Kapshagay.gov.kz

Қапшағай өңірінің ауыл шаруашылығы
тауарын өндірушілердің НАЗАРЫНА!


Негiзгi>

«Қапшағай қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 30 мамырдағы «Өсімдіктерді қорғау мақсатында ауылшаруашылық дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердің, биоагенттердің және биопрепараттардың құнын субсидиялау қағидалары» № 573 қаулысына, 2014 жылғы 29 мамырдағы «Тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялау қағидалары» № 574 қаулысына, 2014 жылғы 29 мамырдағы «Басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағар май материалдарының және көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауылшаруашылық дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарын субсидиялау қағидасын бекіту туралы» № 575 қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 4 сәуірдегі «Ауылшаруашылығы тауарын өндірушілерге суармалы суды беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау Ережесін бекіту туралы» № 237 қаулысына (2011 жылғы 9 ақпандағы № 106 өзг.) сәйкес, төмендегіні хабарлайды:

«Қапшағай қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі- субсидия алушы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің тізімін анықтау үшін құралған ведомствоаралық комиссияның (ВАК) жұмыс органы болып табылады (одан әрі ауыл шаруашылығы бөлімі).

1. Ведомствоаралық комиссияның жұмыс органы - «Қапшағай қаласының ауылшаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі ауылшаруашылығы тауарын өндірушілерден субсидия төлеуге қажетті төмендегі құжаттарды қабылдайды:

1) Ереженің 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша (шаруа қожалықтары, өндірістік кооперативтер, жауапкершілігі шектеулі серіктестер, акционерлік қоғамдар) субсидия алуға өтініш;

2) Заңды тұлғаны тіркеу туралы құжаттың көшірмесін (жеке тұлғалар үшін әкімнің шаруа қожалығын құруға арналған шешімнің көшірмесі);

3) Жер учаскесіне пайдалану құқығын беретін мемлекеттік акт көшірмесі;

4) Банктік анықтама (түп нұсқа);

2. Қапшағай өңірі бойынша көктемгі егіс жұмыстарын жүргізудің оңтайлы мерзімдері субсидия берілетін дақылдар бойынша төмендегіше белгіленді:

Күздік арпа - қазан 2014 ж.

Күздік бидай - қазан 2014 ж.

Жаздық арпа - 25.03.2015 ж. дейін

Жаздық бидай - 25.03.2015 ж. дейін

Арпа - 25.03.2015 ж. дейін

Жүгері - 10.05.2015 ж. дейін

Майбұршақ - 30.04.2015 ж. дейін

Сафлор - 20.04.2015 ж. дейін

Көкөніс - 25.04.2015 ж. дейін

Картоп - 25.04.2015 ж. дейін

Мал азықтық дақылдар - 25.04.2015 ж. дейін

Ескертпе: Сұраныстар 2015 жылдың 01 маусымына дейін қабылданады.

3. 2015 жылдың қаңтар-сәуір айларына кәктемгі егіс жұмыстарын жүргізуге арзандатылған дизель отынын бөлу үшін, «Қапшағай қаласының ауылшаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне 01.04.2015 ж. дейін сұраныстарын тапсыруды сұрайды.

4. 2015 жылдың егістіктеріне енгізуге арналған субсидияланған минералды тыңайтқыштармен гербицидтерге «Қапшағай қаласының ауылшаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне 15.03.2015 ж. дейін сұраныстарын тапсыруды сұрайды.

5. 2015 жылға арналған суармалы судың құнын субсидиялау Ережесіне сәйкес «Қапшағай қаласының ауылшаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне 20.02.2015 ж. дейін САТК-лердің сұраныстарын қабылдайды.

5. Шаруашылық басшылары анықтама, кеңес алу үшін, «Қапшағай қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне дүйсенбіден - жұмаға дейінгі жұмыс күндері сағат 9.00 - ден 18.30 ге дейін қабылдайды (адресі: Қапшағай қаласы, Жамбыл көшесі 13, № 506 кабинет, байланыс тел. 4-13-88).

 

icon "Қапшағай қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі

Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .