Kapshagay.gov.kz

ҚАУЛЫ
Қапшағай қаласы, Заречный және Шеңгелді округтеріндегі мектепке дейінгі ұйымдарда 2014 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы

 

 

«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы №413-IV Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабына және 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 6-бабы, 4 тармағын, 8-1 тармақшасына сәйкес Қапшағай қаласы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қапшағай қаласы, Заречный және Шеңгелді округтеріндегі мектепке дейінгі ұйымдарда 2014 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру 1-қосымшаға сәйкес бекітілсін.

2. Қапшағай қаласы, Заречный және Шеңгелді округтеріндегі мектепке дейінгі ұйымдарда ата-ананың ақы төлеу мөлшері 2 - қосымшаға сәйкес бекітілсін.

3. «Қапшағай қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі осы қаулының 1,2 - пунктілерінің орындалуын қамтамасыз етсін.

4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің (білім саласы мәселелері) жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

5. Осы қаулы қол қойылғаннан кейін, Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өтіп, бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланғаннан соң он күнтізбелік күннен кейін күшіне енгізілсін.

 

 

Қала әкімі

Н.Таубаев

 

Қала әкімдігінің «_____» _____________

№________ қаулысына № 1 қосымша

 

Жан басына шаққандағы қаржыландыру тәртібі бойынша бір балаға 1 жылға мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемі

Қосымша>>

 

 

 

icon Қапшағай қаласының білім бөлімі

Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .