Kapshagay.gov.kz

Жекешелендірудің екінші кезеңі


Негiзгi>

     Қазақстан Республикасының Елбасының 17 қаңтар 2014 жылғы "Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ" жолдауымен жекешелендірудің екінші толқынын жүргізу тапсырылды. Елбасының тапсырмасын орындау мақсатында республика көлемінде жекешелендірудің екінші толқыны жүргізіліп жатыр. Қазақстан Республикасының Үкіметінің 31 наурыз 2014 жылғы №280 қаулысымен 2014-2016 жылдар аралығында жасалатын кешенді іс-шара жоспары, жекешелендіруге жататын кәсіпорындар мен мемлекет үлесімен құрылған АҚ, ЖШС тізімі бекітілді. Аталмыш қаулыға сәйкес, облыс әкімдігінің 6 маусым 2014 жылғы қаулысы қабылданып, облыс көлемінде 40 мемлекеттік кәсіпорын, мемлекет үлесімен ЖШС, АҚ үкімет қаулысымен және 18 кәсіпорын облыс тарапынан, сонда 58 заңды тұлға жекешелендіруге жатады. Жекешелендірудің мақсаты: бәсекелестік орта жетік дамыған, кәсіпкерлік субектілерімен атқара алатын қызмет түрлерін мемлекет бақылауынан шығарып, кәсіпкерлерге бизнесті дамытуға толыққанды мүмкіндік беру, қосымша пайда көзін ашу.
    Жекешендіру көркейту-көгалдандыру, елді-мекендердің тазалығы, сәулет -қалақұрылысында жобалық сметалық құжаттарды дайындау, мемлекеттік тілдерді дамыту, спорт салаларында жүргізіледі. Жекешелендіру процедурасының шегінде мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындарды, мемлекет үлесімен ЖШС, АҚ-ды негізгі мақсатын сақтай отырып, жұмыс орнын сақтай отырып мүліктік кешен ретінде сату тәжиербесі қолданылған. Ол кәсіпорынның қызметкерлерінің әрі қарай жұмыс орындарын сақтап қалуды, қызмет түрін бәсекелестік ортаға қалыптасқан күйінде беруді қамтамасыз етеді.
Мемлекет бұл салаларда қаржы бөлуді, оған мемлекеттік қолдау көрсетуді тоқтатып отырған жоқ. Айырмашылығы бүгінгі күнге дейін мемлекеттік қазыналық кәсіпорын көрсетіп отырған қызмет түрін бәсекелестік ортаға беріп отыр.
     Жекешелендірудің екінші кезеңіне қатысты мәлімет, облыс әкімдігінің, облыстық қаржы басқармасының, аудандық әкімдіктердің ресми сайттарында, сонымен қатар мемлекеттік мүлікке қатысты арнайы жүргізілетін "госреестр" сайтында жарияланады.

Бөлiм бастығы                                                       Қожахметов Ермек Жаманкараұлы

 

icon Қапшағай қалалық қаржы бөлімі

Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .