Kapshagay.gov.kz

Қалалық Махамбет оқуларының өткізілуі туралы


Негiзгi>

 

 

Қалалық білім бөлімінің жұмыс жоспарына сәйкес, оқушыларды ұлы ақын Махамбеттің рухани мұрасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу мақсатында 2015 жылдың 27 сәуірі күні сағат 14.00-де № 3 орта мектебінде қала мен аймақ мектеп оқушылары арасында қалалық Махамбет оқулары өткізілді.

Қалалық Махамбет оқулары үш бөлімнен тұрады:

1.«Ел құтқарар ер едім...» – Махамбет, Мұрат Мөңкеұлы, Шернияз Жарылғасұлы, Фариза Оңғарсынова шығармаларын жатқа оқу конкурсы. Қатысушы өзі жатқа білетін шығармалардың тізімін конкурс басталғанға дейін ұсынуы қажет (ақын шығармаларын көбірек жатқа білетін оқушыларға жоғары баға қойылды).

2. «Ұлы арман» – Махамбеттің күйлерін, Фариза Оңғарсынованың өлеңдеріне шығарылған әндерін орындаушылар конкурсы.

3. «Тартынбай сөйлер асылмын...» – жас дарындар конкурсы (өз шығармаларын орындау: өлеңдер, әндер, музыкалық шығармалар).

Махамбет оқуларына әр мектептен 5-11 сынып оқушыларынан 3 номинация бойынша 20 оқушы қатысты.

Қалалық Махамбет оқуларына қатысқан оқушылардың дайындаған шығармаларын тыңдай келе, қазылар алқасы төмендегідей шешімге келді:

1.     «Ел құтқарар ер едім...» номинациясы бойынша

1-     орын – Бакиров Нұрсұлтан, 8 сынып – №3 ОМ

2-     орын – Бельская Снежана, 9 сынып – №11 ОМ

Конкурс чтецов поэзии  Махамбета  среди  учащихся города Капшагай и региона

3-     орын – Жумашев Бағдаулет, 9 сынып – №4 ОМ

2.     «Ұлы арман» номинациясы бойынша

1-     орын – Бадуллаева Үміт, 7 сынып – №11 ОМ

2-     орын – Сулейменқызы Айғаным, 7 сынып – №4 ОМ

3-     орын – Әбіләкім Іңкәр, 8 сынып – №6 ОМ

3.     «Тартынбай сөйлер асылмын...» номинациясы бойынша

1      - орын – Наурызбекова Назым, 6 сынып – ОМГ

2      - орын – Маметай Өтеген, 8 сынып – №11 ОМ

3      - орын – Сейілхан Дархан, 9 сынып – №7 ОМ

 

Конкурс чтецов поэзии  Махамбета  среди  учащихся города Капшагай и региона Конкурс чтецов поэзии  Махамбета  среди  учащихся города Капшагай и региона

 

 

 


Қапшағай қалалың білім бөлiмi

Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .