Kapshagay.gov.kz

2014 жылғы 9 айлық бойынша Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының Қапшағай қаласында, Заречный және Шеңгелді ауылдық округтерінде орындалуы туралы


Негiзгi>

 

 

Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 29 маусымдағы «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» №110 Жарлығын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 3 ақпандағы «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2014-2016 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» №62 қаулысын орындау мақсатында 2014 жылғы 31 наурыздағы қала әкімнің №190 қаулысымен қалалық іс-шаралар жоспары бекітілді. Жоспарға сәйкес бағдарламаны іске асыру төрт бағытта қарастырылған:

1) Мемлекеттік тіл – ұлт бірлігінің басты факторы

2) Мемлекеттік тілді көпшіліктің кеңінен қолдануына қол жеткізу

3) Дамыған тіл мәдениеті – зиялы ұлттың әлеуеті

4) Қазақстан халқының лингвистикалық капиталын дамыту

Қалада мемлекеттік тіл саясатын одан әрі жетілдіру мақсатында 2014 жылы Қапшағай қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімімен бірқатар жұмыстар атқарылуда.

Бөлім әкімдік жанындағы қала мен ауылдық округтердегі тілдік ахуалды зерделеу мен әдістемелік көмек көрсету жөніндегі жұмыс тобы мен ономастикалық кеңес жұмысын үйлестіреді.

«Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Қазақстан Республикасы Заңын жүзеге асыру мақсатында, қала әкімінің 2012 жылғы 28 маусымдағы №36-ө өкіміне сәйкес қала мен ауылдық округтердегі тілдік ахуалды зерделеу мен әдістемелік көмек көрсету жөніндегі жұмыс тобы құрылған болатын. Жұмыс тобы өзінің бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес «Қапшағай қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі», «Қапшағай қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі», «Қапшағай қаласының жер қатынастары бөлімі», «Қапшағай қаласыныңкәсіпкерлік бөлімі», «Қапшағай қаласының ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемелеріндегі тілдік ахуалға зерделеу жұмыстарын жүргізді.

Қазіргі кезде қала әкімі аппараты мен ауылдық округ әкімдіктерінің шығыс құжаттарындағы мемлекеттік тілдің үлесі 100% құрайды.

Тіл мәдениетін көтеру, жастарды шешендік өнерге баулу мақсатында қалалық кітапханада «Мөлдір бұлақ» үйірмесі жұмысы ұйымдастырылған.

Есептік кезеңде мемлекеттік тіл саясатын іске асыру мақсатында қалалық мектеп мұғалімдерімен бірлесіп- мемлекеттік тілді оқытуды жетілдіру, мазмұнын жүйелендіру, сонынмен қатар кешенді коммуникативті, кәсіптік дамыту, қазақ тілін оқытудың типтік бағдарламасын енгізу жөнінде семинар- жиналыстар өткізілді.

Қала мен аймақтың барлық салаларында мемлекеттік тілді дамыту мен насихаттау мақсатында «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясы филиалымен бірлескен жұмыстар жүргізіледі.

«Үш тұғырлы тіл» мәдени жобасын іске асыру мен жастарды төзімділікке тәрбиелеу, әдеби сөйлеу мәдениетін жетілдіру мақсатында – қазақ жастары арасында орыс тілі білгірлерінің «Тіл барлық білімнің кілті» атты байқауы, көркемсөз оқуды насихаттау мақсатында , көркемсөз оқу шеберлігі Оралхан Бөкей атындағы қалалық байқауы, мемлекеттік тілді дамыту мақсатында, көркемік құндылықты насихаттау жолы арқылы, қазақ тілі сөздігі қорының байлығын Абай өлеңдері арқылы қазақстандықтардың рухани бірлігін нығайту мақсатында– қалалық Абай оқулары байқауы, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы мемлекеттік тіл саясатын насихаттауды арттыру мақсатында – «Мемлекеттік тіл және БАҚ» электронды және баспа бұқаралық ақпарат құралдары арасындағы байқау, үш тілді жетік меңгерген жастар арасындағы «Тілдарын-2014» олимпиадасы, орыс жастары арасындағы – қазақ тілі білгірлерінің байқауы, қазақ тілі мұғалімдер, ұйымдар, мекемелер арасындағы «Үздік қазақ тілі мұғалімі», балабақша тәрбиешілер арасындағы «Қазақшаң қалай балақай?» қалалық байқаулар легі өткізілді.

Республикалық және облыстық байқаулардың қорытындысы бойынша қаламыздың өкілдері де бірнеше мәрте жүлделі орындар игерлері атанып жүр. Атап айтқанда орта мектеп гимназиясының оқушысы Г. Болатова «Ой сана» республикалық байқауында 4 орын , «Тіл барлық білімнің кілті» облыстық байқауында І орынға ие болса, «Тіл шебері-2014» облыстық байқауында №5 ОМ мұғалімі К. Тайбағарова, орыс жастары арасындағы қазақ тілі білгірлерінің «Тіл-халық жанын танудың кілті» облыстық байқауында «Бәйтерек» колледжінің студенті В.Кривцов ІІІ орындардан көрінді. Сонымен қатар үш тілді жетік меңгерген жастар арасында өткізілген «Тіл дарын-2014» облыстық байқауында № 4 ОМ мұғалімі М. Сәрсебекова «Үзік аудармашы» номинациясына ие болса, «Нұрлы-Өлке» қоғамдық-саяси газеті редакторының орынбасары З.Әбілқасымов облыстық баспа және электрондық БАҚ арасындағы «Мемлекеттік тіл және БАҚ» байқауында облыс басқармасының дипломымен марапатталды.

Облыстық Қазақстан халқы Тілдер күнін мерекелеу жоспарына сәйкес 17 сәуір күні Қапшағай қаласында акциялар, кездесулер, дөңгелек үстелдер, флеш-моб және басқада іс-шаралар ұйымдастырылды. Тілдер мерекесінің қорытындысы бойынша облыстық «Тілтұмар-бір шынар» фестивалі өткізілді, сол фестивальде Қапшағай қаласы «Топ жарғандар» номинациясына ие болды.

Сонымен қатар Тілдер күнін өткізу жөніндегі облыстық жоспар негізінде қалалық және ауылдық округ әкімдіктерінде, мекемелерде, орта-арнайы білім беру мекемелерінде әр түрлі формата іс-шаралар өткізілді.

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заңының 21 бабындағы талаптарды орындау мақсатында, 2014 жылғы іс-шаралар жоспары бекітілді. Бекітілген жоспар негізінде түсіндірме мен бақылау жұмыстары жүргізілді.

Қапшағай қаласының әкімдігі облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының тапсырмасына сәйкес Қазақстан Республикасының тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруда деректемелер мен көрнекі ақпарат және жарнама мәтіндерін заң талаптарына сай біріздендіру, үйлестіру және қоғамдық бақылауды одан әрі күшейту мақсатында «Нұр Отан» партиясының қалалық филиалымен, қалалық жастар рессурстық орталығымен бірлесіп 2014 жылдың маусым –тамыз аралығында «Мемлекеттік тіл және жарнама» акциясын өткізді.

Қапшағай қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімімен көрнекі ақпараттар мен жарнамаларды «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» ҚР Заңының талаптарына сәйкестіндіру бойынша жұмыс үнемі жүргізілуде және көрнекі ақпараттардың рөліне ерекше көңіл бөлінуде. Акция кезінде қала аумағында облыстық жоспарда белгіленген іс-шаралар толық ұйымдастырылып, өткізілді. Акция барысында «Тіл сақшылар» тобы құрылып, оған «Нұр Отан» ХДП қалалық филалы өкілдері, жастар рессурстық орталығы, БАҚ, мемлекеттік тілді оқыту орталығы, ішкі саясат, кәсіпкерлік бөлімдерінің мамандары тартылды. «Тіл сақшылар» тобымен қала көшелеріне 6 рейд жүргізілді. Рейд барысында қаланың «Спутник», «1», «2», «5», «4», «3», «Ивушка»,«8», «10», «18», «19» ықшам аудандары мен «Строитель», «Связист 1» саяжайы бойынша 186 нысан зерделенді, олардың 54-де заң бұзушылық анықталып, 20-сы түзетілді, 12-не қосымша уақыт берілді. Барлығына ескерту бойынша хат табысталып, түсіндірме жұмысы жүргізілді.

Қазіргі кезде кейбір мекеме, ұжымның, кәсіпкерлердің көрнекі ақпарат, жарнама атауларының жазылуында көптеген көз сүріндірер кемшіліктерді байқаймыз. Мұны тілге менсінбеушілік танытудың белгісі, тіпті мемлекеттік «Тіл туралы» Заңды өрескіл бұзу деп түсіну қажет. Қай қаламызды алсақ та оның кез келген көшесіндегі атаулар мен жарнамалар өрескел қателерге толы. Өйткені оны жүйелеп, ретке келтіретін заңнама талаптары әлсіз болып отыр. Мәселен, «Тіл туралы» Заңының 21-бабында «Көрнекі ақпарат мемлекеттік тілде, ал қажет болған жағдайда басқа тілде жазылады» делінсе, «Жарнама туралы» Заңының 6-бабында да жарнаманы мемлекеттік тілмен қатар жарнама берушінің қалауына қарай өзге тілде де жазуға болатыны айтылған. Еліміздің осы екі бірдей заңында жарнама тіліне қатысты жерінде жалпақ шешейлік танытқан, яғни жарнаманың тілін жарнама берушінің ырқына берген. Қос заңдағың «қажет болған жағдайда... жарнама берушінің қалауы бойынша» деген сөздер осыны аңғартпай ма? Егер аталған заңдар мен кодекстерге өзгертулер мен толықтырулар енгізілсе, жарнама төңірегіндегі жағдай да түбегейлі өзгеріп, жарнама беруші кез-келген кәсіпкер қазақ елінің заңына еріксіз мойынсұнып, мемлекеттік тілдің мәртебесін мойындар еді.

Осы ретте Қапшағай қаласындағы жарнамаларға тоқталып өтуді жөн көрдім. Бүгінде қала көшелеріндегі түрлі тауар түрлерін жарнамалайтын билбордтарды көрген кезде жүрегің ауырады. Мысалы, «Сити плюс» сауда орталығында орналасқан «Карри» киім-кешек, аяқ-киім дүкенінде мемлекеттік тілде берілген «Екі жұп аяқ-киімін сатып алыңыз да, үшіншісін сыйлыққа алыңыз» деген 1 жарнаманың өзінде 3 емлелік қате кездессе, тауар сыртында жазылған мәтінде қазақ тілін қорлау әрекетіне барғанын көруге болады. Өз басым жарнама мәтінінен қате көрсем сол мекеме болсын, дүкеннің иесіне, әкімшілігіне ескерту айтып «Тіл туралы» Заң талаптарына сай сөзді дұрыс жазуды сұраймын. Кей жағдайларда бұл айтылғандарым ескерілмей жатады. Бірақ көрген қатені ескертіп айту барлығымыз үшін парыз деп санаймын. Осы акция кезінде өзімнің түйгенім егер жарнама берушілерге заңды айтып, дөрекілік танытып, талап қойған топ мүшелерінің жұмысы баяу жүрсе, әдістемелік көмек көрсетіп сол кезде жарнаманын аудармасын беріп жатқан топ мүшелерінің жұмысы алға тез жылжып жатқанына көз жеткіздім. Демек, бұндай олқылықтардың алдын алу үшін жылы-жылы сөйлесең жылан іннен шығады-деген мақалды басшылыққа алып, жұмыла жұмыс істеу керек деп санаймын. Осындай да бірігіп өткізілетін акциялардың пайдасы мен маңызы зор деп есептеймін. Қорыта айтқанда акция нәтижесі қазіргі кезде өз жемісін беруде, дүкен, сауда-саттық орындарының басшылықтары бір-бірімен жарыса отырып жарнамалын түзетіп жатыр, бөлімен тығыз жұмыс жүргізуде.

Сонымен қатар, жергілікті баспа бұқаралық ақпарат құралдарында Заң талаптарына сәйкес келмейтін көрнекі ақпарат пен әр түрлі жарнамалардың сүреттері «Солқылдақ заңдар тосқауыл болуда» айдарымен жарық көріп, бөліммен көрсетілген Заң бұзушылықтарды жою үшін көмек көрсетілді.

2014 жылы мемлекеттік қызметкерлер мен бюджет саласының қызметкерлерін мемлекеттік тілді сатылай оқытлуына жергілікті бюджеттен 3 млн 239 мың теңге бөлінді. Есептік кезеңде «Мемлекеттік тілді оқыту орталығы» МКҚК-да «ҚАЗТЕСТ» бағдарламасы бойынша 83 адам дәріс алды.

Қазақстан Республикасындағы тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатындағы Қапшағай қаласының әкімдігімен 2014 жылғы 31 наурыздағы №190 қаулысымен бекітілген 2014-2016 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес, 2014 жылдың сәуір-қыркүйек айларында әр түрлі деңгейдегі топтар арасында қазақ тілін білу деңгейін бағалау жүйесі –ҚАЗТЕСТ бойынша байқау сынағы өткізілді. Бөлім теске 2753 адамның қатысуын қамтамасыз етті.

2014 жылғы шілде айынан ономастикалық кеңестің 2 отырысы өткізілді. Онда №65476 әскери бөлімінің атауын өзгерту, Шеңгелді ауылындағы 2 көшенің және Заречный ауылының атауын өзгерту жөнінде 4 құжат қаралып, өзара келісіммен облыстық ономастика кеңесіне жіберілді.

Мемлекеттік тіл саясатын насихаттау мақсатында жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында 30 мақала жарық көрді: «Қазақ қазақпен қазақша сөйлессін!», «Қазақ тілі сабағында оқушылардың ауызекі тілін дамыту», «Мәңгілік тіл», «Сынып аралық сайыс тіл тақырыбына арналды», «Тіл тұғырын көтерген олимпиада», «Ұлттық рұхы өшкен қазақтар», «Тіл тәуелсіздік тұғыры», «Бір отан, бір тіл», «Қазақшаң қалай балақай», «Мәңгілік тілді насихаттау кітапқұмарлыққа баулумен маңызды», «Жаңа үлгідегі оқыту уақыттың талабы».

Қала әкімдігі жанындағы Мемлекеттік тілдің қолдануын одан әрі жетілдіру жөніндегі жұмыс тобының отырысында Қазақстан Республикасындағы тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі 2014-2016 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының 9 айлық қорытындысы қаралып, нәтижесінде тіл заңнамаларын орындау жөнінде нақты тапсырмалар берілді.

Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаев мемлекет алдына әлемдегі бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына қосылу міндетін қойды. Ал осы бәсекеге қабілеттіліктің басты рухани көрсеткіші-мемлекетіміздің тілі. Мемлекеттік тіл –мемлекеттің іргесін қалайтын, оның қабырғасын тұрғызатын, күмбезін көтеретін бірден-бір құрал. Біз 50 озық елдің қатарына мемлекеттік тіл арқылы жете аламыз. Өйткені, әлемдік қауымдастық өз болмысымен танылған елді ғана мойындайды.

 

 

«Қапшағай қаласының мәдениет

және тілдерді дамыту бөлімі»

мемлекеттік мекемесінің басшысы Б. Шәйкенова

  

icon Қапшағай қаласының мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi

Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .