Kapshagay.gov.kz

Қапшағай қаласының ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің
Назарына

Главная



Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 сәуірдегі «Тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялау қағидасын бекіту туралы» № 4-4/305 бұйрығына және «Өсімдіктерді қорғау мақсатында ауыл шаруашылық дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтердің) және биопрепараттардың құнын субсидиялау қағидасын бекіту туралы» 2015 жылғы 6 сәуірдегі № 4-4/306 бұйрығына сәйкес, «Қапшағай қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі төмендегіні хабарлайды:

Қапшағай қаласының Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері 2016 жылғы егістіктеріне енгізуге арналған субсидияланған минералды тыңайтқыштар мен гербицидтерге 2016 жылдың 8 қаңтарынан 15 маусымына дейін (аталған қағиданың 1- қосымшасына сәйкес) және өткен жылдың 4 (төртінші) тоқсанында минералды тыңайтқыштар мен гербицидтердің (жеткізушіден сатып алынға) шығынын өтеу үшін 2016 жылдың 8 қаңтардан 1 ақпанына дейін (аталған қағиданың 1- қосымшасына сәйкес) «Қапшағай қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесіде өтінімдерді қабылданады.

Өтінемге қосымша төмендегідей құжаттар қажет:

  1. Ауыл шаруашылығына арналған жерді пайдалану және (немесе) жеке меншік құқығында жер учаскелерін пайдалану құқығын беретін мемлекеттік акт (көшірмесі).
  2. Банктік анықтама (түп нұсқасы)

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 4 сәуірдегі «Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге суармалы суды беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау Ережесін бекіту туралы» №237 қаулысына сәйкес, 2016 жылға арналған суармалы судың құнын субсидиялауға Ережесіне сәйкес Қапшағай қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне 2016 жылдың 8 қаңтарынан 20 ақпанына дейін (аталған қағиданың 3- қосымшасына сәйкес) САТК-лердің сұраныстарын қабылданады.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2015 жылғы 27 ақпандағы «Басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыру, жанар-жағар май материалдарының және көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқада тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауылшаруашылық дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарын субсидиялау қағидасын бекіту туралы» №4-3/177 бұйрығының қағидасына сәйкес, басым дақылдар өндіруді субсидиялауға өтінімдер (аталған қағиданың 1- қосымшасына сәйкес) 2016 жылдың 8 қаңтарынан 20 маусымға дейін сұраныстарын қабылданады.

Ескертпе: субсидия ғылыми негізделген оңтайлы мерзімінде егілген егістік аумағына төленеді.

Көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуге картоп және көкеніс, бақша дақыдарының, ғылыми негізделген оңтайлы егу мерзімін ұсынамыз:

  1. Картоп - 10 сәуірден -10 мамырға дейін;
  2. Басты пияз – 25 наурыз- 15 сәуір аралығы:
  3. Сәбіз – 25 наурыз -25сәуір аралығы (жаздық өнімге);
  4. Сәбіз – 10 мамыр-5 маусым аралығы (қысқы сақтауға);
  5. Асханалық қызылша -1 сәуір-1 мамыр аралығы;
  6. Қырыққабат- 5-20 сәуір аралығы (ерте пісетін сорттардың көшетін отырғызу), 25 сәуір – 5 мамыр аралығы (орта пісетін сорттар),20-25 мамыр аралығы (кеш пісетін сорттардың көшетін отырғызу):
  7. Қызанақ 5-15 мамыр аралығы (көшет отырғызу);
  8. Тәтті бұрыш, баялды (баклажан)-10-25 мамыр аралығы;
  9. Қияр 5-20мамыр аралығы (тұқыммен егу);
  10. Асқабақ,кәді,патиссон-10-25 мамыр аралығы;
  11. Қарбыз,қауын 10-25 мамыр аралығы.

Сонымен қатар, аталған дақылдардың тұқымын егерде және көшетін отырғызарда сол кезеңде Қапшағай өңірінде қалыптасқан ауа-райын ескеру қажет.

1.     Күздік бидай - 15 қыркүйек -10 қазан аралығы;

2.     Жаздық арпа- 25 наурыз-15 сәуір аралығы;

3.     Дәндік жүгері- 20 сәуір- 10 мамыр аралығы (буданның пісу мерзіміне қарай);

4.     Сүрлемдік жүгері- 20 сәуір-10 мамыр аралығы(буданның пісу мерзіміне қарай);

5.     Қант қызылшасы- 10 сәуір- 30 сәуір аралығы;

6.     Майбұршақ - 20 сәуір- 5 мамыр аралығы;

7.     Мақсары- 1сәуір - 15 сәуір аралығы;

8.     Жоңышқа - 1сәуір- 20 сәуір аралығы.

Хабарламаға сәйкес қосымша ақпараттар мына мекенжай бойынша беріледі: Қапшағай қаласы әкімдігі Жамбыл көшесі, 13 «Қапшағай қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ –сі (506 бөлме).

/10:00 19.02.2016 ж./


Қапшағай қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі

Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .