Kapshagay.gov.kz

2015 жылғы Қапшағай өңірінің ауыл шаруашылығы құрылымдарының көктемгі-далалық жұмыстарды жүргізу қорытындылары туралы мәлімет


Негiзгi>

 

Бүгінгі күнге Қапшағай қаласының жалпы ауылшаруашылығы мақсатындағы жер көлемі 118 161 га, оның ішінде 22001 га егістік жерлер, 11 862 га суармалы жер, жайылым жерлер 87102 гектарды алып жатыр.

Қапшағай қаласында ауылшаруашылығы өндірісінде 50 ауылшаруашылық құрылымдар мен 276 шаруа қожалықтары бар.

Ағымды жылы 9500 га суармалы егістік игерілді, игерілмегені 2362 га егістік жер, оның ішінде «Нұр агро» ЖШС-нің 1170 га егістік жері жаңадан қосылған су сорабының істемеуіне байланысты болып отыр және қалған 1192 га кешенді бұзылып, толық істен шыққан № 6 су сорабы аймағының суғарылуына кіретін егістік жерлер.

Қапшағай қаласы бойынша 2015 жылғы көктемгі егу жұмыстары агротехникалық талаптарға сәйкес уақытымен аяқталды. Ауылшаруашылық дақылдары 12720 гектар алқапқа егілді, оның ішінде суарылмайтын алқаптағы егіс құрамы 4939 гектарға, оның ішінде, биылғы жылдың өніміне 805 га күздік бидай, 2184 гектраға жаздық арпа және 1950 га майлы дақылдар. Ал алаңы 9500 га суармалы егістікте 2658 га көкөністер, майбұршақ 1060 га, 435 га картоп, 175 га бақша дақылдары және 2260 га мал азығы дақылдары егілді.

Биылғы жылы Шенгелді суармалы алқабында прогрессивтік технологияда тамшылатып суару әдісімен 1200 га көкөніс дақылдары егілді. Ал ылғал сақтау технологиясы 1650 га дәнді дақылдарға қолданылды. Көптеген егістіктерде технологияны қолдану, көкөніс дақылдарын және картоп жинау – жаңа өнімді ауылшаруашылық техникалармен, тракторлармен жүргізілді.

Өңірде ауылшаруашылық дақылдары жоғарғы өнім беретін сорттармен себілді. 805 гектар күздік бидай сапалы сортты «Стекловидная -24» тұқымымен егілді.

3025 гектар егістікте жаздық арпа Қазақстандық селекцияның «Байшешек» сорты пайдаланылып себілді. Майбұршаққа 1060 гектар алаңда «Мисула-1092», «Казахстанская 2309» сорттары пайдаланылды.

Голландиялық «Рейнджер», «Дайтона– F1», «Манас», «Мелодин», «Альбина» сорттарымен бас пияз отырғызылды. Көпжылдық мал азығына жоңышқа- 317 гектарға «Жергілікті Семиреченская» сортымен себілді.

Ауылшаруашылық құрылымдарға көктемгі егіс –дала жұмыстарын жүргізу үшін 280 тонна жанар май, оның литрін 84,0 тенге арзандатылған бағамен төлеп алу қарастырылып берілді.

Көкөніс, майбұршақ егістіктерінің шөп басуының алдын алуға гербициттер алу үшін «Алем АГРО», «Агро Юг» және «UKAZ» фирмаларымен АШТӨ-лер тарапынан шарт жасалынып, сатып алынды. Шаруашылықтармен бүгінгі күнге 4000 кг-ға дейін әртүрлі гербицидтер алынды. Ауылшаруашылық дақылдарының егіс алқабында жабайы шөп басуды жою өз уақытында сапалы атқарылуда.

Жылдың басынан бастап «ТЖН и К» ЖШС қосымша 328,3 млн.тенгеге Израильдік фирмадан тамшылатып суару технологиясы үшін инвестиция тартты. Сонымен қатар, 2015 жылы Қапшағай қаласының тауарөндірушілері 32,4 млн.тенгеге 27 бірлік ауылшаруашылық техникалар мен тракторлар қолдан алды.

Ауылшаруашылық өнімдерін өндіруде жоспарланған көлемді орындау мақсатында, Алматы облысының ауылшаруашылық басқармасына суармалы су қызметінің құнын арзандату үшін 14 су пайдаланушы ауылшаруашылық тұтынушы кооперативтерінен көлемі 71,2 млн м.3 суармалы суға 250,0 млн.тенгені субсидиялауға сұраныс жіберілді. Ауылшаруашылық дақылдарын суару үшін ағымды жылы мамыр айында Қапшағай су қоймасынан суармалы су көлемі 9,5 млн.м3 құрады, көрсетілген қызмет құны 71,2 млн.м3 соммасы 250,0 млн.тенге болды. Тауарөндірушілерге төленетін субсидия соммасы 45,0 млн.тенгені құрады. Барлық САТК мүшелерінің жинақтау реестрі қол қойылған және Алматы облысының ауылшаруашылық басқармасына қаражаттандыру үшін жіберілді.

Қажетті 2346 тонна минералды тыңайтқыштың нақты 42,3 млн.тенгеге 1230 тоннасы алынды, ол қажеттіліктің 52 % құрайды.

Ағымды жылдың басынан жоспарлы жұмыстарды қорытындылап қарағанда өңірдің ауыылшаруашылығын дамытудағы барлық жоспарланған көрсеткіш 100 % -дан жоғары. Ауылшаруашылық өнімдерінің түсімі 2015 жылдың қаңтар-мамыр айына 1253,7 млн.тенгені құрады, ол 2014 жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 357,2 млн. тенгеге көбірек немесе ИФО 103,7 пайызды құрап отыр. Статистикалық мәліметтермен Қапшағай қаласы бойынша 5 айда 1609,9 тонна сүт, 463,0 мың дана жұмыртқа өндірілді. Мал шаруашылығы барлық көрсеткіш бойынша былтырғы жылмен салыстырғанда жоғары. 2015 жылдың 1 маусымына ірі қара малының саны 8441 басты, қой мен ешкі 63282 басты, жылқы 1836 басты, шошқа 415 басты, барлық құс саны 29280 басты құрап отыр.

Қапшағай су қоймасының су деңгейінің былтырғы жылдан бастап күрт төмендеуіне байланысты (бүгінгі күнге орташа су деңгейі 476,5 м ал, 2014 жылы 477,9 м. болған) Алматы облысы әкімінің шешімімен ТЖ салдарын жою мақсатында облыстық қордан 100,0 млн.тенге қаражат бөлінді.

Бүгінгі күнге «Казгипроводхоз» жобалау институтымен келісім бойынша «Келет» фирмасы арқылы Ресейден № 2, № 3, № 4, № 5 су сораптарына Д-200021-А маркалы 11 су сорабы агрегаттары құрал-жабдықтарымен бірге әкелінді. Аталған агрегаттарды іске қосу үшін трансформаторлар сатып алынды. Су сораптарының иелерінің есебінен қосымша агрегаттар қою алаңдарын дайындау жұмыстары жүргізілуде. «Қапшагай Тұрғын Үй» ЖШС су сораптары жабдықтарын монтаждау жұмыстарына кірісті және келісім-шартта көрсетілген мерзімде аяқтайды.


"Қапшағай қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі

Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .