Kapshagay.gov.kz

«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы бойынша оң мысалдар

Главная



«Жұмыспен
қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы бойынша оң мысалдар «Жұмыспен
қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы бойынша оң мысалдар

Жұмыспен қамту орталығына келген кезде Кербұлақ ауылында тұратын Уйқасбаева Шара Нуровна жұмыссыз деңгейде болған.

"Жұмыспен қамту 2020 жол картасы" бағдарламасының 2 бағыты «Кәсіпкерлік бастаманы ынталандыру және тірек ауылдарды кешенді дамыту» бойынша бағдарламаға қатысушы Уйқасбаева Ш.Н. 2014 жылдың 23 маусымында Кербұлақ ауылында жылы жай ашуға, яғни қияр,қызанақ өсіруге 2 млн. теңге шағын несие алды. Сол ақшаға құрылыс құралдары алынып қияр мен қызанақ отырғызылды. Уйқасбаева Ш.Н. жеке кәсіпкер ретінде Қапшағай қалалық салық басқармасында тіркелді. Қазіргі таңда 2 әлеуметтік жұмыс орыннына жұмысшы алып, өнімдерін қала дүкендері мен асханаларға өткізеді.

Шеңгелді ауылдық округінің Кербұлақ ауылында тұратын Рысқұлова Капиза Джунусовна өзін-өзі қамтыған азамат ретінде Қапшағай қаласының жұмыспен қамту орталығында тіркелді.

"Жұмыспен қамту 2020 жол картасы" бағдарламасының екінші бағыт «Ауылда кәсіпкерлікті дамыту арқылы жұмыс орындарын құру және тірек ауылдарды дамыту» бойынша қатысушы Капиза Джунусовна 2015 жыл-дың 16 маусымында «Казагромаркетинг» АҚ Алматы облыстық филиалында кәсіпкерлік негіздерін оқып осы жылдың 29 маусымында Кербұлақ ауылында ауылшаруашылығы бойынша мал өсіруге 2 млн. теңге шағын несие алды. Сол ақшаға 7 бас ірі қара және жем-шөбін алып, мал бордақылаумен айналысып жатыр. Рысқұлова Қ.Д. жеке кәсіпкер ретінде Қапшағай қалалық салық басқармасында тіркеліп әлеуметтік жұмыс орнына 1 жұмысшы алды.

Бағдарламаның үшінші бағыты бірінші құрауышының қатысушысы «Жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде оқыту және қоныс аудару арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдесу» Жарас Исмайл Жарасұлы Орталық Азия Университетінің қаржы мамандығы бойынша 2015 жылы бітірді. 2016 жылдың ақпан айында Қапшағай қалалысының жұмыспен қамту орталығына келіп, "Жұмыспен қамту 2020 жол картасы" бағдарламасының үшінші бағыттың бірінші құрауышының қатысушысы ретінде кезекті құрамына 01 наурыздан бастап енді. Бағдарлама барысында АҚ «Қазақстан халық банкі» №311200 Талдықорған аумағындағы Қапшағай басқармасының филиалына жастар практикасын өтуге жіберілді. Қазіргі таңда жұмысын жалғастыруда.


Жұмыспен қамту орталығының

Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .