Kapshagay.gov.kz

Қапшағай қаласының мемлекеттік тілді оқыту орталығы Қазақстан Республикасында Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру

Главная


Қапшағай қаласының мемлекеттік тілді оқыту орталығы Қазақстан Республикасында Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысында жасалынған Алматы облысы әкімдігінің 2014-2016 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарымен жұмыс істейміз.

Орталықтың жылдық жоспарына сай мемлекеттік қызметшілерге, халықтың әр жастағы тобына мемлекеттік тілді оқытуға жағдай жасалынып, әдістемелік көмек көрсетіліп,жаңа технология үлгілерін тиімді пайдалана отырып, мемлекеттік тіл жүйелі оқытылуда.

Сонымен қатар, орталық тыңдаушылары арасында жоспарға сай іс-шаралар өткізіліп тұрады. Ақпан айында «Менің Отаным-Қазақстан» тақырыбында әдеби-музыкалық кеш «Поэзия патшалығы»қазақ жырларының қағаны ақын жыршылармен кездесу. Ел рәиіздерін сақтайық атты тыңдаушылар арасында күнделікті сабақтар,Наурыз мерекесіндегі жөн-жосықтар мен әдет-ғұрыптар, сәуір айында «Тілдің мерейі-елдің мерейі» дәстүрлі сайыс сабақ өткізілді.Бірінші мамыр күніне арналған өзге ұлт өкілдерімен «Достығымыз жарасқан» және дос өмірімен қымбат аралас сабақтар өтілді. «Білім көзі кітапта» тыңдаушылар қаншалықты кітап оқитындарын саралап отырамыз. «Салт-дәстүрімізді білеміз бе?» «Мамандық таңдау», «Әлемнің шырағы-ұстаз», «Жүзден жүйрік,мыңнан тұлпар» тақырыптарында іс-шаралар мен күнделікті сабақтар жоспарына сай жұмыстар жүргізіп отырамыз.

Орталық қызметкерлері облыстық тіл дамыту басқармасы мен тіл оқыту орталығымен тығыз байланыста болып, қажетті мәліметтер алып, әр түрлі семинарларға қатысып отырады.

Атап айтқанда, 2015 жылдың 10 сәуірінде Астана қаласында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасры Бердібек Сапарбаевтың жүргізуімен өткізілген «Тіл татулық тірегі» атты республикалық кеңеске орталық директоры қатысып қайтты.

2015 жылдың қаңтар айынан бастап 80 тыңдаушы қабылданып мемлекеттік қызметкерлер 50тыңдаушы. Жылдың екінші жартысына Қапшағай гарнизоны Әскери қызметкерлермен жұмыстар жүргізіліп отыр.

2013 жылдан бастап, қазақ тілін оқыту «Ұлттық тестілеу орталығы» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны әзірлеген 5 деңгейлік қазақ тілін оқытуға арналған типтік оқу - әдістемелік кешені бойынша жасалған ҚазТЕСТ жүйесі жоспар бойынша жүзеге асырылуда. Әр саладғы қызметкерлерге байқау сынағын тапсыру барысында түсініктеме жұмыстары жүргізіліп арнайы жасалынған кестелерге сай сынақ тапсыруда.

2015 жылғы ҚАЗТЕСТ бағдарламасы бойынша қаңтар-ақпан аралығы - Халық банкі қызметкерлері және № 32363, №68602 әскери бөлім қызметкерлері барлығы 1020 адам А1-125, В2-180, В1-360, А2-305, С1-50 адам байқау сынағын тапсырса, наурыз-сәуір аралығында 1300 адам байқау сынағынан өтті, олар Қапшағай көркейту мен Қапшағай электросервис мекемелері қызметкерлері және №65476. №86621, №64192 әскери бөлім қызметкерлері А1-400, В2-100, В1-380, А2-250,С1-170.

Бағдарламада көзделінген мемлекеттік тілдің дамуының басымдылығына қол жеткізу үшін тіл « Мемлекеттік тілді оқыту орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны ретінде өз жұмыстарын жалғастырған жағдайда іске асады.

/18:12 17 қараша 2015 ж./

 


Қапшағай қаласының мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi

Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .