Kapshagay.gov.kz

2015 жылғы 5-7 қараша күндері Алматы қаласы мен облыс өңірлерінде орналасқан мәдени-тарихи құндылығы бар жерлерге мұғалімдер және оқушылар саяхат туралы мәлімет

Главная


«Азбука мудрости» теперь в Капшагае

    Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013-2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жөнінде, Алматы қаласындағы көркем - тарихи жерлерге саяхат жасауға Қапшағай қаласы мен аймағындағы білім беру ұйымдарының 6 – 8 сыныптардың арасынан іріктеліп алынған 11 оқушымен қатар №11 орта мектеп директорының тәрбие орынбасары А.Шолахов, №2 орта мектеп директорының орынбасары А.Оразбаева қатысып қайтты.

    Саяхаттың мақсаты: Дарынды оқушыларды ұлтымыздың мәдени – тарихи құндылықтарымен таныстыру

    Оқушыларға «28 Панфилов» паркіне және сұрапыл соғыста қаза тапқан батырларымыздың рухына арналған ескерткіштер мен батырларымыздың рухына арналған «Мәңгілік от» алауы, Тұңғыш Президент паркі аралатып естелік суреттерге түсірілді.

    Ұлттық аспаптар мұражайы, «Арман» кино театры, балаларға арналған «Менің жақын достарым» тақырыбындағы мультфильмді тамашалау мен қатар мұражайда оқушыларды әр ұлттың тарихымен таныстыра отырып, рухани адамгершілікке тәрбиелеу бағыттары көрсетілді.

    Осы саяхатты ұйымдастыруға қалалық білім бөлімін тарапына 330 мың теңге қаражат жұмсалды.

    Біз үшін, бала күлкісінен артық ешнарсе жоқ. Оқушылар осы 3 күн ішінде өздерін бақытты сезінгендерін жеткізді. Бұл күндер балалық шақтың естелігі ретінде мәңгілік есте қалмақ.

 

 

/15:23 27 қараша 2015 ж./


Бiлiм бөлiмi

Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .