Kapshagay.gov.kz

Халқымен бірге жасай беретін қайраткер Аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың туғанына 105 жыл

Главная




 Д. А. Қонаев – аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, КСРО, шет ел ордендері мен медальдерінің иегері. ХХ ғасырда Қазақстанда өмір сүрген мемлекет қайраткерлерінің ішінде Д. А. Қонаевтың орны ерекше бөлек. Ол қазақтың, республиканың атына көптеген игі істерімен абырой мен даңқ әкелді, дүние жүзіне танымал етті. 12 қаңтар - қазақтың біртуар азаматы, аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың туғанына 105 жыл толуына орай Қапшағай қаласының қалалық кітапханасының ұйымдастыруымен «Дәуірдің дара тұлғасы» атты бейне-альманах шарасы ұйымдастырылды. Мерейтойлық шараның алғы сөзінде  Қапшағай қаласының мәдениет және тілдері дамыту бөлімінің басшысы Б.Шәйкенова ұлы тұлғаның ұлылығын, игі істерін, өнегелі еңбек жолын атап өтті. Шара барысында  Димаш атамыздың өмірі мен қызметі жөнінде бейнефильм, Д.А.Қонаевтың өз дауысымен фильм, Алматы қаласындағы музей үйі туралы деректі фильмдер көрсетілді. «Қонаев – ғасыр саңлағы» тақырыбында кітап көрмесі де оқырмандар назарына ұсынылды. Су электр станциясы салынуынан басталған Қапшағай қаласының құрылу тарихы Д.А.Қонаев есімімен тығыз байланысты екенін  қаланың құрметті азаматы, еңбек ардагері Т.Әкішұлы әңгімелеп айтты. Қазақстанды көркейтуге сіңірген еңбектерін айта отырып еңбек ардагерлері Б.Тұрғанбеков, Т.Ақыпбекова және «Нұр қамқор» ансамблінің мүшелері атақты тұлғамен кездесу сәттері жайлы қызықты естеліктерін айтты.
Қапшағай қаласындағы Д.А.Қонаев атындағы орта мектебінің оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ә.Аймағанбетова мектептегі Д.А.Қонаевқа арналған мұражайдың жәдігерлер көрмесін таныстырды. Көрмедегі Димаш Ахметұлының қолдауымен пайда болған Қазақстандағы қалалар картасы, алғаш ұстаған портфелі, бірегей фотосуреттер ерекше қызығушылық танытты. Аталған мектептің ұстаздары А.Жақиянова, Л.Атейбекова, 1993 жылы Наурыз мерекесінде Д.Қонаевтың арнайы келіп, қонақ болғанын айт келіп, сол кездегі фотоқұжаттарды көрсетті. Ақын, ұстаз А.Жақиянова шәкірттерімен бірге халық кемеңгеріне арналған өз өлеңдерін оқыды. Д.А.Қонаев атындағы №1 орта мектептің оқушылары Д.Баймұхан мен А.Батихановалар оқыған өлеңдер, балалар шығармашылық орталығының оқушылары орындаған күй мен №3 орта мектеп оқушысы Н.Баянғали шырқаған ән тыңдармандар көңілінен шықты. 
Бүкіл саналы ғұмыры мемлекет басқару ісіне арнаған, елім деп еңіреп өткен ер тұлғаның өмірі мен қызмет жолы өнегеге толы. Оны насихаттау, оқып үйрену бүгінгі жас ұрпақты тұлға ретінде қалыптастыруға мол септігін тигізетіні сөзсіз.

 



Қапшағай қаласының мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi


Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .