Kapshagay.gov.kz

Қапшағай қалаының 2015 жылғы 9 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы ақпарат

Главная


2015 жылдың 9 айында қаланың әлеуметтік-экономикалық тұрғыда дамуы өңірдің 2011-2015 жылдар аралығына арналған даму Бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылды және төмендегідей көрсеткіштермен сипатталады:

Бюджетке түскен салықтар мен басқа да міндетті төлемдер 2015 жылдың 9 айында 10414,4 млн.теңгені құрап, жоспар 108,9%-ға орындалды.

Республикалық бюджетке 7624,0 млн.теңге қаражат түсіп, жоспар 102,8 %-ға орындалды.

Жергілікті бюджетке түсетін салықтар 2790,4 млн.теңгені құрап, жоспар 129,8%-ға орындалды.

Қала бюджетінің шығыстар бөлігі 99,0%-ға орындалып, 4854,6 млн.теңге шығыстар қаржыландырылды.

Өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда бюджетке берешек 30,2% төмендеп, 441,9 млн. теңгені құрады.

2015 жылдың 9 айында негізгі капиталға 16651,8 млн.теңге инвестиция тартылды. Инвестициялар жеке мекемелер мен халықтың үлесі 18,0%, бюджеттік қаражаттар 81,6%, заемдық қаржылар 0,4 % құрады.

Қаланың өнеркәсіптік кәсіпорындары 2015 жылдың 9 айында жалпы сомасы 24020,2 млн.теңгенің өнімін өндірді. Нақты көлем индексі 109,1%-ға жетті. 2015 жылға жоспарланған көлем 37807,0 млн.теңгені құрайды.

Өңдеу өнеркәсібінің үлесі 70,6 пайызды құрап, 16960,0 млн.теңгенің өнімі шықты. Нақты көлем индексі 119,5%-ға жетті.

2015 жылдың 9 айдағы қорытындысы бойынша «АЗОК» ЖШС-гі, «Жерсу металл» ЖШС-гі, «Полимерметалл - Т» ЖШС-і, «АЯМ» ЖШС-гі, «Агро Фит Капшағай» ЖШС-гі өндіріс көлемдерін арттырды.

Қапшағай қаласы мен ауылдық округтерде 3350 шағын және орта кәсіпкерлікпен айналысатын объектілер өз қызметтерін жүзеге асыруда. Шағын және орта кәсіпкерлікпен белсенді түрде айналысатындардың саны 14409 адамға жетті. Шағын кәсіпкерлік саласынан бюджетке түскен жалпы салықтық төлемдердің көлемі 1852,1 млн.теңгені құрады.Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің өндірген өнім көлемі 9143,2 млн.теңгені құрады. Ол жергілікті бюджетке түсімдердің 18,0 пайызын құрайды.

Ауылшаруашылығы саласында 2015 жылдың 9 айында жалпы өнім көлемі 6435,6 млн.теңгені құрады. Нақты көлем индексі 101,9%-ға жетті.

2015 жылы дәнді дақылдарды өсіру үшін 1650 гектар егістікте ылғал сақтау технологиясы, 1200 гектар алқапта тамшылатып суару технологиясы қолданылды.

Құрылыс жұмыстарының жалпы көлемі 10274,1 млн.теңгені құрады немесе 2014 жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 164,5% құрады. 2015 жылдың 9 айында 15,2 мың шаршы метр тұрғын үй қолданысқа берілді. Өткен жылдың сәйкес мерзіміне қарағанда салынған үйдіңкөлемі 185,7% құрады.

2015 жылдың 9 айында жұмыспен қамту бөліміне 1095 жұмыссыз азаматтар жүгінген, жұмыспен қамту бөлімінің қатысуымен 637 адам жұмысқа орналастырылды. Жаңа 1777 жұмыс орны ашылды.

Қоғамдық жұмыстарға 21 жұмыс түрінен 411 адам жіберілді, оның ішінде 196 ауылдық жерлерден.

Келесі атаулы әлеуметтік көмектер түрлері көрсетілді:

Кедейшілік шегінен төмен тұратын 58 адамға 1763,1 мың теңге мөлшерінде атаулы әлеуметтік көмек төленді.

18 жасқа дейінгі балалары бар аз қамтылған отбасыларынан 256 балаға жәрдемақы 2883,6 мың теңге төленді.

Тұрғын үй көмегі 568 жанұяға 11183,0 мың теңге төленді.

Мүгедек балаларды үйде тәрбиелеп, оқытатын отбасыларына 34 адамға 868,2 мың теңге көлемінде төленді.

Туберкулезбен ауратын 29 адамға 1082,1 мың теңге көлемінде әлеуметтік көмек көрсетілді.

Қайырымдылық көмек барлығы 51 адамға 4600,0 мың теңге көлемінде көрсетілді.

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасынан 25 жолдама бөлінген, 15 қол арба, 16 мүгедек протездік-ортопедиалық көмек алды. Міндетті гигиеналық құралмен 104 мүгедек қамтамасыз етілді.

«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» арқылы өтетін нысаналы топтарды қамту жоспарындағы 1344 қатысушылардың 1089 қамтылды немесе 81,0%.

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша 4 жас маманға сомасы 554,9 мың теңге болатын көтерме жәрдемақы төленді, 4 жас маманға сомасы 11892,0 мың теңге бюджеттік кредит берілді.

2010-2014 жылдарға арналған «Балапан» бағдарламасы аясында қалада және аймақта 7 мемлекеттік, 1 жеке меншік мектепке дейінгі мекеме жұмыс істейді. Олардағы балалар саны 1780. Мектептер жанынан ашылған 9 шағын орталықтарда 632 бала, барлығы 2358 бала мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеумен қамтылып, көрсеткіш деңгейі 83,1%-ды құрайды. Қалада жалпы білім беретін 15 мектеп, 9 шағын орталықтар жұмыс жасауда. Жалпы білім алушылар саны 9085 оқушыны құрады.

2015 жылы Ұлттық бірыңғай тестілеудің орташа көрсеткіші 95,95 балды құрады. ҰБТ тапсыру қорытындысы бойынша Қапшағай қаласы Алматы облысында 1-ші орынды иемделді.

2015 жылдың 9 айында 36898 адам скринингтік тексеруден өтті. Оның 335 диспансерлік тіркелімге алынды. Жалпы сырқаттану төмендеді және туу саны артты.

Күндізгі стационарда емделгендердің саны 2495 адамды құрады, ал тәуліктік статционарда 3609 науқас емделді. Диспансерлік тіркелімдегі науқастарға дәрі-дәрмектерді тегін тарататын дәріхана жұмыс жасауда.

2015 жылдың 9 айда амбулаториялық деңгейде ауруханаға 87,3 млн.теңгеге дәрі-дәрмек сатып алынды және 77,6 млн.теңгеге дәрі-дәрмек аурулаға тегін берілді. Қалалық аурухананың материалды-техникалық жарақталуы 84,0% құрайды.

Қапшағай қаласында екі филиалы бар кітапхана және 230 орындық Қапшағай, Шенгелді Мәдениет үйі жұмыс істейді.

2015 жылдың 9 айында 40 қалалық және 12 облыстық жарыстар өткізілді. Республикалық және қалааралық жарыстарда 153 медаль иеленді, оның 32 алтын, 52 күміс, 69 қола, ал 52 спортшы Қазақстан Республикасының құрамына кірді.

2015 жылдың 9 айлық көрсеткіші бойынша ақылы қызметтің көлемі 425,0 млн.теңгені құрады.

2015 жылдың 9 айда барлығы 1220 қылмыс саны тіркелген, 2014 жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 14,0 пайызға артқан.

Нашақорлық пен темекі шегудің алдын алу мақсатында оқу орындарында «Жастар есірткіге қарсы», «Есірткіге жол жоқ» тақырыбына лекциялар мен әңгімелер өткізіліп, бейне роликтер үнемі көрсетіледі. Қаланың қылмыстық жағдайын сауықтыру бойынша қабылданған шаралар аясында «Жасөспірім», «Мектеп кештері», «Түнгі қаладағы балалар», «Отбасы және балалар» іс-шаралары өткізілді. Жасөспірімдердің жиналатын жерлерін анықтау мақсатында рейдтік тексерулер жүргізілді.

Қоғам қауіпсіздігін орнату мақсатында және қылмыстардың алдын алу үшін қала бойынша 8 бейне бақылау камералары жұмыс жасауда.

Қазіргі уақытта жедел басқару орталығының қурылыс жумыстары жүргізілуде.

/16:33 06 қараша 2015 ж./

 


Қапшағай қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі

Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .