Kapshagay.gov.kz

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай,
«Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз» атты салтанатты жиыны

Главная


Өткеніңді білмей болашаққа жол жоқ дегендей, сонау 1986 жылға оралсақ, желтоқсанның ызғарлы аязына төтеп беріп, ұлт мүддесі үшін қасық қаны қалғанша шайқасып, қыршыннан қиылған жастарымыз қаншама. Қайраттай қайсар ұлдарымыз бен Лязаттай «ер жүрек», «батыл да», «өжет» қыздарымыз ел жадында мәңгі анық. Елім деген ер болмаса, ерім деген –ел қайдан болады демекші, елім деп соққан жастарымыздың жұдырықтай жүректері мен өжеттілігінің арқасында ата-бабамыз сан ғасырлар бойы аңсаған Тәуелсіздікке қол жеткіздік. Тәуелсіз елдің ұландары – елім деп ұрандап көк аспан астында 24 жыл өмір сүріп келеді. 24 жыл ішінде Тәуелсіз қазақ елі 50 үздік мемлекеттің қатарына кіріп, ашса азуы көрінетін алпауыт елдермен терезесі теңелді. Бұл әрине елбасының жаңа реформаларының арқасында. Бүгінде 16 желтоқсан Тәуілсіздік күні –мемлкеттік маңызы бар мерекелердің бірі.

Қапшағай қаласы да бұл мерекені тойлауда қалыс қалған жоқ. Қапшағай қалалық мәдениет үйінде қала әкімінің қатысуымен салтанатты жиын 15 желтоқсанға белгіленіп, қала әкімінің елге жолдаған ыстық сәлемдемесі тыңдалып, бір қатар қоғамдық белсенділер марапатталып арты концерттік кешке ұласты. Кеш барысында жастарды патриоттық сезімге баулитын әндер шырқалып жиын қонақтары жақсы тілекпен тарқасты. Әрдайымда еліміз аман-жұртымыз тыныш бауырымыз бүтін төрт көзіміз түгел болсын ағайын.

/10:22 18 Қаңтар 2016 ж./


Қапшағай қаласының мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi

Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .