Kapshagay.gov.kz

Қапшағай қаласының 2014 жылғы 10 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы ақпарат


Негiзгi>

 

Бюджетке түскен салықтар мен басқа да міндетті төлемдер 2014 жылдың 10 ай қорытындысы бойынша 9971,4 млн.теңгені құрап, жоспар 109,7%-ға орындалды.

Республикалық бюджетке белгіленген 6923,6 млн.теңгенің орнына 7195,3 млн.теңге қаражат түсіп, жоспар 103,9 %-ға орындалды.

Жергілікті бюджетке түсетін салықтар бойынша жоспар 128,3 %-ға орындалып, 2162,0 млн.теңгенің орнына іс жүзінде 2776,0 млн.теңге қаражат түсті.

Қала бюджетінің шығыстар бөлігі 96,6%-ға орындалып, 5454,3 млн.теңге шығыстар қаржыландырылды.

Қаланың өнеркәсіптік кәсіпорындары 2014 жылдың 10 ай қорытындысы бойынша жалпы сомасы 32641,0 млн.теңгенің өнімін өндірді. Жыл соңына дейінгі жоспар 37027,0 млн.теңгені құрайды. Нақты көлем индексі 89,6 %-ды құрады. Өнеркәсіп өндірісінің өңдеу саласына тиесілі үлесі 76,7% құрайды немесе 25057,6 млн.теңгеге жетті.

Қала бойынша «КнауфГипсҚапшағай» ЖШС-гі, «Пеноплекс» ЖШС-гі өндіріс көлемдерін арттырды. 2014 жылдың қараша айында «LST Market» ЖШС-нің жылыжай кешені іске қосылды.

Сонымен қатар керамикалық және декоративтік бұйымдар өндірісі 37% немесе 47191 кг төмендеді («Қапшағай фарфор» ЖШС тапсырыстардың жоқ болуына байланысты), 50487 тоннаға бетоннан жасалған бұйымдар өндірісі төмендеген («Қапшағай Құрылыс Комбинаты» ЖШС тапсырыстардың жоқ болуына байланысты), металлоконструкциялар өндірісі алдыңғы жылмен салыстырғанда 3711 тоннаға азайған.

Ауылшаруашылығы саласында 2014 жылдың 10 ай қорытындысы бойынша жалпы өнім көлемі 7132,1 млн.теңгені құрады. Нақты көлем индексі 100,0%-ға жетті. Жыл соңына дейінгі жоспар 10774,4 млн.теңгені құрайды.

2014 жылы дәнді дақылдарды өсіру үшін 1650 гектар егістікте ылғал сақтау технологиясы, 1000 гектар алқапта тамшылатып суару технологиясы, 105 га жерде жаңбырлатып суғару технологиясы қолданылды.

Шағын кәсіпкерлік саласынан бюджетке түскен жалпы салықтық төлемдердің көлемі 1203,7 млн.теңгені құрады.Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің өндірген өнім көлемі 7355,3 млн.теңгені құрады, ол барлық түсімдердің 12% құрады. Шағын және орта кәсіпкерлік саласында жұмыс жасайтын адам саны 13628 жетті.

2014 жылдың 10 ай қорытындысы бойынша негізгі капиталға 22282,3 млн.теңге инвестиция тартылды. Нақты көлем индексі 279,5 %-ды құрады. 2014 жылға 22500,2 млн.теңге инвестиция тарту белгіленген.

Инвестициялардың қаржыландыру көздерінің 6,1 пайызы заемдық қаражаттар, 78,1 пайызы бюджеттік қаражаттар, кәсіпорындар мен мекемелердің және тұрғындардың үлесі 15,8 пайызды құрайды.

2014 жылдың 10 ай қорытындысы бойынша 8,2 мың шаршы метр тұрғын үй қолданысқа берілді. 2014 жылдың жоспары – 15,6 мың шаршы метр. Құрылыс жұмыстарының жалпы көлемі 8198,6 млн.теңгені құрады немесе 2013 жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 168,4% құрады.

Қаланың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында айтарлықтай іс-шаралар атқарылып, көркейту, көгалдандыру, қаланы және ауылды елді мекендерді санитарлық тазалау жұмыстары жүргізілуде.

«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы бойынша Қапшағай қаласындағы жолдарды ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 70689,0 мың теңге қаражат бөлініп, 63891,0 мың теңгесі жұмсалды.

«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы шеңберінде 2014 жылы 12706,0 мың теңге қаражат бөлінді. Аталған қаражат Заречный ауылындағы көше бойындағы су беру жүйесін ағымдағы жөндеуге 4538,0 мың теңге, ал Сарыбұлақ ауылының жолдарын ағымдағы жөндеуге 8168,0 мың теңге бөлінген. Қазіргі уақытта қаражаттың 11418,0 мың теңгесі жұмсалды.

2014 жылдың 10 ай қорытындысы бойынша жұмыспен қамту бөліміне 1025 жұмыссыз азаматтар жүгінген, жұмыспен қамту бөлімінің қатысуымен 744 адам жұмысқа орналастырылды. Жұмыспен қамтудың деңгейі 91,4 %. Жаңа 1845 жұмыс орны ашылды.

«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының бірінші бағыты аясында 46 жаңа жұмыс орны ашылды. Қапшағай қаласының және Шеңгелді, Заречный ауылдық округтерінің көшелеріне ағымдағы және орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді, қазіргі уақытта «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы аясында «Қапшағай қаласының орталық паркін күрделі жөндеу мен абаттандыру» нысаны бойынша жұмыстар жүргізілдуде. Қапшағай қаласының «Спутник» ықшам ауданы бойынша су беру жүйелерінің ағымдағы жөндеу жұмыстары жасалуда. Осы мақсатттарға республикалық бюджеттен 192992,0 мың теңге және жергілікті бюджеттен 21444,0 мың теңге бөлінді.

«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының 2 бағыт аясында 13 адамға 29,0 млн. теңге көлемінде шағын несие берілді.

«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының 3 бағыты аясында республикалық бюджеттен – әлеуметтік жұмыс орындарына орналасатын 20 адамның жалақысын ішінара субсидиялауға – 3914,0 мың теңге және жастар тәжірибесін өтуіне жіберілетін 20 адамға – 3948,0 мың теңге, бағдарламаға қатысушы жұмыссыз, өз бетінше жұмыспен айналысушы және табысы аз азаматтар қатарындағы 35 адамды қайта даярлау, біліктілігін арттыру курстарынан өткізуге – 3022,0 мың теңге бөлініп отыр.

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша 9 жас маманға сомасы 1166,7 мың теңге болатын көтерме жәрдемақы мен сомасы 11049,0 мың теңге болатын 4 бюджеттік кредит төленді.

Денсаулық сақтау саласында барлығы 11 мекеме жұмыс жасауда.

Денсаулық сақтау саласында жалпы науқастану мен өлім жағдайлары азайды. 2014 жылдың 10 айында 23746 адам скринингтік тексеруден өтті. Оның 259 диспансерлік тіркелімге алынды.

2014 жылдың 10 айында амбулаториялық деңгейде ауруханаға 92,3 млн.теңгеге дәрі-дәрмек сатып алынды және 87,3 млн. теңгеге дәрі-дәрмек аурулаға тегін берілді.

Қалалық аурухананың материалды-техникалық жарақталуы 84,5% құрайды.

2014 жылы Арна ауылында ауысымына 10 адамға арналған медициналық пункт құрылысы аяқталып, қолданысқа берілді.

Қалада жалпы білім беретін 15 мектеп, 9 шағын орталықтар жұмыс жасауда. Жалпы білім алушылар саны 8450 оқушыны құрады.

2014 жылы Ұлттық бірыңғай тестілеудің орташа көрсеткіші 95,6 балды құрады. 11 оқушы «Алтын белгі» үміткерлігін және ерекше үлгідегі аттестатты 4 оқушы ақтады. ҰБТ тапсыру қорытындысы бойынша Қапшағай қаласы Алматы облысында 1-ші орынды иемделді.

2014 жылы даму бюджетінде «Малыш» балабақшасын мемлекетке қайтаруға 240,0 млн.теңге қарастырылған.

2014 жылы Арна ауылындағы 120 орынды жаңа мектеп ғимаратының құрылысына облыстық бюджеттен 341,1 млн.теңге қаражат бөлінді. Жобалық сметалық құжаттамасы дайын және жоба бойынша мемлекеттік сараптама тарапынан оң баға берілген. Құрылыс-монтаждау жұмыстары басталған.

Заречный ауылындағы №12 мектептің күрделі жөндеу жұмыстарына 119,5 млн.теңге бөлінді.

Қала бойынша 60-қа жуық мәдени көпшілік іс-шаралар ұйымдастырылды. Қалалық мәдениет үйі жанында 8 кружокта 150 адам қамтылған.

Қалада 154 спорттық инфрақұрылым тіркелген. Оған: 17 спорт залдары, 8 бассейн, 3 теннис корты, басқадай 90 жуық спорт нысандары жұмыс атқаруда. Жасөспірімдерге арналған мектеп жұмыс жасауда, онда 16 спорт түрінен 1236 адам тұрақты түрде спортпен айналысуда.

Қазіргі таңда қала мен аймақ бойынша 14690 кісі спортпен жүйелі түрде айналысады.

Қала бойынша 183 туризм нысанына жататын инфрақұрылым жұмыс жасайды, оның ішіне 171 демалу базасы кіреді. 2014 жылғы 10 ай қорытындысы бойынша көрсетілген қызмет сомасы 420,0 млн.теңгені құрады.

Қылмыстық статистиканың мәлімдемесіне сәйкес 2014 жылдың 10 айында барлығы 1185 қылмыс саны тіркелген, оның 1185 жалпы қылмыстық болып табылады. Аталған көрсеткіш алдыңғы жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 10,3 пайызға төмендеген. Кәмелетке толмаған азаматтар жасаған 8 қылмыс тіркелген. Қылмыс деректерін ашу көрсеткіші 48,8 % құрады.

Қазақстан Республикасының «Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы» Заңына сәйкес құқық қорғау саласына қоғамдық құрылымдарды тарту, оны дамыту бойынша іс-шаралар атқарылуда.

Нашақорлық пен темекі шегудің алдын алу мақсатында оқу орындарында «Жастар есірткіге қарсы», «Есірткіге жол жоқ» тақырыбына лекциялар мен әңгімелер өткізіліп, бейне роликтер үнемі көрсетіледі. Қаланың қылмыстық жағдайын сауықтыру бойынша қабылданған шаралар аясында «Жасөспірім», «Мектеп кештері», «Түнгі қаладағы балалар», «Отбасы және балалар» іс-шаралары өткізілді. Жасөспірімдердің жиналатын жерлерін анықтау мақсатында рейдтік тексерулер жүргізілді.

Жасөспірімдердің құқығын қорғау жөніндегі қалалық комиссия отырысында ата-аналары мен мектеп өкілдері шақырыла отырып 17 материалдар қаралды.

Қоғамдық қауіпсіздікті қамту мақсатында қалада 8 бейне бақылау камералары жұмыс жасайды:

-          Алматы-Өскемен жолы бойында;

-          Автовокзал маңында;

-          «Юбилейный» дүкені маңында;

-          «Центркредит» банкі маңында;

-          «Халық банк» маңында;

-          Сейфуллин көшесіне кіре беріс бойында;

-          Строительная көшесі маңында;

-          Орталық алаң маңында орналасқан.

Қоғам қауіпсіздігін орнату мақсатында және қылмыстардың алдын алу үшін қала ықшамаудандарында қосымша 36 бейне бақылау камералары орнатылуда.

  

icon Қапшағай қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі

Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .