Kapshagay.gov.kz

Қапшағай қаласы «Балдәурен» балабақшасында өткізілген семинар туралы ақпарат


Негiзгi>

 

Қалалық әдістемелік кабинет жоспарына сәйкес 2015 жылдың 25 ақпан күні «Балдәурен» балабақшасында іс-тәжірибе тарату, жас мамандарды үйрету мақсатында семинар ұйымдастырылып, өткізілді. Семинар тақырыбы: «Мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық тәрбие берудің маңызы».

Іс-тәжірибе бөлісуге барлық мектепке дейінгі мекемелер мен шағын орталық әдіскерлері, тәрбиешілері және жас мамандары қатысты.

pic

Семинардың практикалық бөлімінде балабақшаның

педагог-тәрбиешілері ұйымдастырылған оқу-іс әрекетін білімі мен кәсіби шеберлігін бүгінгі күннің инновациялық технологиялары негізінде, жаңашылдығымен ұштастыра отырып көрсетті.

ІІ кіші топтарында тәрбиешілер Н.Нурсаланова мен Э.Пиримжарова бес білім салаларын қамтып, кіріктірмелі ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттер өткізді. Оқу іс-әрекетінде тәрбиеші балаларға өлі, тірі табиғат туралы түсінік беріп, құмды қолмен ұстап, құмға су құйып көріп, құмның қасиетімен таныстырды. Балаларға интербелсенді тақта арқылы дидактикалық, логикалық ойындар ұйымдастырылып, өткізілді.

Ортаңғы топтарда тәрбиешілер Г.Курукпаева, С.Мерейхан «Әлеуметтік орта» білім беру саласы бойынша кешенді оқу іс-әрекеттер өткізді. Балаларды үй құстарымен таныстырды және олардың тіршілігімен пайдасы туралы мағлұматтар беріп, табиғи материалдардан шығармашылық жұмыстарын жасады. Активинспайр бағдарламасын қолдану арқылы балаларға «Орнын тап» ойынын ұйымдастырды.

Ересектер топтарында тәрбиешілер К.Тостикбаева, Г.Кушумбаева балалардың Қызыл кітап туралы түсініктерін қалыптастырып, жануарлардың жойылып кету себептерін түсіндірді және қорғау жолдарымен таныстырды. Өсімдіктердің, жануарлардың табиғаттағы өзара байланысы туралы түсіндірді. Тәжірибелік жұмыстар арқылы балалардың табиғатқа деген қызығушылықтарын арттырды.

Балабақша дәлізінде «Экологиялық тәрбие - эстетикалық талғам» атты ұжымдық шығармашылық көрме ұйымдастырылды. Көрменің мақсаты мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық тәрбие беру арқылы эстетикалық талғамды қалыптастыру.

Балабақша психологі Э.Төстікбаева педагог-тәрбиешілермен «Нұрға бөлену» тақырыбында мектепке дейінгі психологиялық тренинг ұйымдастырып, өткізді.

Семинардың теориялық бөлімінде балабақша мен шағын орталықтың озат педагогтері семинар қатысушылар арасында озық іс-тәжірибелерін таратып, мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеудегі ұсыныстарын берді.

icon "Қапшағай қалалың білім бөлiмi ММ"

Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .