Kapshagay.gov.kz

Елбасы жолдауы - елдің игілігіне


Негiзгi>

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы еліміздің болашағы үшін маңызды. Кітапханаларда Елбасының кезекті «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол»:pic Қазақстан халқына Жолдауын оқырмандарға насихаттау мақсатында «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол», «Қазақстанның «Нұрлы Жол» Жаңа Экономикалық Саясаты», «Жаңа Жолдау – жаңа табысты бастамалар», «Жолдауда айтылған негізгі 14 тапсырма», «Жолдау – дамудың даңғыл жолы», «Нұрлы жол» – Қазақстанның жаңа бағыты», «Жолдау – ел дамуының жобасы» тақырыптарында көрме-үндеу, көрме- сұхбат, талқылау сағаты, диалог-шолу, әңгімелер циклі өткізілді. Қалалық кітапханада «Елбасы Жолдауы – басты бағдар» тақырыбында студент жастармен дөңгелек үстел өткізілді. Қатысушылар – 19 адам. Дөңгелек үстелге қатысушылар Жолдаудың мәні мен маңызы, болашаққа жасалған бағдары айқын құжат екендігіне, стратегияның басымдықтарына тоқталды. Ақпаратты рейдтер қарттар мен мүгедектер үйінде, колледждерде, әскери бөлімдерде ұйымдастырылып, кітапхана қызметкерлері Жолдаудың азаматтардың өмірін жылдан-жылға жақсартуды көздейтін стартегияны жүзеге асыруға бағытталғанын және жалпыұлттық жетістікке сатылай жетудің жарқын жоспары екендігін атап көрсетті. Қатысушылар – 39 адам.

 


"Қапшағай қаласының мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi"

Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .