Kapshagay.gov.kz

Тұңғыш Президент күні

Главная




Тұңғыш Президент күні 2011 жылды 10 желтоқсанында Парламент сенатының толық отырысында қол қойылып, бүкіл елден қолдау таба білген мереке.
Еліміздің ел болу шежіресі сан түрлі белестерден тұрады. Бұл мерекенің тойлануының өзіндік ұлтқа берері мол. Осы мереке арқылы жас ұрпақ Тәуелсіз Қазақстанның тарихын танып, оның ел болып қалыптасу жолында қандай тұлғаның аянбай еңбек еткенін жадында сақтауына үлесін қосады. 1-желтоқсан Қазақстанның шежіресінде үлкен мәнге ие, сондықтан аталмыш датаның Тұңғыш Президент күні ретінде тойлануы заңды құбылыс.
Қапшағай қаласы да аталмыш мерекеге орай 28 қараша күні қалалық мәдениет үйінде «Елін сүйген Елбасы» атты мерекелік жиынды өткізді. Мерекелік жиын қала әкімінің құттықтауымен және тақырыпқа сай концерттік бағдарламамен әсерлі болды.


Тiлдердi дамыту бөлiмi


Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .