Kapshagay.gov.kz

Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi резервуарлардың есепке алатын бақылау аспаптарын (бұдан әрі - ЕАБА) орнату жайлы

Главная



 

   Қапшағай қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы 2011 жылғы 20 шілдедегі № 463-IVЗРК «Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Заңына сәйкес (бұдан әрі - Заң (09.04.2016 жылға өзгерістер мен толықтырулармен)) мұнай өнімдерін өткізуді және (немесе) жөнелтуді мұнай өнімдерін өндiрушiлер 2017 жылғы 1 қантарынан бастап, мұнай берушілер, мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушілер, импорттаушылар, мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізушілер 2018 жылғы 1 қантарынан бастап резервуарлардың есепке алатын бақылау аспаптары (бұдан әрі - ЕАБА) арқылы міндетті түрде өткізуілері қажет.

   Сонымен қатар Заңның 8 тармағының 12-1 тармақшасына сәйкес «Мұнай өнімдерін өндірушілердің өндірістік объектілерінің, мұнай өнімдері базаларының және автожанармай құю станцияларының (жылжымалы үлгідегі автожанармай құю станцияларынан басқа) резервуарларын есепке алатын бақылау аспаптарымен жарақтандыру бойынша қағидалар және талаптар» Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2016 жылғы 16 наурыздағы жобасы бекітілген.

   Жоғарыда айтылғанға байланысты Заңның 8 тармағының 2 тармақшасына сәйкес мұнай өнімдерін өндірушілерге, мұнай берушілерге, мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушілерге, импорттаушыларға, мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізушілерге ЕАБА орнатуын қажет екендігін хабарлайды.


Жанама салықтарды әкімшілендіру бөлімі Қапшағай қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы

Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .