасқан мүшелерін қоспағанда, кооператив мүшелерiнiң теңң құқықтылығына негiзделген басқарудың демократиялылығы: мүлік (пай) жарналарының мүлшері мен санына қарамастан бiр мүше – бiр дауыс;
      3) ауыл шаруашылығы кооперативін басқару органдарының сайланбалылығы және оның мүшелерінің жалпы жиналысына есеп берiп отыруы;
      4) ауыл шаруашылығы кооперативтерінің дербестігі және қызметінің тәуелсіздігі;
      5) ауыл шаруашылығы кооперативінің өз мүшелеріне тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өзіндік құны бойынша сатуы;
      6) өзара көмек және кооператив мүшелері үшін экономикалық пайданы қамтамасыз ету;
      7) ауыл шаруашылығы кооперативінің, ауыл шаруашылығы кооперативтері қауымдастығының (одағының) қызметi туралы ақпаратқа олардың барлық мүшелерiнiң қолжетiмдiлiгi болып табылады.

 

Ауыл шаруашылығы кооперативінің құқықтық жағдайы

 

       Ауыл шаруашылығы кооперативі ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіруде, қайта өңдеуде, өткізуде, сақтауда, өндіріс құралдарымен және материалдық-техникалық ресурстармен жабдықтауда, кредиттеуде, сумен қамтамасыз етуде немесе кооперативтің мүшелеріне, сондай-ақ кооперативтің қауымдасқан мүшелеріне басқа да сервистік қызмет кқрсетуде олардың әлеуметтік-экономикалық қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында бірлескен өндірістік және (немесе) өзге де шаруашылық қызметті жүзеге асыру үшін жеке және (немесе) заңды тұлғаларды ерікті түрде біріктіру жолымен мүшелік негізінде құрылатын өндірістік кооперативтің ұйымдастыру-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады.

 

 


«Қапшағай қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі.


Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .