Kapshagay.gov.kz

«Қапшағай қаласы әкімінің қалалық мәдениет үйі» МКҚК өткізілген мәдени іс-шаралар туралы ақпарат

Главная


«Азбука мудрости» теперь в Капшагае

17 қазанда Алматы қаласының «Астана» алаңында Алматы облысының ауылшаруашылық жәрмеңкесіне Қапшағай қаласының «халықтық» ансамбльдері және қала өнерпаздары қатысып алматылықтарға өз өнерлерін көрсете білді.

20 қазанда «Қапшағай қаласының көпсалалы үздіксіз білім беру колледжінің мәіжіліс залында Қазақстан халық Ассамблеясының 20 жылдығына орай «Тілі басқа -тілегі бір, жүзі басқа – жүрегі бір» өзге ұлт өкілдері арасында көркемсөз оқуларынан байқау ұйымдастырылды. Байқауға 10 үміткер қатысып, 1 орынды көпсалалы үздіксіз білім беру колледжінің 1 курс студенті Ходыкина Полина жеңіп алды.

22 қазанда Қалалық мәдениет үйінде «Біз бақытты жанұя» атты үздік жанұя байқауы «Қапшағай самға» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткізілді. Отбасы  адам баласының түп тамыры, жер бетіндегі саялы бағы, меншікті мекені, алтын ұясы. Үлкен мемлекеттің тағдыры «кіші мемлекеттердің» тағылымына байланысты қалыптасады, бет келбеті айқындалады. Отбасы отауының керегесі  қорғаны, уығы  сенімі, шаңырағы  махаббаты, сыртқы жабуы  парасаты, ішкі жасауы  салтанаты. Байқауға қатысқан әр отбасы жоғарғы деңгейдегі дайындығымен келгенін көрсете білді. Жеңімпазды анықтау оңайға түскен жоқ. Байқауға келген отбасылардың барлығы жеңіске лайықты. 
Үміткерлер ән салып, би билеп, бір-біріне дес бермеді. Дегенмен, байқау көрсеткендей, қатысушылар көпшілікті достыққа, махаббат пен шаттыққа үндеді.
Шараның ұйымдастырушылары байқауға келген барлық көпшіліктің көңілін табуға тырысты.

Ежелден жылқы мінезді қазақ халқы ат құлағында ойнап бәйге десе ішкен асын жерге қоятыны анық. 24 қазан күні орақ тілді, от ауыз ақынымыз Сүйінбай Аронұлы бабамыздың 200 жылдық мерейтойына орай облыс көлемінде додалы бәйге өтті. Аталмыш іс-шараның басты мақсаты қала, аудан өнерпаздарының басын қосып сөздің пірі Сүйінбай бабамыздың жырларын, ақындық қасиетін өскелең ұрпаққа дәріптеп насихаттау болып табылады. Қазақ елінің тарихында өзіндік орны бар Сүйінбайдай бабамыздың құрметіне ұйымдастырылған бәйге жетісу жұртшылығын зор ілтипатқа бөлеп бабамызың шөпшек-неменелерінің батасы беріліп шабандоздарымызға бес ауқымды жүлде тағайындалып, көрермен қауыммен қатысушыларымызды жеңіске деген жігерге жетелей білді.

/17:41 03 қараша 2015 ж./

 


Тiлдердi дамыту бөлiмi

Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .