шапка для вопросы и ответы

АЗАМАТТАРДЫҢ НАЗАРЫНА!

Главная



2015 жылдың қараша айында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының Жер Кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына қол қойды, 2016 жылдың 01 шілдесінен күшіне енеді.

 

Заң бес институционалдық реформаларды жүзеге асыруға 100-нық қадам Ұлттық Жоспарының ауылшаруашылық мақсатындағы жерлерді нарықтық айналымға енгізу бөлігінде олардың тиімді пайдалануын, ауылшаруашылық мақсатындағы жер учаскесінің пайдалану нысанының ауысу барысын оңайлатуға бағытталған.

Заңның негізгі мақсаты ауылшаруашылық мақсатындағы жерлерді жеке меншікке оның ішінде оларды жекешелендіру және ұтымды және олады пайдалануда тиімділік бойынша ұйымдастыру-құқықтық кешен шараларын қамтамасыз ету бойынша жаңа механизм енгізу болып табылады.

Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 37 бабының 3 тармағына сәйкес, мемлекеттен уақытша өтеулі ұзақ мерзімді жер пайдалану (жалдау) құқығын сатып алған, осы баптың 5-тармағында аталғандардан басқа мемлекеттік емес жер пайдаланушылар өздеріне тиесілі жер учаскелерін (немесе олардың бір бөлігін) жалға (қосалқы жалға) немесе уақытша өтеусіз пайдалануға беруге құқылы, егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе, жер учаскесі орналасқан жердегі облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың уәкілетті органына хабарлай отырып, жер учаскесі меншік иесінің келісімінсіз, жер учаскесін жалға беру шартының мерзімі шегінде өздеріне тиесілі уақытша жер пайдалану құқығын иеліктен шығаруға да құқылы.

Қазақстан Республикасының Жер Кодексіне енгізілген өзгерістер жерпайдалану құқығын беру сұрағында жаңа мүмкіндіктерді регламенттейді. Осылайша, ауылшаруашылық мақсатында шаруа қожалығын немсе фермерлік шаруашылық және тауарлы ауылшаруашылық өндірісі үшін жер учаскесі берілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес жерпайдаланушылары көрсетілген әрекетті жер пайдалану құқығын сатып алмай жер учаскесінің орналасқан жері бойынша уәкілетті органды хабарлай отырып жүзеге асыра алады. Ауылшаруашылық мақсаты үшін уақытша өтеулі жерпайдалану (жалға) құқығы берледі:

1) шаруа қожалығын немесе фермерлік шаруашылық және тауарлы ауылшаруашылық өндірісі үшін жер учаскесі оралмандарға 25 жылға дейінгі мерзімге;

2) тауарлы ауылшаруашылық өндірісі үшін шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдар мен шетелдік заңды тұлғалардың үлесі елу пайыздан асатын заңды тұлғаларға жиырма бес жылға дейінгі мерзімге беріледі.

Мемлекеттік меншіктегі және жер пайдалануға берілмеген аулышарушылығы мақсатындағы жерлерге құқық алу ерекше тәртіпте келесі кезекте жүзеге асырылады:

1) аукцион арқылы сауда-саттық түрінде жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын жоғарлату шартымен;

2) аукцион арқылы сауда-саттық түрінде кадастрлық (бағалау) құнын жоғарлату шартымен кем дегенде екі аукцион өткізілгеннен кейін оны жүзеге асыру мүмкіндігі болмаған жағдайда жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын төмендету шартымен;

Сонымен қатар, жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнының елу пайыздық мөлшерінен төмен бағамен сатуға болмайды. Барлығын қосқанда, ауыл шаруашылық жүргізумен байланысты және шаруашылықтың түрінің ауысқанда жер учаскесінің пайдалану мақсатын өзгерту барысы болмайды. Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғалары шаруа қожалығын немесе фермерлік шаруашылық және тауарлы ауылшаруашылық өндірісі үшін жер учаскесін төлемді бөліп-бөліп төлеуге немесе жеңілдік бағамен алғандар ондай жер учаскелеріне қосымша төлем өндіріп алусыз 2016 жылдың 01 шілдесіне дейін кадастрлық (бағалау) құнының елу пайыздық мөлшерін төлеген жағдайда меншік иесі бола алады.

 

/14:22 13.05.2016 ж./


«Қапшағай қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .