Kapshagay.gov.kz

6 шілде - Астана күні

Главная



6 шілде - Астана күні 6 шілде - Астана күні

6-шілде Қазақстан Республикасы Астана күні. Астана күні - барша қазақтың тойы, көпке ортақ мереке! Бұл біздің еліміздің жаңа орда тігіп, ақ сарай салдырған күні, ұлы өзгеріспен әлемді таңдандырған күн, жасампаз ел ретінде есімін мәңгі тарихта қалдырған күн! Сол үшін де бұл мерекенің мәні терең, айрықша қастерлі...

Атаулы күнді атап өтуден Қапшағай қаласы да тыс қалып көрген жоқ. Қапшағай қаласының тұрғындары биылғы жылы да «Жарқырай бер мәңгі Астана!» тақырыбымен Астана күнін қалалық мәдениет үйінде үлкен сән-салтанатпен атап өткізді. Мұндай салтанатты сәттер көңілге қуанышты шуақ құйып, бұл күннің асқақ мереке екендігін ұқтырады. Әсіресе, өскелең ұрпақ, жасөспірімдер үшін мұндай шараның Астана күнін жалпыұлттық мейрам ретінде сезінулері үшін берері мол. Бал-бұл жанған жүздер, шаттыққа толы күлкілер, жарқын құшақ, ыстық сәлемдесулер, Астана жайлы асқақ айтылған әндер қабат қосылған шақта көпшіліктің расында да мерекелік көңіл күйде екенін аңғаруға болады.

Мерекелік кешке қала өнерпаздары мен №32363 әскери бөлімнің оркестрі қатысып барша қатысушыларға жақсы көңіл-күй сыйлады.

Астана күнін көпшілік болып атап өту, ел ретінде іргемізді нықтауда, ұлт ретінде ұйысуда берері мол игілікті шаралар болып табылмақ.


Қапшағай қаласының мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi

Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .