Kapshagay.gov.kz

Облыстық «Үздік балабақша-2015»


Негiзгi>

 

 

2015 жылдың 23 қыркүйек күні Алматы облысы білім басқармасының ұйымдастыруымен өткізілген «Үздік балабақша-2015» байқауына «Гүлдер» балабақшасы қатысып, жеңімпаз атанды.

Современное дошкольное образование

Бүгінгі күні мектепке дейінгі мекемелерге, балаларға заманауи озық оқыту технологиялар негізінде сапалы білім, саналы тәрбие беру жұмыстарды жүзеге асыру мемлекетіміздің басты назарында.

Өткізілген байқау мектепке дейінгі ұйымдардың жаңашыл үлгісін анықтауға, озат педагогикалық тәжірибені таратуға, насихаттауға, педагогикалық бастамаларды ынталандыруға және тәрбиешілердің беделін көтеруге бағытталған.

Балабақша ұжымы өздерінің жұмыстарының жай-күйі, бағыт-бағдары, перспективалары туралы баяндап, көрініс арқылы көрсетті.

Современное дошкольное образование

Балабақша әдіскері Джанбатырова Саулеткүл Мырзахметқызы балабақшадағы әдістемелік жұмыс жүйесінің инновациялық бағыттарын көрсетіп, жобалық жұмыстың жүргізілу барысының, эксперимент жұмыстарының жұмыс нәтижесіне тоқталып, практикалық маңыздылығын айтып өтті.

«Гүлдер» балабақшасының меңгерушісі Сасенова Наркес Армияқызы педагогикалық ұжымының халықаралық, республикалық, облыстық және қалалық кәсіби жетістіктерін және шығармашылық табыстарын анықтайтын балабақша Портфолиосын қорғады. Ұсынылған материалдардың толықтығы, дәділдігі мен мазмұндылығы өте жоғары бағаланды.

Қазылар алқасының шешімі бойынша «Қапшағай қаласы әкімдігінің «Гүлдер» балабақшасы «Үздік балабақша-2015» байқауының жеңімпазы атанып, облыстағы мектепке дейінгі ұйымдар арасында жоғары кәсіби шығармашылықпен жұмыс жасайтын мекеме деп танылды.

Облыстық «Үздік балабақша-2015» байқауының жеңімпазы «Гүлдер» балабақшасының ұжымын құттықтай отырып, шығармашылық табыс тілейміз!

 


«Қапшағай қалалық білім бөлімі»

Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .