Kapshagay.gov.kz

Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы шеңберінде әлеуметтік жұмыс орындарына.

Главная



 

«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы шеңберінде Қапшағай қаласы бойынша 2016 жылға бағдарламаның үшінші бағыты «Жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде оқыту және қоныс аудару арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдесу» бойынша әлеуметтік жұмыс орындарына 25 адам жоспарланған.

Әлеуметтік жұмыс орны – шарт негізінде құрылатын жұмыс орны, ҚР азаматтары мен халықтың нысаналы топтары қатарындағы азаматтарды қаржыландыру әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан азаматтарға еңбекақы төлеуге жұмыс берушінің шығыстарын өтеуге мемлекеттік бюджеттен субсидия беруді қамтиды.

      Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан Бағдарламаға қатысушылардың жалақысына берілетін ай сайынғы субсидия мөлшері экологиялық үстемеақылар бойынша төлемдерді есепке алмағанда, салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды және пайдаланылмаған еңбек демалысына өтемақыны ескергенде жалақының белгіленген мөлшерінің 35 %-ын құрайды, бірақ тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда айқындалған ең төменгі жалақы мөлшерінен аспауға тиіс.
Әлеуметтік жұмыс орындарына нысаналы топқа кіретін 25 азамат аспазшы, аспазшының көмекшісі, есепші, әкімші, даяшы, асхана жұмысшысы, жұмысшы, жүргізуші, көкалдандырушы, малшы, малшының көмекшісі «Мастер» ЖК, «Ақ-С-Арай» ЖК, «Шек А.В» ЖК «Уйкасбаева Н.А.» ЖК, «Медеубаев Д.Р» ЖК , «Рыскулова К.Д» ЖК, «Султамбаев А.К» ЖК, «Кустобаева С.И» ЖК, «Есенбаев Ж» ЖК, «КММ Қапшағай Көркейту» ЖСШ және «Қапшағай АТО» ЖШС-не жіберіліп, жұмыстарын жалғастыруда.

Ағымдағы жылдың соңына дейін тұрақты жұмысқа орналастыру үшін жұмыстар жүргізіледі.

/12:21 03.06.2016 ж./


  Қапшағай қаласының жұмыспен қамту орталығы» ММ

Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .