Kapshagay.gov.kz

«Үздік бастауыш сынып-2015» байқауы туралы мәлімет


Негiзгi>

 

 

Қалалық білім бөлімінің жылдық жоспарына сәйкес, педагог кәсібінің мәртебесін көтеру, білім беру ұйымдарындағы шығармашылықпен жұмыс жасайтын мұғалімдерін анықтау мақсатында 2015 жылдың 18 сәуір күні қалалық «Үздік бастауыш сынып мұғалімі-2015» байқауы өткізілді.

pic

Байқау ІІІ турдан өтті. Бірінші турда бастауыш сынып мұғалімдері инновациялық технологияларды қолдану арқылы сабақтар көрсетті. Сабақтар жоғары деңгейде өтті.

Екінші турында бастауыш сынып мұғалімдері «Менің кәсіби таңдауым» тақырыбында эссе жазды. Өзін-өзі таныстыру көрініс, өлең, би, бейне баян арқылы жүргізілді. Жаратылыстану-математика пәндерінен мастер-класс көрсетті. Екінші турдың соңында әр мұғалім «Өзіндік жобалық жұмыстың жүргізілу барысы», «бастауыш сыныптағы эксперимент жұмыстары» немесе «Әдістемелік тақырып бойынша жұмыстардың жүргізілу барысы» тақырыптарының біреуін қорғады. Қорғаған тақырыптары өзектілігі, уақытқа сәйкестігі, авторлық көзқарасы мен тұжырымдамалық идеяның бар болуы, жаңашылдығы,сөз сөйлеу шеберлігі, негізділігі, дәлелдігі, шешендігі, теориялық қағидаларын тәжірибеде қолдану мүмкіндігі критерийлері бойынша бағаланды.

pic

Үшінші тур үй тапсырмасында мұғалімдерге жетістіктер портфолиосын дайындап әкелу тапсырылды.

Қазылар алқасының шешімі бойынша келесі жүлделі орындар берілді:

1. Бас жүлдеге ие болған Ш.Уалиханов атындағы № 2 гимназия бастауыш сынып мұғалімі Иргалиева Татьяна Борисовна.

2. І орын иеленген №3 орта мектеп бастауыш сынып мұғалімі Қырбас Айым Шалғынбекқызы

3. ІІ орын иеленген орта мектеп-гимназия бастауыш сынп мұғалімі Сулейменова Асель Абировна

4. ІІ орынды №6 орта мектеп мұғалімі Чулгауова Динагуль Сағымбекқызы

5. ІІІ орынды №5 орта мектеп мұғалімі Андрейчикова Наталья Игоревна

6. ІІІ орынды №8 орта мектеп мұғалімі Алина Асель Айдаровна

7. ІІІ орынды №12 орта мектеп мұғалімі Умирзакова Нургуль Ануарбековна

8. «Жаңашыл мұғалім» номинациясын иеленген №4 орта мектеп мұғалімі Шефер Клара Робертовна

9. «Шығармашыл мұғалім» номинациясын №7 орта мектеп мұғалімі Арықбаева Надира Баймуханбетовна иеленді


Қапшағай қалалың білім бөлiмi

Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .