Kapshagay.gov.kz

«Мемлекеттік тіл және жарнама» акциясының
ЕРЕЖЕСІ

Главная


Қапшағай қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі (бұдан әрі - Бөлім) Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай қала бойынша деректемелер мен көрнекі ақпараттарды, жарнамаларды Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңының 19, 21 - баптарына және «Жарнама туралы» Заңның талаптарына сәйкестендіру, көрнекі ақпарат құралдарындағы мемлекеттік тілдегі мәтіндердің грамматикалық және стилистикалық қателерін түзету, олардың сауатты жазылуын қамтамасыз ету мақсатында 2016 жылдың ақпан – қараша айларында «Мемлекеттік тіл және жарнама» акциясын өткізеді. 

Акцияны өткізу тәртібі 2 кезеңнен тұрады:

І-кезең ( ақпан - мамыр аралығында)

Бұл кезеңде қала әкімдігінің жанынан деректемелер мен көрнекі ақпараттардың, жарнамалар мен көше аншлагтарының Қазақстан Республикасының «Тіл туралы», «Жарнама туралы» Заңдарының талаптарына сәйкестендіру мақсатында рейдтік зерделеу жүргізу үшін «Тіл сақшылары» немесе «Тіл қорғандары» деген атпен арнайы топтар құрылады. Топтың құрамына қала әкімдігінің, мекемелердің қызметкерлері, «Нұр Отан» партиясының, этно-мәдени бірлестіктердің аудандық, қалалық филиалдарының, мемлекеттік тілді оқыту орталығының мамандары, БАҚ өкілдері, жастар ұйымдарының, қоғамдық бірлестіктердің мүшелері енгізілуі керек. Топтың құрамына шектеу қойылмайды. қаладағы топтардың жұмысын мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі үйлестіреді. Арнайы топқа бөлім қызметкерлерінен жетекшілер бекітіледі.

Топтың міндеті:

Қала аумағында орналасқан мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелердегі, сауда-саттық (дүкен, дүңгіршек, сауда үйлері т.б.), халыққа қызмет көрсету нысандарының (шаштараз, сөйлесу пукті, банк, дәмхана, мейрамхана) сыртқы және ішкі көрнекі жазуларының Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңының 19, 21 - баптарына сәйкес жазылуына, билборд, перекид және көше аншлагтарының заң талаптарына сәйкес ресімделуіне зерделеу жүргізу;

анықталған заң бұзушылықтар мен кемшіліктерді фотосуреттерімен бірге мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне жіберуді қамтамасыз ету;

кемшіліктерге жол берген нысан иелеріне заңнамалық актілердің талаптарын түсіндіру, әдістемелік көмек көрсету;

кемшіліктерді түзету бағытында жұмыстар жүргізу, атқарылған іс-шаралар жөнінде жергілікті ақпарат құралдарында мақалалар жариялау.

Жұмыс тәртібі:

Арнайы топ өзінің аумағын толық қамти отырып (қала орталығын және ауылдық округтерді):

- рейдтік зерделеу жүргізудің жоспарын және схемасын әзірлейді;

- жұмыс жоспарына сәйкес схемалық карта бойынша апта сайын зерделеу жұмыстарын жүргізеді;

- зерделеу барысында тиісті заң талаптарының бұзылу фактілері анықталған жағдайда оны міндетті түрде суретке түсіреді;

- жадынаманы тарату негізінде олардың түзетілуіне ықпал жасау шараларын ұйымдастырады және түзету мерзімдерін белгілейді.

Арнайы топ атқарған жұмыстарының есебін ай сайын бөлімнің asluxurious@mail.ru электрондық поштасына суреттерімен қоса жолдайды. Бөлімнің жауапты маманы поштаға түскен материалдарды жинақтайды, анықталған заң бұзушылықтар бойынша ай сайын талдау жүргізеді, тиісті материалдар дайындайды.

Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі осы шараға тұрғындарды кеңінен тарту мақсатында бөлімде арнайы жәшік орнатып, анықталған кемшіліктерді фотосуретімен бірге қабылдауды ұйымдастырады, бұл мәліметтерді жеке жинақтап, Басқармаға жолдап отырады.

ІІ-кезең (маусым - қараша)

Бұл кезеңде арнайы топтар өз аумақтарындағы анықталған кемшіліктердің түзетілуін бақылайды. Осы бағытта рейдтік тесерулер ұйымдастырып, анықталған кемшіліктердің түзетілгені туралы Басқармаға ақпарат ұсынады.

Басқарма топтардың жұмысын жан-жақты талдай отырып, (анықталған және түзетілген кемшіліктердің саны, көрсетілген әдістемелік көмектердің саны, шараның бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануы және т.б.сияқты), топтар арасынан жеңімпаздарды анықтайды және марапаттау шараларын ұйымдастырады.

/11:22 15.03.2016 ж./


Тiлдердi дамыту бөлiмi

Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .