Kapshagay.gov.kz

Өсу, реформа, даму
Елбасының Қазақстан халқына Жолдауын
насихаттау туралы ақпарат

Главная




Елбасының «Қазақстан жаңа жаһандану жолында: өсу, реформа, даму»Қазақстан халқына Жолдауы біздің еліміздің тәуелсіздік алғаннан бергі жетістіктерін саралаған және өтпелі кезеңдегі нәтижелерді талдаған, алдағы экономикалық, әлеуметтік және саяси жаңғыртудағы басты межелерді белгілеген басты оқиға болып табылады

Ұлт көшбасшысы дағдарысқа қарсы және құрылымдық жаңғыртуға байланысты бес бағытты жүзеге асыруды міндет етіп қойды. Осы орайда қаржы секторын тұрақтандыру, бюджет саясатын оңтайландыру, жекешелендіру және экономикалық бәсекелестікті ынталандыру, жаңа инвестициялық саясаттың негіздері және жаңа әлеуметтік саясат ескерілген.

Кітапханадағы ақпараттық-насихаттық жұмыста көпшілік іс-шаралар басты орын алады. Қаламыздағы колледждердегі жастар арасында Жолдаудың негізгі бағыттарын түсіндіруге арналған «Елбасы Жолдауы – басты бағыттар», «Жолдау жолдарынан», «Елбасы Жолдауы – келешек ұрпақты қолдау» тақырыптарында ақпараттық сағаттар ұйымдастырылды. Кітапхана қызметкерлері Жолдаудың мазмұны мен дағдарысқа қарсы шаралардың басым бағыттарын таныстырды. Оқырмандарды әсіресе құжаттағы әлеуметтік және жастар саясаты қызықтырды.

Кітапхана оқырмандары арасында өткен «Елбасы Жолдауындағы басым бағыттар» тақырыбында саяси ақпараттық сағатта қатысушыларға талқылау үшін Елбасы Жолдауындағы ең мағыналы тұстары, соңғы он жылдағы өзгерістер мен жетістіктер қандай деген сұрақтар ұсынылды. Шара барысында Елбасы мен үкімет қабылдаған дағдарысқа қарсы шаралары, қазіргі білім жағдайы мен ұлт өміріндегі оқу мәселелері қызықты пікірталас тудырды.

Елбасы жастарды ұмытпай, еліміздің келешегіне үлкен маңыз береді. 2017 жылы жастар үшін техникалық білім тегін болады. Оған қатысу, әсіресе, жас қазақстандықтарға олардың өмірлерінде кәдеге асатын еңбек дағдыларын алуға жағдай жасайды.

Елбасының Қазақстан халқына Жолдауы мемлекеттің азаматтарын толғандыратын көптеген сұрақтарына жауап берген құжат болды.

Жалпы осы Жолдау арқылы экономикамыздың өсіп-өркендеп, әлеуметтік жағдайымыздың, еліміздің жаңаша өркендейтініне сеніміміз мол.

 

 

/12:55 03.02.2016 ж./


Тiлдердi дамыту бөлiмi

Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .