Kapshagay.gov.kz

18 желтоқсан қаламыздың ақыны Алтыншаш Жақиянованың «Сүмбіле» атты кітабының тұсаукесері

Главная



Қазақ халқы әрдайымда «ақынын» аялай білген халық. Сонау Абайдың қара сөздері, өлеңдерімен сусындап өскен ұлы елдің ұрпақтары, сөз құдіретін әрдайымда биік бағалаған.

Әр елдің әдет-ғұрпы, салт-дәстүрін танытатын бұхара халық болса, сол елдің мәдениеті мен әдебиетін танытатын сөз құдіретін биік қойған жыраулар мен ақындар болып табылады. 45 жылдық тарихы бар Қапшағай қаласында да халқы мақтан тұтатын ақындар баршылық. Солардың ішінде дана да, дара туған ақындардың бірі оңтүстік Қазақстан облысының тумасы қаламыздың тұрғыны Алтыншаш Жақиянова. 16 өлеңдер жинағын шығарған Алтыншаш Жақиянова, қаламыздың тарихынан сыр шертетін көптеген туындыларын жарыққа шығарған болатын. Қазіргі таңда ұстаздық қызметпен қоса, өлең нәрімен сусындатып көптеген шәкірт тәрбиелеуде. Дәл осы шәкірттерінің қатысуымен, Қапшағай қалалық мәдениет үйінде 18 желтоқсан күні, «Сүмбіле» атты кітабының тұсаукесері өтті. «Сүмбіле» атты кітабында ақынның бой жеткен шағынан бастап, қазіргі шаққа дейінгі өмір жолдарын баяндайды. Қала тұрғындары осы бір тамаша кештен рухани ляззат алып, тамаша көңіл-күймен тарқасты.

Түркістанда туылған,

Бұлағына жуынған.

Он жасынан жыр жазып,

Ақындыққа буынған.

 

Кеш иесі Алтыншаш,

Ақыны осы қаланың.

Жыр жайлаған жүрегін,

Қолдағын, Алла, тілегін.

 

Он алты кітап шығарды,

Әр салада ізденіп.

Қаншама еңбек сіңірді,

Баспа алдына жүз келіп.

 

Көзін ашып көргелі,

Өлеңі болды ермегі.

Бағы жанып өлеңнен,

Ақталсын адал еңбегі.

 

Шаршамай, талмай, жүгірді,

Қаламына жүгінді.

Тұсаукесері кітаптың,

Құтты болсын бүгінгі.

 

/12:22 19.02.2016 ж./


Тiлдердi дамыту бөлiмi

Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .