Kapshagay.gov.kz

Қапшағай қалас ының 2015 жылғы 6 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы ақпарат


Негiзгi>

 

   2015 жылдың I жартыжылдығындағы қаланың әлеуметтік-экономикалық тұрғыда дамуы өңірдің 2011-2015 жылдар аралығына арналған даму Бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылды және төмендегідей көрсеткіштермен сипатталады:

   Бюджетке түскен салықтар мен басқа да міндетті төлемдер 2015 жылдың I жартыжылдығында 6850,7 млн.теңгені құрап, жоспар 105,8%-ға орындалды.

   Республикалық бюджетке 4959,5 млн.теңге қаражат түсіп, жоспар 100,7 %-ға орындалды.

   Жергілікті бюджетке түсетін салықтар 1891,2 млн.теңгені құрап, жоспар 122,1%-ға орындалды.

   Қала бюджетінің шығыстар бөлігі 99,6%-ға орындалып, 2810,7 млн.теңге шығыстар қаржыландырылды.

   Өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда бюджетке берешек 1,7 есеге төмендеп, 374,8 млн. теңгені құрады.

   2015 жылдың I жартыжылдығында негізгі капиталға 9504,8 млн.теңге инвестиция тартылды, алдыңғы жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 118,8 %-ды құрады. Инвестициялар жеке мекемелер мен халықтың үлесі 22,8%, бюджеттік қаражаттар 76,5%, заемдық қаржылар 0,7 % құрады.

   Қаланың өнеркәсіптік кәсіпорындары 2015 жылдың I жартыжылдығында жалпы сомасы 14235,7 млн.теңгенің өнімін өндірді. Нақты көлем индексі 87,3%-ға жетті. 2015 жылға жоспарланған көлем 37807,0 млн.теңгені құрайды.

   Өңдеу өнеркәсібінің үлесі 70,5 пайызды құрап, 10037,7 млн.теңгенің өнімі шықты. Нақты көлем индексі 93,5%-ға жетті.

   2015 жылдың I жартыжылдығы қорытындысы бойынша «АЗОК» ЖШС-гі, «Жерсу металл» ЖШС-гі, «Полимерметалл - Т» ЖШС-і, «АЯМ» ЖШС-гі, «Агро Фит Капшағай» ЖШС-гі өндіріс көлемдерін арттырды. 2015 жылдың шілде айында «Капшағайхиммонтаж» ЖШС-нің тастарды өңдеу зауыты іске қосылды. 140 жаңа жұмыс орны мен 700,0 млн.теңге инвестиция тартылды.

   Қапшағай қаласы мен ауылдық округтерде 3308 шағын және орта кәсіпкерлікпен айналысатын объектілер өз қызметтерін жүзеге асыруда. Шағын және орта кәсіпкерлікпен белсенді түрде айналысатындардың саны 14348 адамға жетті. Шағын кәсіпкерлік саласынан бюджетке түскен жалпы салықтық төлемдердің көлемі 1465,8 млн.теңгені құрады.Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің өндірген өнім көлемі 7057,0 млн.теңгені құрады. Ол жергілікті бюджетке түсімдердің 21,4 пайызын құрайды.

   Ауылшаруашылығы саласында 2015 жылдың I жартыжылдығындағы жалпы өнім көлемі 1821,3 млн.теңгені құрады. Нақты көлем индексі 102,5%-ға жетті.

   2015 жылы дәнді дақылдарды өсіру үшін 1650 гектар егістікте ылғал сақтау технологиясы, 1200 гектар алқапта тамшылатып суару технологиясы қолданылды.

    Құрылыс жұмыстарының жалпы көлемі 3141,0 млн.теңгені құрады немесе 2014 жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 154,9% құрады. 2015 жылдың I жартыжылдығында 14,1 мың шаршы метр тұрғын үй қолданысқа берілді. Өткен жылдың сәйкес мерзіміне қарағанда салынған үйдің көлемі % құрады.

   2015 жылдың I жартыжылдығында жұмыспен қамту бөліміне 580 жұмыссыз азаматтар жүгінген, жұмыспен қамту бөлімінің қатысуымен 350 адам жұмысқа орналастырылды. Жаңа 755 жұмыс орны ашылды.

   Қоғамдық жұмыстарға 21 жұмыс түрінен 295 адам жіберілді, оның ішінде 142 ауылдық жерлерден.

    Келесі атаулы әлеуметтік көмектер түрлері көрсетілді:

   Кедейшілік шегінен төмен тұратын 58 адамға 1376,8 мың теңге мөлшерінде атаулы әлеуметтік көмек төленді.

   18 жасқа дейінгі балалары бар аз қамтылған отбасыларынан 228 балаға жәрдемақы 1989,6 мың теңге төленді.

   Тұрғын үй көмегі 534 жанұяға 10083,1 мың теңге төленді.

    Мүгедек балаларды үйде тәрбиелеп, оқытатын отбасыларына 31 адамға 747,0 мың теңге көлемінде төленді.

   Туберкулезбен ауратын 27 адамға 725,4 мың теңге көлемінде әлеуметтік көмек көрсетілді.

   Ауған соғысына қатысқандар және Чернобыль апатынан зардап шеккен 143 адамға 3475,0 мың теңге көлемінде біржолғы әлеуметтік көмек көрсетілді.

   Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 70 жылдығына орай соғысқа қатысушыларға және мүгедектерге, тыл еңбеккерлеріне, соғыста қайтыс болғандардың жұбайларына және Ленинград қоршауында болған тұрғынға 17735,0 мың теңге көлемінде біржолғы әлеуметтік көмек көрсетіледі.

    Қайырымдылық көмек барлығы 619 адамға 2400,0 мың теңге көлемінде көрсетілді.

   Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасынан 20 жолдама бөлінген, 11 қол арба, 1 мүгедек протездік-ортопедиалық көмек алды. Міндетті гигиеналық құралмен 100 мүгедек қамтамасыз етілді. >

   «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» арқылы өтетін нысаналы топтарды қамту жоспарындағы 1344 қатысушылардың 675 қамтылды немесе 50,2%.

   «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша 4 жас маманға сомасы 554,9 мың теңге болатын көтерме жәрдемақы төленді, 4 жас маманға сомасы 11892,0 мың теңге бюджеттік кредит берілді.

   2010-2014 жылдарға арналған «Балапан» бағдарламасы аясында қалада және аймақта 7 мемлекеттік, 1 жеке меншік мектепке дейінгі мекеме жұмыс істейді. Олардағы балалар саны 1753. Мектептер жанынан ашылған 9 шағын орталықтарда 605 бала, барлығы 2358 бала мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеумен қамтылып, көрсеткіш деңгейі 83,1%-ды құрайды. Қалада жалпы білім беретін 15 мектеп, 9 шағын орталықтар жұмыс жасауда. Жалпы білім алушылар саны 8608 оқушыны құрады.

   2015 жылы Ұлттық бірыңғай тестілеудің орташа көрсеткіші 95,95 балды құрады. ҰБТ тапсыру қорытындысы бойынша Қапшағай қаласы Алматы облысында 1-ші орынды иемделді.

    2015 жылдың I жартыжылдығында 23542 адам скринингтік тексеруден өтті. Оның 320 диспансерлік тіркелімге алынды. Жалпы сырқаттану төмендеді және туу саны артты.

   Күндізгі стационарда емделгендердің саны 1682 адамды құрады, ал тәуліктік статционарда 2418 науқас емделді. Диспансерлік тіркелімдегі науқастарға дәрі-дәрмектерді тегін тарататын дәріхана жұмыс жасауда.

   2015 жылдың I жартыжылдығында амбулаториялық деңгейде ауруханаға 74,9 млн.теңгеге дәрі-дәрмек сатып алынды және 50,1 млн.теңгеге дәрі-дәрмек аурулаға тегін берілді. Қалалық аурухананың материалды-техникалық жарақталуы 84,0% құрайды.

   Қапшағай қаласында екі филиалы бар кітапхана және 230 орындық Қапшағай, Шенгелді Мәдениет үйі жұмыс істейді. Есептік кездесуде 89 мәдени көлемдік іс-шаралар мен байқаулар өткізілді. Қапшағай қаласының мәдениет үйінде 8 үйірме бар, онда 188 адам, Шенгелді мәдениет үйінде 3 үйірме онда 40 адам қамтылған.

    Қапшағай қаласында барлығы 158 спорт секциясы және 17 спорт зал, 8 жүзу бассейні, 3 тенис корты және 96 жазықтық құрылыстар бар. Жас өспірім мектебінде 16 спорт түрі бар, оған 1533 адам қатысады. Спортпен тұрақты шұғылданатындардың саны 2015 жылғы 6 айда 15352 адамды құрады.

2015 жылдың I жартыжылдығында 25 қалалық және 12 облыстық жарыстар өткізілді. Республикалық және қалааралық жарыстарда 101 медаль иеленді, оның 22 алтын, 30 күміс, 49 қола, ал 52 спортшы Қазақстан Республикасының құрамына кірді.

   Қапшағай қаласында 185 ішкі құрылым туризімінің нысаны жұмыс жасауда, оның ішінде 172 демалыс базалары. 2015 жылдың 6 айлық көрсеткіші бойынша ақылы қызметтің көлемі 170,0 млн.теңгені құрады.

   2015 жылдың I жартыжылдығында барлығы 842 қылмыс саны тіркелген, 2014 жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 27,6 пайызға артқан.

Қоғам қауіпсіздігін орнату мақсатында және қылмыстардың алдын алу үшін қала бойынша 8 бейне бақылау камералары жұмыс жасауда. Қазіргі уақытта жедел басқару орталығының қурылыс жумыстары жүргізілуде.

/14:02 21 Тамыз 2015 г./

 


"Қапшағай қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі"

Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .