Kapshagay.gov.kz

Достық пен ынтымақ күні

Главная



 

«Бірлік болмай тірлік болмас» деген атам қазақ. Берекені көз деген ел мерекелі тірлік жасаудан жалықпаған. 26 сәуір 2016 жылғы «Қапшағай қаласы әкімінің қалалық кітапханасы» КММ-де 1 мамыр ынтымақ пен бірлік күніне арналған «Үлкен ел – үлкен отбасы» қонақжай кеші тойланды. «Береке бастауы бірлік, ел іші тату тірлік» қағидасын ұстанған ел үшін бұл мейрамның орны ерекше. Қазақстан халықтарының бірлігі күні — кітапханада жыл сайын тойланатын мереке.

Жыл сайын атаулы мерекеде Қапшағай аймағында тұрып жатқан әр тұрлі ұлт пен ұлыс өкілдері рухани шаңырақта тату-тәтті, береке мен бірлікте, бейбітшілік пен ынтымақта өмір сүріп жатқандығын тойлайды. Іс-шараға «Әжелер» ансамблі, ұйғыр, кәріс, славян этномәдени орталық өкілдері қатысты. Алғы сөзді алған «Қапшағай қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Б.К.Шайкенова барлық этнос өкілдерін бірлік күнімен құттықтап, бір шаңырақ астындағы бейбіт өмірді шын жүректен тіледі.

Мерекеде сөз алған әр ұлт өкілдері мерекемен құттықтап, артынан музыкалық сәлемдеме ретінде славян, кәріс, «Әжелер ансамблі» ұлттық әндерін тарту етсе, көрермендер ұйғыр этномәдени орталық өкілдерінің ұлттық билерін тамашалады. Іс-шара барысында викториналық сұрақтар қойылып ойын ойнатылды.

Келген қонақтар халықтар арасындағы татулық пен ынтымақ берекені насихаттайтын осынау мерекеге биылғы жылы да ерекше аталып өтті деп шын ықыластарын білдірді.

Кеште қалалық кітапхана қызметкерлері мерекеге арналған «Досы көп ел мәңгілік» тақырыбындағы кітап көрмесін ұсынды.

Бірлігіміз жарасып, еліміз тыныш болып, ұлт демей, басқа демей татулықта, бейбіт өмірде күн кешейік, достар!

Қатысушылар саны 32 адам

 

/10:44 06.05.2016 ж./


Қапшағай қаласының мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi

Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .