Kapshagay.gov.kz

13-28 қараша күндері аралығындағы жарыстар нәтижесі

Главная




 

17-19 қараша күндері аралығында Көктал ауылында греко-рим күресінен спорт ардагері Л.Барманбеков құрметіне жарыс өтті. Турнирде 17 облыс командаларынан 290 балуан қатысты. Біздің балуандармен 3 алтын, 2 күміс және 3 қола жеңіп алынды. Жарыс жеңімпаздары Ибрагим Ербол, Шынасилов Серик және Еламан Ерланулы.
19-21 қараша күндері Қостанай қаласында самбодан Республикалық турнир өтті. Турнирде 10 командадан 250 самбошы қатысты. Қапшағай қаласының самбошыларымен 3 алтын, 2 күміс және 2 бронза жеңіп алынды. Республикалық турнир жеңімпаздары Копжасар Алихан, Бойсаев Заурбек және Ахмет Еркебулан.
20-22 қараша күндері Шу қаласында Қазақ күресінен Ашық чемпионат өтті. Жарысқа 300 жас балуан қатысты. Қапшағай қаласынан жеңімпаз Нишанов Ерболат атанды.
Спорттық апатының басы 24-ші қараша күні Жалаңаш ауылында боксшылардың обаслстық турнирімен басталды. Турнирге 11 командадан 250 жас боксшы қатысты. Қапшағайлық боксшылар үш алтын, екі күміс және үш қола медаль ұтты.
25-ші және 27-ші қараша күндері аралығында Талғар қаласында грек-рим күресінен облыстық турнир өтті. Жарсықа облыстың 10 командасынан келген 200 спортшы қатысты. Қапшағайдын спортышалы екі алтын, бір күміс және алты қола медаль ұтты.
27-ші қараша күні Алматы қаласында дзюдодан облыстық турнир өтті. Жарысқа 15 командадан келген 300 дзюдошы қатысты. Қапшағайдын жас дзюдошылары екі алтын, үш күміс және 2 қола медаль ұтты.


Cпорт бөлімі


Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .