Kapshagay.gov.kz

Қапшағай қаласында тағы бір әлеуметтік нысан – 280 орынға арналған балабақша салынады


Негiзгi>

 

Қапшағай қаласы тұрғындарының балабақшаға мұқтаждығын қамтамасыз ету үшін ағымдағы жылдың наурыз айынан бастап бюджеттік бағдарлама аймағында 1 жастан 6/7 жасқа дейінгі балалар үшін күндізгі 280 орындық балабақшаның жобалау жұмыстары басталады. Жоба өңдеу жұмыстары жерге байланған типтік жоба бойынша іске асырылады. Мемлекеттік сатып алулар мен келісім шарт негізінде жобалау ұйымы Алматы қаласының «Саулет и К» ЖШС болып табылады. Қапшағай қаласы, «Демалыс» саябақ аймағы, №6 «Б» учаскесіндегі жалпы ауданы 1,30 га жер учаскесі алдын ала бөліп берілді. Жобаның басталуы 2014 жылдың желтоқсан айы, аяқталу мерзімі 2015 жылдың 30 маусымына дейін.

Газификация Алматинской области Жобада 280 орынға арналған 13 жекеленген ұяшықтан тұратын екі қабатты балабақша қарастырылған. Барлық топтық ұяшықтар бірінші қабатта орналасады, оның ішінде: ойын бөлмесі, оқу және ас бөлме, ұйықтау орны, киім ауыстыратын бөлме және т.б. тұратын балалардың күндізгі мекендеуіне және тәрбиелік жұмыстарды жүргізуге арналған арнайы жиһаздар мен құрылғылармен жабдықталады.

Екінші қабатта спорттық құрал-жабдықтар мен музыкалық аспаптармен жабдықталған гимнастикалық және ән-күй сабақтарына арналған әмбебап зал орналастыру жобаланған.

Балабақша аймағында жас шамаларына қарай бөлінген 13 топтық алаңқайлар салу, көгалдандыру және абаттандыру жұмыстары қарастырылған.

280 орындық балабақшаның құрылысы 2016 жылға жобаланып отыр.

 

/14:02 07 Тамыз 2015 г./

 


"Қапшағай қаласының құрылыс бөлімі"

Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .