Kapshagay.gov.kz

2013 жылғы Қапшағай қаласы бюджетінің атқарылуы жөнінде
АҚПАРАТ

 

 

Қапшағай қаласының бюджеті Қапшағай қалалық мәслихатының 2012 жылғы 22 желтоқсандағы №11-51 санды шешімімен 2013 жылға бюджеттің кіріс және шығыс бөлігі 5 489 789,0 мың теңгеге бекітілген.

Жыл бойына Қапшағай қаласының бюджеті Қапшағай қалалық мәслихатының шешімдерімен 6 рет нақтыланып, бюджеттің кіріс және шығыс бөлімдері 5 489 789,0 мың теңгеден 6 328 488,0 мың теңгеге дейін көбейтілді.

2013 жылы Қапшағай қаласы бюджетінің түзетілген шығыс жоспары 6 328 488,0 мың теңге болса, ол 6 313 231,0 мың теңгеге немесе 99,8 % игерілді. Жергілікті бюджеттің меншікті кіріс жоспары 1 112 090,0 мың теңге болса, ол 1 153 944,9 мың теңгеге немесе 103,8 % орындалды. Республикалық, облыстық бюджеттен бөлінген трансферттер және субвенциялар түсімдері 4 721 275,0 мың теңге болса, ол 4 735 349 мың теңге болып орындалды жоспар 100,3% немесе 14 074,0 мың теңгеге артығымен орындалды.

Есептік кезеңнің соңындағы 131 002,8 мың теңге бос қалдықтың құралуы кірістердің артығымен 97 682,4 мың теңгеге орындалған есебінен.

Олар;

- Заңды тұлғалардың және жеке кәсіпкерлердің мүлкіне салынатын салықтан 14 158,5 мың теңге,

- Елдi мекендер жерлерiне жеке тұлғалардан алынатын өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс жеріне және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жерге салынатын жер салығы 5 598,3 мың теңге,

- Жеке және заңды тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салық 13 442,0 мың теңге,

- Бірыңғай жер салығы 278,8 мың теңге,

- Акциздер 2 126,7 мың теңге,

- Жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлем 466,0 мың теңге,

- Жеке кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркегені үшін, немесе жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн алынатын лицензиялық алым 24 164,5 мың теңге,

- Тіркелген салық 907,1 мың теңге,

- Басқада салықтар 576,3 мың теңге,

- Мемлекеттік мекемелерге сотқа берілетін талап арыздарынан алынатын мемлекеттік баж 6 253,8 мың теңге,

- Коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігінің түсімдері 110,8 мың теңге,

- Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер ұйымдастыратын мемлекеттік сатып алуды өткізуден түсетін ақшаның түсімі 69,2 мың теңге,

- Жергілікті бюджеттен қаржыландыратын мемлекеттік мекемелер салатын әкімшілік айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар 1 696,3 мың теңге,

- Жергіліктік бюджетке түсетін салықтық емес басқа да түсімдер 5 396,0 мың теңге,

- Жер учаскелерін сатудан түсетін түсімдер 8 364,1 мың теңге,

- Ағымдағы нысаналы даму трансферттері бойынша 14 074,0 мың теңге,

- Бос қалдықтардың жыл басында бағытталмаған қалдығы 59 113,7 мың теңге.

1) Шығыс бөлігі бойынша игерілмей қалған қаражат 15 256,1 мың теңгені құрады;

Олар;

- 19,20 ш.а тұрғын үйлерге жол салудан 12 563,0 мың теңге,

- 30-пәтерлі жалгерлік тұрғын үйге ЖСҚ әзірлеуден 900 мың теңге,

- РБ-лық деңгейден берілетін бос лауазымдық орындарының еңбекақылары мен әлеуметтік төлемдерінен 300 мың теңге,

- Көлік инфроқұрылымын дамыту мен автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз етуінен 1 030 мың теңге,

- Шоттағы өзгеде қалдықтар 1 661,9 мың теңге.

Трансферттердің орындалуы

Республикалық бюджеттен бөлінген ағымдағы нысаналы трансферттер 270 064,0 мың теңге бөлініп, 269 732,5 мың теңгеге игерілді.

Олар төмендегідей мақсаттарға жұмсалынды:

1. Эпизоотияға қарсы шараларды жүргізуге 18 515,0 мың теңге, 100% орындалды,

2. Әлеуметтік сала мамандарын қолдау шараларын іске асыру үшін 2 115,0 мың теңге бөлініп, 2 112,1 мың теңгесі игеріліп, қалған 2,9 мың теңге РБ-ке қайтарылады,

3. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын іске асыруға 145 878,0 мың теңге бөлініп, 100% орындалды,

4. «Назарбаев интелектуалды мектебі» арқылы біліктілік санатын жоғарлатқан мұғалімдердің еңбек ақысын төлеуге 7 891,0 мың теңге бөлініп, толығымен 100% орындалды,

6. Мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешілері мен мұғалімдердің біліктілік санаты үшін қосымша ақының мөлшерін ұлғайтуға 32 946,0 мың теңге бөлініп, толығымен 100% орындалды,

7. Жетім балаларды және ата-аналарының қамқорынсыз қалған балаларды күтіп - ұстауға асыраушыларына ай сайынғы ақшалай қаражат төлемдеріне 23 178,0 мың теңге бөлініп, толығымен 100% орындалды,

8. Үйде оқытылатын мүгедек балаларды құрал-жабдықпен, бағдарламалық жүйемен қамтамасыз етуге 2 490,0 мың теңге бөлініп, 100% орындалды,

9. «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы бойынша жұмыспен қамту орталығының қызметін қамтамасыз етуге 13 092,0 мың теңге бөлініп, толығымен 100% орындалды,

10. «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы бойынша жастар практикасына қатысушыларға 1 786,0 мың теңге бөлініп, толығымен 100% орындалды,

11. «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының қатысушыларына мемлекеттік қолдау ретінде 6 169,0 мың теңге бөлініп, оның ішінде 4 040,0 мың теңгесі жұмысқа орналасқан адамдардың жалақысын ішінара субсидиялауға берілген қаражат, толығымен 100% орындалды. Ал 2 129,0 мың теңгесі жалдамалы жұмысшылардың біліктілігін арттыруға арналған қаражаттың 2 122,3 мың теңгесі игеріліп, жоспар 99,6 % орындалды,

12. Өңірлерді даму бағдарламасы шеңберінде 12 199,0 мың теңге бөлініп, ол Заречный селосының сумен қамту жүйесін ағымдағы жөндеуге 6 176,0 мың теңге және Шеңгелді селосының жолдарын ағымдағы жөндеуге 6 023,0 мың теңге қаралып, жоспар 100 % орындалды,

13. Жергілікті органдарының штат санын ұлғайтуға 3 805,0 мың теңге бөлініп, ол ауыл шаруашылық бөлімін ұстауға 1 087,0 мың теңге, Шеңгелді ауылдық округінің әкім аппаратына 1 078,0 мың теңге, Заречный ауылдық округінің әкім аппаратына 1 640,0 мың теңге бөлініп жоспар 91,5 % орындалды.

Республикалық бюджеттен бөлінген нысаналы даму трансферттері жоспар бойынша 1 258 022,0 мың теңге бөлініп, 1 245 323,2 мың теңгеге игерілді.

Олар төмендегідей мақсаттарға жұмсалды:

1) Мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорын жобалау, салу және сатып алу бойынша барлығы 123 496,0 мың теңге бөлінді, оның ішінде:

- 135 пәтерлі жалгерлік тұрғын үйдің мердігерлік жұмысына 123 496,0 мың теңге бөлініп, жоспар 100% орындалды.

2) Қапшағай қаласының сумен жабдықтау жүйесін дамыту үшін барлығы 739 219,0 мың теңге бөлінді.

Оның ішінде:

- 19,20 ш.а тұрғын үйлерге жол салуға 12 563,0 мың теңге бөлініп, жұмыстар уақтылы аяқталмауынан қаражат толығымен игерілмеген,

- 18 ш.а көше-жол жүйелерінің инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын жайластыруға 464 307,0 мың теңге бөлініп, жоспар 100% орындалды,

- 18 ш.а кәріз, су құбыры жүйелерінің инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын жайластыруға 6 444,0 мың теңге бөлініп, жоспар 100% орындалды,

- Рауан ш.а жекеменшік тұрғын үйлердің құрылысы үшін инженерлік- коммуникациялық инфрақұрылымын жайластыруға 228 655,0 мың теңге бөлініп, жоспар 100% орындалды,

- 18 ш.а канализация насостық станциясын салуға 27 250,0 мың теңге бөлініп, жоспар 100% орындалды,

3) Коммуналдық шаруашылық инфроқұрылымын дамыту үшін балығы 152 096,0 мың теңге бөлініп, жоспар 100% орындалды.

Оның ішінде:

- «Заречный селосының қысым канализация бөлігін жаңғыртуға» 152 096,0 мың теңге бөлініп, жоспар 100% орындалды,

4) Білім беру объектілерін салу және реконструкциялауға барлығы 43 210,0 мың теңге бөлініп, жоспар 100% орындалды,

Оның ішінде:

- 320 орынды бала бақша құрылысының мердігерлік жұмыстарына 43 210,0 мың теңге бөлініп, толығымен 100% орындалды.

5) Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамытуға 200 001,0 мың теңге бөлініп, жоспар 100% орындалды,

Оның ішінде:

- «Су Құбыры" МКК-ны үшін скважиналардан бақылау резервуарларына дейінгі су беретін қысым құбырын жаңғыртуға 200 001,0 мың теңге бөлініп, толығымен 100% орындалды,

Республикалық бюджеттен бөлінген несиелер:

1. «50 пәтерлі несиелі тұрғын үй құрылысының» мердігерлік жұмыстарына 262 859,0 мың теңге бөлініп, толығымен 100% игеріліді.

2. Ауылдық елді мекендердің әлеуметтік саласының мамандарын әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін бюджеттік кредиттер 15 218,0 мың теңгені құрап, 100% орындалды.

Облыстық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер

1 678 131,0 мың теңге бөлініп, 1 678 126,8 мың теңгеге игеріліп, ол 100% орындалды.

Олар төмендегідей мақсаттарға жұмсалды:

1. Қапшағай қаласы Инвентарная к-сі, №7 мекен-жайы бойынша өртке оранған сегіз пәтерлі тұрғын үй иелеріне пәтер сатып алуға 40 585,0 мың теңге бөлініп, жоспар 100% орындалды,

2. «Балапан» бағдарламын іске асыруға 3 400,0 мың теңге бөлініп, ол Ақдидар балабақшасының МТБ нығайтуға жұмсалып, жоспар 100% орындалды,

3. Білім беруге арналған шығындардың орнын толтыруға 1 607 379,0 мың теңге бөлініп, жоспар 100% орындалды,

4. Тұрғын үй көмегін алушыларға 12 342,0 мың теңге бөлініп, 100% орындалды.

5. Тұрмысы төмен отбасыларының студенттеріне берілетін облыс әкімінің гранты бойынша 10 студентке 2 500,0 мың теңге бөлініп, жоспар 100% орындалды,

6. Ұлы Отан соғысына қатысушыларына және мүгедектерге 50,0 мың теңге көлемінде 17 адамға 850,0 мың теңге, Чернобыль атом электростанциясындағы апатта зардап шеккен азаматтарға 25,0 мың теңге көлемінде 28 адамға 700,0 мың теңге, Чернобыль апатынан қайтыс болған азаматтардың жанұяларына 5,0 мың теңге көлемінде 1 адамға 5,0 мың теңге, Ауғанстан соғысы ардагерлеріне 25,0 мың теңге көлемінде 111 адамға 2 775,0 мың теңге және қайтыс болған азаматтардың жанұяларына 5,0 мың теңге көлемінде 4 адамға 20,0 мың теңге, барлығы 4 350,0 мың теңге жұмсалды. Шығындар 100% игерілген,

7. Мүгедектерді жеке көмекшілермен қамтамасыз етуге 625,0 мың теңге бөлініп, 100% орындалды,

8. Кондоминиум объектілерініне техникалық паспорттар дайындауға 2 000,0 мың теңге бөлініп, 100% орындалды,

9. Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін алу және жерді аймақтарға бөлу туралы жұмыстарына 3 108,0 мың теңге бөлініп, 100% орындалды,

10.Жануарлардың энзоотиялық аурулары бойынша ветеринариялық іс-шараларды жүргізуге 676,0 мың теңге бөлініп, 100% орындалды,

11. Ауру жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын иелеріне өтеуге 200,0 мың теңге бөлініп, оның 196,5 мың теңгесі игеріліп, 98,2% орындалды,

12. Қалалық кәсіпкерлік бөлімімен ішкі саясат бөлімінің қызметкерлерін ұстауға қосымша 966,0 мың теңге бөлініп, 100% орындалды,

Облыстық бюджеттен бөлінген нысаналы даму трансферттері жоспар бойынша 370 423,0 мың теңге бөлініп, 99,7 % игерілді.

Олар төмендегідей мақсаттарға жұмсалды:

1. 320 орынды бала-бақша қ&11201;рылысының мердігерлік жұмыстарына 78 567,0 мың теңге бөлініп, 100% орындалды,

2.) Мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорын жобалау, салу және сатып алу бойынша барлығы 6 659,0 мың теңге бөлініп, оның 5 798,1 мың теңгесі игеріліп, жоспар 87% орындалды.

Оның ішінде:

- 50 пәтерлі жалгерлік тұрғын үйдің жобалау зерттеу жұмыстарына 3 659,0 мың теңге бөлініп, жоспар 100% орындалды,

- 30 пәтерлі жалгерлік тұрғын үйдің жобалық сметалық жұмыстарына 3 000,0 мың теңге бөлініп, оның 2 140 мың теңгесі игеріліп, 71,3% орындалды.

3) Қапшағай қаласының сумен жабдықтау жүйесін дамыту үшін барлығы 24 576,0 мың теңге бөлініп, оның 24 575,2 мың теңгесі игеріліп, жоспар 100% орындалды.

Оның ішінде:

- 18 ш.а КНС құрылысын салуға 3 028,0 мың теңге бөлініп, жоспар 100% орындалды,

- 50 пәтерлі несиелік тұрғын үйдің инженерлік коммуникациялық жүйелерінің жобалық сметалық құжаттарымен мердігердік жұмыстарына 20 548,0 мың теңге бөлініп, жоспар 100% орындалды,

- 30 пәтерлі жалгерлік тұрғын үйдің инженерлік коммуникациялық жүйелерінің жобалық сметалық жұмыстарына 1 000,0 мың теңге, жоспар 100% орындалды.

4) Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамытуға 50 653,0 мың теңге бөлініп, жоспар 100% орындалды,

Оның ішінде:

- «Су құбыры" МКК-ны үшін скважиналардан бақылау резервуарларына дейінгі су беретін қысымды құбырды жаңғыртуға 23 760,0 мың теңге бөлініп, жоспар 100% орындалды,

- Қосқұдық станциясының (Тас құм, Бөктер, Құлан төбе) сумен қамту жүйесінің жобалық сметалық құжатының жұмыстарына 21 893,0 мың теңге бөлініп, жоспар 100% орындалды,

- Заречный селосының 1-ші және 2-ші ұңғымаларының жобалық сметалық құжаттарының жұмыстарына 5 000,0 мың теңге бөлініп, жоспар 100% орындалды.

5) Коммуналдық шаруашылық инфрақұрылымын дамыту үшін балығы 209 968,0 мың теңге бөлініп, жоспар 100% орындалды.

Оның ішінде:

- ТК19-дан Абай көшесінің жылу тарату трассасының бөлігін жаңғыртуға 114 073,0 мың теңге,

- Заречный селосының қысым канализация бөлігін жаңғыртуға (екінші кезең) 16 161,0 мың теңге,

- Заречный селосының кәріз жүйесінің жобалық сметалық құжатының жұмыстарына (екінші кезең) 16 807,0 мың теңге,

- Заречный селосының жылу жүйелерінің жобалық сметалық құжатының жұмыстарына 9 431,0 мың теңге,

- «Қапшағай Жылу» МКК-нің қазандық ғимаратындағы №4,6 ДКВР-20-13 қазандықтарды алмастыру және V=3000 т.м аккумуляторлық багын қайта жаңғыртуға 26 453,0 мың теңге,

- 18 ш.а жылу жүйелерінің жобалық сметалық құжатының жұмыстарына 3 210,0 мың теңге,

- 19 ш.а жылу жүйелерінің жобалық сметалық құжатының жұмыстарына 5 545,0 мың теңге,

- «Қапшағай тұрғын үй» ЖШС-нің жарғылық капиталын нығайтуға 18 288,0 мың теңге бөлініп, барлық жоспар 100% орындалды. 

2012 жылы Қапшағай қалалық бюджетінен кезек күттірмейтін шараларға төмендегідей қаражаттар бөлінді:

1. Қапшағай қаласында өртенген Инвентарная к-сі, №7 сегіз пәтерлі үйдің орнын тазалау үшін 897,0 мың теңге,

2. Шеңгелді ауыл тұрғындарының әлеуметтік толқынысын басу үшін жаңа көшелерге электрлік трансформатор қондырғысын сатып алу үшін 3 392,0 мың теңге,

3. «Ақбота» балабақша балаларының өміріне қауіпі төніп тұрған балабақша электрошитіне дейінгі жоғарғы вольттік кабелін ауысытыру үшін 1 057,0 мың теңге бөлінді. Шығындар 100% орындалды.

 

Жыл басындағы бос қалдықтың 216 237,0 мың теңгесі келесі мақсаттарға бағытталды:

№ Мақсаты Сомасы

(мың теңге)

1 Игерілмеген трансферттерді қайтару 10 453,0

2 Аяқталмаған 20 пәтерлі жалгерлі тұрғын үйдің құрылысты монтаждау жұмыстарымен инженерлік коммуникациялық жұмыстарына 12 131,0

3 Қапшағай қаласының сан.тазалық жұмыстарына 13 816,0

4 Қапшағай қаласының абаттандыру жұмыстарына 19 340,0

5 Жолдарды қысқы мерзімде ұстауға 5 000,0

6 «Елімнің тағдыры-менің тағдырым» атты іс-шараларға 1 000,0

7 Қала аймағындағы тіркелген Үкіметтік емес ұйымдармен мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орындауға 2 000,0

8 Оқулықтар сатып алуға 1 300,0

9 Мемлекеттік бағдарлама аясында тұрғын үйлер салуға алынған кредитті қайтаруға 58 850,0

10 Пайдаланылмаған бюджеттік кредиттерді қайтару 27,0

11 Жалпы білім беретін мекемелердің қызметін ұстауға 92 320,0

Барлығы 216 237,0

Қапшағай қаласы бюджетінің функционалдық топтар мен бағдарламалар бойынша атқарылуы.

1.Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер.

Қапшағай қалалық бюджеті бойынша жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтерге 365 623,0 мың теңге қаржы бөлініп, ол 99,9% игерілді. Оның ішінде:

Мәслихат аппаратының қызметін қамтамасыз етуге 13 796,0 мың теңге бөлініп, оның ішінде бөлімді ұстауға 12 196,0 мың теңге қаралып, жоспар 100 % игерілді. Мәслихат депутаттары кеңсесіне МТБ-мен жабдықтауға 1 600,0 мың теңге жұмсалды.

Қала әкімі аппаратының қызметін қаматамасыз етуге 293 624,0 мың теңге қаралып, оның ішінде аппаратты ұстауға 69 262,0 мың теңге қаралып, жоспар 100 % игерілді. Әкім аппаратының МТБ-сын жарақтандыруға 223 465,0 мың теңге бөлініп, оған әкімдік ғимаратты күрделі жөндеуге 218 898,0 мың теңге, «Skoda» қызметтік автокөлігін сатып алуға 3 490,0 мың теңге және 5 дана ноутбук компьютерлері сатып алынып және өзге де негізгі құрал жабдықтармен қамтылған, жоспар 100 % игерілді,

Қапшағай қаласы Инвентарная к-сі, №7 мекен-жайы бойынша өртке оранған сегіз пәтерлі тұрғын үйіндің орнын тазалауға қала әкімдігінің резервінен 897,0 мың теңге бөлініп, жоспар 100 % игерілді.

Ауылдық округтер әкімі аппаратының қызметін қамтамасыз етуге 31 638,0 мың теңге қаралып, оның ішінде аппаратты ұстауға 24 308,0 мың теңге қаралып, 99,8 % игерілді. Ауылдық округ аппаратының МТБ-сын жарақтыруға 3 938,0 мың теңге бөлініп, жоспар 100 % игерілді.

Қаржы бөлімі бойынша 11 567,0 мың теңге қаралып, 99,4% игерілді. Бөлім аппаратының қызметін қамтамасыз етуге 10 486,0 мың теңге, МТБ-сын жарақтандыруға 200,0 мың теңге бөлініп, оған 1 дана «Моноблок» компьютері алынып, салық салу мақсатында мүлікті бағалауды жүргізуге 881,0 мың теңге бөлініп, жоспар 99,4 % игерілді.

Экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі бойынша 14 998,0 мың теңге қаралып, 100% игерілді. Бөлімнің аппаратын ұстауға 14 214,0 мың теңге, осы бөлімінің МТБ-сын жарақтандыруға 784,0 мың теңге бөлініп, оған 2 дана жинақталған компьютер, 1 дана ноутбук, сканер және басқада негізгі құралдармен жабдықталған.

2.Қорғаныс

Жалпыға бірдей әскери міндетті атқару шеңберінде әскери міндетті атқарушыларды тасмалдауға 1 765,0 мың теңге бөлініп, оған әскери қабылдау бөлімшесіне 1 дана жинақталған компьютер, телевизор, дәрі-дәрмектер сатып алынып, жоспар 99,9 % игерілді.

Қала ауқымындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою бағдарламасы бойынша 40 585,0 мың теңге бөлініп, оған Қапшағай қаласы Инвентарная к-сі, №7 мекен-жайы бойынша өртке оранған сегіз пәтерлі тұрғын үй иелеріне пәтер сатып алуға жұмсалып, жоспар 100% орындалды,

Қала ауқымдағы дала өрттерінің, сондай-ақ мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары құрылмаған елдi мекендерде өрттердің алдын алу және оларды сөндіру жөніндегі іс-шаралар бағдарламасы бойынша 508,0 мың теңге бөлініп, толығымен игерілді.

3.Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік.

Осы бағдарлама бойынша жол жүру қауіпсіздігін реттеуге 6 686,0 мың теңге бөлініп, толығымен 100 % игерілді. Бұл қаржы Қапшағай қаласы ішіндегі көше бағдаршамдарына техникалық қызметіне және бағдаршам орнатуға бөлінді.

4.Білім беру.

Білім беру саласы бойынша 1 808 121,0 мың теңгеге қаралып, 100% игерілді. Қала бюджетінен 1 бастауыш, 14 орта, 3 кешкі мектеп, 6 балабақша, 1 өнер мектебі және 1 лагерь қаржыландырылды.

Мектепке дейінгі тәрбие ұйымдарының қызметін қамтамасыз етуге 284 980,0 мың теңгеге қаржы бөлініп, 100 % игеріліді,

Ауылдық (селолық) жерлерде балаларды мектепке дейін тегін алып баруды және кері алып келуді ұйымдастыру бағдарламасы бойынша 835,0 мың теңге бөлініп, 100 % игерілді.

Жалпы білім беру саласындағы мекемелерге 1 309 060,0 мың теңге бөлініп, жоспар 100% игерілді.

Оның ішінде;

1) Мектептерге қысқы мерзімде ұстау үшін сұйық отын сатып алуға 26 615,0 мың теңге, интернет желісіне 1 207,0 мың теңге, аттестаттар алуға 592,0 мың теңге бөлініп, 100% игерілді,

2) Балаларға қосымша білім беру бағдарламасы бойынша 55 465,0 мың теңге қаралып, оған жазғы балалар лагері мен балалар шығармашылық орталығы қаржыландырылды жоспар 100% игерілді,

3) «Назарбаев Зияткерлік мектептері» оқу бағдарламасы бойынша біліктілік курстарынан өткен мұғалімдерге 7 891,0 мың теңге қаражат жұмсалған,

4) Мұғалімдердің біліктілік санаты үшін қосымша ақысына 32 946,0 мың теңге бөлініп, жоспар 100 % игерілді,

5) Білім бөлімінің қызметін ұстауға 12 592,0 мың теңге бөлініп, жоспар 100% игерілді,

6) Мемлекеттік білім беру мекемелерінде білім беру жүйесін ақпараттандыру бағдарламасы бойынша 11 070,0 мың теңге бөлініп, мектептерге 81-дана жинақталған компютерлер сатып алынып және мектептердің интернет қызметіне төленген, жоспар 100% игерілді,

7) Мемлекеттік білім беру мекемелері үшін оқулықтар мен оқу-әдiстемелiк кешендерді сатып алу және жеткізу бағдарламасы бойынша 25 415,0 мың теңге бөлініп, қаражат 100% игерілді,

8) Мектептерде олимпиадаларды және мектептен тыс іс-шараларды өткiзуге 1 148,0 мың теңге бөлініп, оған әр түрлі іс-шараларға қатысып жүлделі орын алғандарға бағалы сыйлықтар сатып алынған, жоспар 99,9 % игерілді,

9) Мемлекеттік органның күрделі шығыстарына 542,0 мың теңге бөлініп, оған 1 дана жинақталған компьютер сатып алынып және кеңсеге қажетті құрал жабдықтар сатып алынған, жоспар 100% игерілді,

10) Жетім баланы (жетім балаларды) және ата-аналарының қамқорынсыз қалған 133 баланы күтіп-ұстау үшін асыраушыларына ай сайынғы ақшалай қаражат төлемдеріне 23 178,0 мың теңге бөлініп, қаражат 100% игерілді,

11) Үйде оқытылатын мүгедек балаларды құрал-жабдықпен және бағдарламалық жүйемен қамтамасыз етуге 2 490,0 мың теңге бөлініп, толығымен игерілді,

12) Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердің күрделі шығыстарына 13 976,0 мың теңге бөлініп, «Ақдидар» бала-бақшасын негізгі құрал жабдықтармен қамтамасыз етіп, жоспар 100% орындалды,

13) «Ақбота» балабақша балаларының өміріне қауіпі төніп тұрған «ТП» мен балабақша электрошитіне дейінгі жоғарғы вольттік кабелін ауысытыру үшін 1 057,0 мың теңге бөлініп жоспар 100% орындалды,

14) Білім беру объектілерін салу және реконструкциялау бойынша 121 778,0 мың теңге бөлініп, оған 320 орынды бала-бақша салынды.

6.Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру.

2013 жылы жұмыспен қамту бөліміне 1029 жұмыссыз азаматтар жүгінген, жұмыспен қамту бөлімінің қатысуымен 1028 адам келесі кәсіпорындарға жұмысқа орналастырылды: «Плаза», «Аям», «Алтын жарма», «GlANT», «NAZDANA» ЖШС, «Zhersu Metal» АҚ, Шеңгелді және Заречный ауыл округтары. Жұмыспен қамту деңгейі 99 пайызды құрады. 2420 жаңа жұмыс орындары құрылды.

2013 жылы қоғамдық жұмыстарға 479 адам жіберілді, оның ішінде: 20 жұмыс түрінен 279 адам ауылдық жерлерге, 200 адам қалаға қоғамдық жұмыстарға жіберілген. Оған 25 904,0 мың теңге қаражат жұмсалды .

Еңбекпен қамту бағдарламасы бойынша атқарылаған жұмыстар бойынша:

Жұмыссыздарды кәсіптік даярлау және қайта даярлау бағдарламасы бойынша 60 адам 4 мамандықтар бойынша (1С білімімен бухгалтер, электромонтер, электргазбендәнекерлеуші, аспаз-кондитер) кәсіптік оқуға жіберілді. Оқуды аяқтағандардың ішінен 59 адам жұмысқа орналастырылып, оған 3646,6 мың теңге қаражат жұмсалды.

Халықты жұмыспен қамту саласында азаматтарды әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шаралар бағдарламасы бойынша халықтың арнаулы тобынан әлеуметтік жұмыс орындарына 13 адам келесі кәсіпорындарға жіберілді: жеке кәсіпкерлер «Танысбекова», «Қапшағай Көркейту» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны. Оған 920, мың теңге қаражат жұмсалды.

Жастар практикасына 15 адам сәулет және қалақұрылыс, жер қатынастары, спорт және денешынықтыру бөлімдерге, қалалық сот, зейнетақы орталығына жіберілді. Оған 2 445,0 мың теңге қаражат жұмсалды.

79,0 мың теңге қаражат бос орындар жұмыстарының жәрмеңкесіне жұмсалды.

Ауылдық жерлерде тұратын денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамтамасыз ету, мәдениет, спорт және ветеринар мамандарына отын сатып алу бағдарламасы бойынша 363 адамға 3 141,8 мың теңге көлемінде қаражат төленді.

Атаулы әлеуметтік көмектер түрлері төмендегідей көрсетілді: Кедейшілік шегінен төмен тұратын 92 адамға 3 356,0 мың теңге мөлшерінде атаулы әлеуметтік көмек төленді.

Тұрғын үй көмегі 680 жанұяға 12 342,0 мың теңге төленді, оның ішінде жеке үйлерде тұратын 128 жанұяға 2 618,7 мың теңге төленді.

Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек 6 850,0 мың теңге бөлініп, оған облыс әкімінің грантымен оқитын студенттерге 10 студентке 2 500,0 мың теңге, Ұлы Отан соғысына қатысушыларына және мүгедектеріне 50,0 мың теңгеден көлемінде 17 адамға 850,0 мың теңге, Чернобыль атом электростанциясындағы апатта зардап шеккен азаматтарға 25,0 мың теңгеден көлемінде 28 адамға 700,0 мың теңге, Чернобыль апатынан қайтыс болған азаматтардың жанұяларына 5,0 мың теңгеден 1 адамға, Ауғанстан соғысы ардагерлеріне 25,0 мың теңгеден 111 адамға 2 775,0 мың теңге және қайтыс болған азаматтардың жанұяларына 5,0 мың теңге көлемінде 4 адамға 20,0 мың теңге, барлығы 4 350,0 мың теңге жұмсалды,

Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектеріне коммуналдық жеңілдіктерге 17 адамға 853,3 мың теңге беріліп, жоспар 100% орындалды,

Үйден тәрбиеленіп оқытылатын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету бағдарламсы бойынша мүгедек балаларды үйде тәрбиелеп, оқытатын отбасыларына 53 адамға 1 699,9 мың теңге көлемінде төленді. Жоспар 100% орындалды,

Мұқтаж азаматтарға үйде әлеуметтiк көмек көрсету бағдарламасы бойынша қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде мүмкіндіктері шектеулі балаларға және қарттар мен мүгедектерге үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесі жұмыс істейді.

Мүмкіндіктері шектеулі 57 балалар мен 61 қарттар мен мүгедектерге 7 әлеуметтік қызметкер көмек көрсетеді. Бұл бөлім өз жұмысын білім және денсаулық сақтау салаларымен тығыз бірлікте жүргізуде. Бөлімшеге ақыл есінің дамуына кемістігі бар балаларды психология-педагогикалық тексеру (Диагностикалық әдістемелік жиынтығын) 50,0 мың теңгеге сатып алынды.

18 жасқа дейінгі балалары бар аз қамтылған отбасыларынан 467 балаға 4884,7 мың теңге көлемінде жәрдемақы төленді.

Мүгедектерді оңалту жеке бағдарламасына сәйкес, мұқтаж мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етуге, және ымдау тілі мамандарының, жеке көмекшілердің қызмет көрсету бағдарламасы бойынша мұқтаж мүгедектің жеке оңалту бағдарламасына сәйкес 26 жеке көмекші мүгедектерге қызмет көрсетіп, еңбек ақыларына 8 457,4 мың теңге қаражат жұмсалды. Қапшағай қаласы бойынша 2013 жылдың 1 қыркүйегіне қоларба кезегінде тұрған бөлмелік 6 кресло арбасы, 11 серуен кресло қоларбалар беріліп, 1 040,6 мың теңге алынып, 75 мұқтаж мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету үшін 2 223,0 мың теңге қаражат жұмсалды. Барлығы бағдарлама бойынша 11 721,0 мың теңге қаражат жұмсалды.

Мемлекеттік органның күрделі шығыстары бағдарламасы бойынша 4 жүйелі блок сатып алынған.

«Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламар бөлімінің» қызметін ұстауға 20 866,0 мың теңге қаржы жұмсалды.

Жәрдемақыларды және басқа да әлеуметтік төлемдерді есептеу, төлеу мен жеткізу жөніндегі қызметтерге ақы төлеу бағдарламасы бойынша 736,0 мың теңге қаржы жұмсалды.

Жұмыспен қамту орталығының қызметін қамтамасыз ету бағдарламасы бойынша 13 092,0 мың теңге бөлініп, жоспар 100% игерілді.

7.Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық функционалдық тобына барлығы 3 593 624,0 мың теңге қаралып, 99,6 % игерілді. Оның ішінде бағдарламалар бойынша:

Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін алу бағдарламасы бойынша 124,0 мың теңге бөлініп, жоспар 100% игерілді,

Мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорын жобалау, салу және сатып алу бойынша барлығы 548 679,0 мың теңге бөлініп, жоспар 99,8% орындалды.

Оның ішінде;

- «135 пәтерлі жалгерлік тұрғын үйдің» аяқталмаған корпусын сатып алуға және құрлысына 269 032,0 теңге бөлініп, жоспар 100% орындалды,

- «50 пәтерлі несиелі тұрғын үй құрылысының» мердігерлік жұмыстарымен жобалық сметалық жұмыстарына 266 518,0 мың теңге бөлініп, жоспар 100% орындалды,

- «30 пәтерлі жалгерлік тұрғын үйдің» жобалық сметалық жұмыстарына 3 000,0 мың теңге бөлініп, Жоспар 71,3% орындалды.

- «20 пәтерлі жалгерлік тұрғын үй» құрылысының мердігерлік жұмыстарына 10 129,0 мың теңге бөлініп, жоспар 100% орындалды,

Инженерлік коммуникациялық инфрақұрылымды жобалау, дамыту, жайластыру және (немесе) сатып алу бағдарламасы бойынша 763 795,0 мың теңге бөлініп, жоспар 98,4% орындалды.

Оның ішінде;

- 19,20 ш.а тұрғын үйлерге жол салуға 12 563,0 мың теңге бөлініп, қаражат толығымен игерілмеген,

- 18 ш.а көше-жол жүйелерінің инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын жайластыруға 464 307,0 мың теңге бөлініп, жоспар 100% орындалды,

- 18 ш.а кәріз, су құбыры жүйелерінің инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын жайластыруға 6 444,0 мың теңге бөлініп, жоспар 100% орындалды,

- Рауан ш.а жекеменшік тұрғын үйлердің құрылысы үшін инженерлік- коммуникациялық инфрақұрылымын жайластыруға 228 655,0 мың теңге бөлініп, жоспар 100% орындалды,

- 18 ш.а канализация насостық станциясын салуға 30 278,0 мың теңге бөлініп, жоспар 100% орындалды,

- 50 пәтерлі несиелік тұрғын үйдің инженерлік коммуникациялық жүйелерінің жобалық сметалық құжаттарымен мердігердік жұмыстарына 20 548,0 мың теңге бөлініп, жоспар 100% орындалды,

- 30 пәтерлі жалгерлік тұрғын үйдің инженерлік коммуникациялық жүйелерінің жобалық сметалық жұмыстарына 1 000,0 мың теңге, жоспар 100% орындалды.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі бойынша 11 274,0 мың теңге қаралып, 99,9% игерілді. Осы бөлімінің МТБ-сын жарақтандыруға 267,0 мың теңге бөлініп, оған жинақталған компьютер, принтер, монитор сатып алынған.

Мемлекеттік қажеттіліктер үшін жер учаскелерін алып қою бағдарламасы бойынша 40 602,0 мың теңге бөлініп, оған тозығы жеткен үйлерді бұзып, пәтер иелеріне жаңа пәтер сатып алуға және өтемақы төлеуге жұмсалған.

Мемлекеттік тұрғын үй қорының сақталуын үйымдастыру бағдарламасы бойынша 3 895,0 мың теңге бөлініп, толығымен орындалды.

Азаматтардың жекелеген санаттарын тұрғын үймен қамтамасыз ету бағдарламасы бойынша 6 300,0 мың теңге қаражат бөлініп, оған туберкулез ауруымен ауыратын 1 адамға 3 бөлмелі пәтер сатып алынған.

Авариялық және ескірген тұрғын үйлерді бұзу бағдарламасы бойынша 6 000,0 мың теңге бөлініп, оған Степная көшесіндегі 8 пәтерлі тұрғын үйді бұзуға жұмсалып, жоспар толығымен орындалған.

Кондоминиум объектілеріне техникалық паспорттар дайындау бағдарламасы бойынша 2 000,0 мың теңге қаралып, оған техникалық паспорттар дайындауға «Қапшағай тұрғын үй» ЖШС-мен келісім-шарт жасалып құжаттары ресімделген.

Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерінің күрделі шығыстары бағдарламасы бойынша 3 131,0 мың теңге бөлініп, оған «Қамқор» МКК-на натри гипохлорид өндіру үшін электролиз құрылғысын сатып алуға жұмсалған.

Шағын қалаларды жылумен жабдықтауды үздіксіз қамтамасыз ету бағдарламасы бойынша 1 024 000,0 мың теңге сомасында бөлінді, оған 24 352,065 тонна мазут сатып алынып "Қапшагай жылу" МКК-на берген. Тендер Алматы облысының энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасымен жүргізілді, мазутты жеткізуді Тараз қаласының «Бензол» ЖШС –мен жүзеге асырды.

Сумен жабдықтау және су бөлу жүйесінің қызмет етуі бағдарламасы бойынша 44 833,0 мың теңге бөлініп, қаражат толығымен игерілді.

Коммуналдық шаруашылығын дамыту бағдарламасы бойынша 343 776,0 мың теңге бөлініп, жоспар 99,9% игеріліп олар төмендегідей мақсаттарға жұмсалған;

- Заречный селосының қысым канализация бөлігінің жұмыстары, жылу жүйелерінің құрылысы мен кәріз жүйесінің жобалық сметалық құжатының жұмыстарына 194 495,0 мың теңге,

- ТК19-дан Абай көшесінің жылу тарату трассасының бөлігін жаңғыртуға 114 073,0 мың теңге,

- «Қапшағай Жылу» МКК-нің қазандық ғимаратындағы №4,6 ДКВР-20-13 қазандықтарды алмастыру және V=3000 т.м аккумуляторлық багын қайта жаңғыртуға 26 453,0 мың теңге,

- 18 ш.а жылу жүйелерінің жобалық сметалық құжатының жұмыстарына 3 210,0 мың теңге,

- 19 ш.а жылу жүйелерінің жобалық сметалық құжатының жұмыстарына 5 545,0 мың теңге,

Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамыту бағдарламасымен 250 654,0 мың теңге бөлініп, жоспар 100% игеріліп, олар төмендегідей мақсаттарға жұмсалған;

- «Су құбыры" МКК-ны үшін скважиналардан бақылау резервуарларына дейінгі су беретін қысымды құбырды жаңғыртуға 223 761,0 мың теңге бөлініп, толығымен 100% орындалды,

- Қосқұдық станциясының (Тас құм, Бөктер, Құлан төбе) сумен қамту жүйесінің жобалық сметалық құжатының жұмыстаына 21 893,0 мың теңге бөлініп, жоспар 100% орындалды,

- Заречный селосының 1-ші және 2-ші ұңғымаларының жобалық сметалық құжаттарының жұмыстарына 5 000,0 мың теңге бөлініп, жоспар 100% орындалды.

Елді мекендерде көркейту және көшелерді жарықтандыруға 544 294,0 мың теңге бөлініп, 100 % игерілді, олар:

- Елді мекендерде көшелерді жарықтандыруға 25 683,0 мың теңге,

- Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз етуге 51 616,0 мың теңге,

- Елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыруға 463 885,0 мың теңге,

- Жерлеу орындарын күтіп ұстау және туысы жоқтарды жерлеуге 3 110,0 мың теңге бөлініп 100,0% игерілді.

8. Ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және білім, дене шынықтыру бойынша ақпараттық кеңістік.

Ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бойынша ақпараттық кеңістік функционалдық тобы бойынша 59 119,0 мың теңге қаралып, жоспар 100 % игерілді.

- Мәдени-демалыс жұмысын қолдау бағдарламасы бойынша 11 304,0 мың теңге,

- Аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) деңгейде спорттық жарыстар өткiзу және әртүрлi спорт түрлерi бойынша аудан (облыстық маңызы бар қала) құрама командаларының мүшелерiн дайындау және олардың облыстық спорт жарыстарына қатысуы бағдарламасы бойынша барлығы 10 443,0 мың теңге,

- Қала кітапханасын ұстау шығындары 12 211,0 мың теңге,

- Мемлекеттік тілдерді дамыту орталығын ұстауға 4 524,0 мың теңге,

Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қызметін қамтамасыз етуге 6 807,0 мың теңге жоспарланып, оның ішінде қала аймағындағы тіркелген Үкіметтік емес ұйымдармен мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орындауға 2 000,0 мың теңге қаражат берілген. Оған жастардың патриоттық іс-шаралар мен отбасы-демографиялық саясатын іске асыру жұмыстары жасалған. Жоспар 100% игерілді. Бөлімнің күрделі шығыстарына 140,0 мың теңге беріліп, оған 1 дана жинақталған компьютер сатып алынған және Шеңгелді селосының мәдениет үйіне қазандық сатып алуға 2 050,0 мың теңге бөлініп, жоспар 100% орындалды.

Ішкі саясат бөлімін ұстауға 9 063,0 мың теңге, жастар саясаты саласында іс-шараларды іске асыру үшін 57,0 мың теңге бөлінген. Бөлімнің күрделі шығыстарына 262,0 мың теңге бөлініп, оған компьютер және өзгеде құрал жабдықтар сатып алынған. Жоспар 100% игерілген.

Дене шынықтыру және спорт бөлімін ұстауға 4 362,0 мың теңге бөлінген. Бөлімнің күрделі шығыстарына 86,0 мың теңге беріліп, жоспар 100% игерілген.

10.Ауылшаруашылығы және ветеренария, жер қатынастары функционалдық тобына барлығы 47 612,0 мың теңге қаралып, жоспар 100 % игерілді.

Әлеуметтік сала мамандарын қолдау шараларын іске асыру үшін 2 119,0 мың теңге бөлініп, 2 115,4 мың теңгесі игерілген.

Ауылшаруашылығы бөлімі бойынша 7 594,0 мың теңге бөлініп, оның ішінде бөлімді ұстауға 7 094,0 мың теңге, бөлімнің күрделі шығыстары бойынша 500,0 мың теңге, оған компьютер, принтер және т.б негізгі құрал жабдықтары сатып алынған.

Ветеринария бөлімі бойынша 7 983,0 мың теңге бөлініп, оның ішінде бөлімді ұстауға 5 257,0 мың теңге қаралып, жоспар 100% игерілді.

Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды ұйымдастыруға 1 850,0 мың теңге,

Иелерінен алынып қойылатын және жойылатын ауру жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын иелеріне өтеу үшін 196,5 мың теңге төленген,

Энзотияға қарсы іс-шаралар жүргізуге 676,0 мың теңге бөлініп, 100% игерілді.

Эпизоотияға қарсы іс-шаралар жүргізу үшін 19 515,0 мың теңге бөлініп, 100% игерілді.

Жер қатынастары бөлімі бойынша 10 401,0 мың теңге бөлініп, оның ішінде бөлімді ұстауға 7 417,0 мың теңге қаралып, мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін алу және жерді аймақтарға бөлу туралы жұмыстарына 2 984,0 мың теңге бөлінген, жоспар 100% орындалды.

11.Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі.

Құрылыс бөлімі аппараты қызметін қамтамасыз етуге 7 457,0 мың теңге қаралып, нақтыланған жоспар 100 % игерілді.

Жергілікті бюджеттік инвеститциялық жобаларға техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеу бағдарламасы бойынша 1 000,0 мың теңге қаралып, оған әр түрлі биіктіктегі үй құрылысына ТЭН әзірленуде.

Сәулет және қала құрылысы бөлімі бойынша барлығы 5 692,0 мың теңге бөлініп, жоспар 99,9% игерілді.

12.Көлік және коммуникациялар

Көлік инфроқұрылымын дамыту бағдарламасы бойынша 23 828,0 мың теңге бөлініп, оған «Солнечная» электро станциясына кірме жолдың құрылысына жұмсалып, жоспар 98,2 % игерілді.

Автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету бағдарламасы бойынша 106 704,0 мың теңге бөлініп, оның ішінде «Солнечная» электро станциясына кірме жолға ТЭН және ЖСҚ әзірленуіне 1 000,0 мың теңге, жолдарды қысқы мерзімде ұстауға 14 000,0 мың теңге, қала көшелерінің жолдарына орташа жөндеу жүргізу үшін ЖСҚ әзірлеуге 2 294,0 мың теңге және Сидрански мен Индустральный көшелерінің жолдарын ағымдағы жөндеуге 89 410,0 мың теңге бөлінген.

Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі бойынша 1 860,0 мың теңге бөлініп, бөлімнің күрделі шығыстарына 350,0 мың теңге берілген. Оған 2 дана жинақталған компьютер алған және т.б өзге де құрал жабдықтар сатып алынды.

13.Басқалары.

Кәсіпкерлік бөлімі бойынша 4 642,0 мың теңге бөлініп, бөлімнің күрделі шығыстары бойынша 530,0 мың теңге, оған компюьтер, шторлар және т.б негізгі құрал жабдықтармен қамтамасыз етіліп, жоспар 99,9% орындалған.

Өңірлерді дамыту бағдарламасы шеңберінде 12 199,0 мың теңге бөлініп, оған Заречный селосының сумен қамту жүйесін ағымдағы жөндеуі мен Шеңгелді селосының жолдарын ағымдағы жөндеуге жұмсалған.

Трансферттер.

Нысаналы трансферттерді қайтару бағдарламасы бойынша бюджеттік алулар 10 453,0 мың теңге жоспарланып, бюджетке толығымен қайтарылды.

Жергілікті атқарушы органның борышын өтеуге 59 686,0 мың теңге жергілікті бюджеттен қаралып, қаражат 100 % жоғарғы бюджетке қайтарылды.

Қала бюджетінің кіріс бөлігімен шығыс бөлігінің орындалуы туралы мәліметтер >>

 

Қаржы бөлімінің басшысы Е.Қожахметов

 

icon Қаржы бөлімінің

Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .