Kapshagay.gov.kz

Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша "Мен және Заң" өткізілген акция туралы ақпарат

Главная



Қалалық прокуратураның бастамасымен, қалалық білім бөлімі, жергілікті полиция қызметі және жастар ресурстық орталығының қолдауымен 2016 жылдың 8 қазан күні орталық саябақта кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша "Мен және Заң" атты акция өткізілді.

Акцияның басты мақсаты – құқық бұзушылықтың алдын алу және кәмелетке толмағандар арасындағы қадағалаусыздықтың алдын алу. Құқық бұзушылық – жасөспірімдердің проблемасы қазіргі заманғы қоғамда қарама – қайшылы әрі күрделі. Өкінішке орай, заңға қарсы жасалған әрекеттер ауыр, әрі түзеуге келмейтін қиын зардаптарға әкеліп соқтыратынын жасөсіпірмдердің бәрі түсіне бермейді. Заңды аттамай, тура жолмен жүріп, еліне адал қызмет еткен азамат қана мұратына жетеді. Сондықтан заңды білу – заман талабы.

Іс – шара бағдарламасында:

·         Қалалық мектептердің оқушылары және ювеналдық полиция қызмектерлерімен бірлесе отырып дайыдаған шағын көріністер. Шағын көріністер: «Тұрмыстық зорлық-зомбылық», «Темекіні тастайық – жаңа өмірді бастайық», «Қоғам және ішімдік», «Терроризм және экстремизмнің алдын алу», «Абайсызда қазаға ұшырату» және тағы басқалар.

·         Музыкалық бағдарлама, флешмоб

·         Ең үздік сүрет сайысы


"Қапшағай қалаcының білім бөлiмi ММ"

Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .