Kapshagay.gov.kz

«Мектепке жол» акциясы

Главная



«Мектепке жол» акциясы туралы «Мектепке жол» акциясы туралы

13 тамызда «Нұр Отан» партиясы Қапшағай қалалық филиалының іргесінде құрылған «Мейрімді жүрекпен» қоғамдық қозғалысының аясында, Капшағай қаласының орталық саябағында «Мектепке жол» Республикалық акциясын ұйымдастырып өткізді. Акцияны қалалық партия филиалы, «Возвращение к жизни» қоғамдық бірлестігі мен Қапшағай қалалық мәдениет үйі ұжымының атсалысуымен өтті. Іс-шараға қаламыздың 500-ге жуық қала тұрғындары және балалар қатысты. Балаларға тәтті тағамдар беріліп, түрлі ойындар ұйымдастырылды. «Мектепке жол» Республикалық акциясы аясында өткізілген іс-шараға қатысқан ата-аналар балаларының күліп-ойнап, қалалық саябақта бас қосқандарына дән риза.

Осындай игі шараларды ұйымдастырып, демеушілік көрсетіп жүрген азаматтарға алғысымыз шексіз!

 


Қапшағай қаласының мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi

Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .