Kapshagay.gov.kz

Қапшағай қаласы және өңірінде «Жұмыспен қамту – 2020 жол картасы» мемлекеттік бағдарламасының 2013 жылы жүзеге асырылуы барысы туралы ақпарат

 

 

 

2013 жылы Жұмыспен қамту – 2020 жол картасы бағдарламасын (бұдан әрі – Бағдарлама) іске асыру мақсатында республикалық бюджеттен – әлеуметтік жұмыс орындарына орналасатын 21 адамның жалақысын ішінара субсидиялауға – 4040,0 мың теңге және жастар тәжірибесіне қатысуға жіберілетін 10 адамға – 1 786,0 мың теңге, ішінара жұмыспен қамтылған 5 жалдамалы жұмысшылардың біліктілігін арттыруға – 87,0 мың теңге және бағдарламаға қатысушы жұмыссыз, өз бетінше жұмыспен айналысушы және табысы аз азаматтар қатарындағы 23 адамды қайта даярлау, біліктілігін арттыру курстарынан өткізуге – 2 042,0 мың теңге бөлінді.

2014 жылдың 1 қаңтарына орай 7948,0 мың теңгесі игерілді немесе жылдық жоспардың 99,9 %-ын құрады.

Бағдарламаның екінші бағыты аясында «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ және «Игілік Шеңгелді» кредиттік серіктестігі арқылы шағын несие беру жұмыстары жүргізілді. Қазіргі таңда «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ның оң қорытындысын алып, өз ісін ашуға ниет білдірген 3 азаматқа мемлекеттік қолдау ретінде «КАЗАГРОМАРКЕТИНГ» АҚ-ның өткізген 5 күндік кәсіпкерлік негіздеріне оқу курстарынан өтіп, жалпы саны 6 азамат қойған кепіліне сәйкес жалпы сомасы 9,5 млн. теңге көлемінде мал шаруашылығына шағын несие алды. «Игілік Шеңгелді» кредиттік серіктестігі 10,5 млн. теңге көлемінде «ЖЕТІСУ ӘЛЕУМЕТТІК-КӘСІПКЕРЛІК КОРПОРАЦИЯСЫ» ҰЛТТЫҚ КОМПАНИЯСЫ» АҚ өткізген конкурсын ұтып, Жұмыспен қамту 2020 жол картасы бағдарламасы шеңберінде соңғы қарыз алушыға шағын несие беруіне мүмкіндік алды. Қазіргі таңда «Игілік Шеңгелді» кредиттік серіктестігі арқылы 4 азаматқа мал және егіншілік шаруашылығына жалпы соммасы - 10,5 млн. теңге көлемінде шағын несие берілді.

Бағдарламаның үшінші бағытын іске асыруда 23 адам тігінші, бухгалтер, аспазшы мамандықтары бойынша «Пронченко Г.», «Қалжанова» және «Абдалиев К.» жеке кәсіпкерлеріне әлеуметтік жұмыс орындарына жіберілсе, 12 адам бухгалтер, қаржыгер, іс жүргізуші, заңгер, ақпараттық жүйелер және программист мамандықтары бойынша «Нұр Отан» партиясы Қапшағай қалалық филиалына, Шеңгелді ауылдық округі әкімі аппаратына, Қапшағай қаласының әкімі аппаратына, Қапшағай қаласының жұмыспен қамту орталығына, Қапшағай қаласы бойынша салық басқармасына, «Алматы облысының жастар саясаты орталығы» КММ филиалы «Қапшағай қаласының жастары», «Zhersu Metal» АҚ, «Қапшағай құрылыс комбинаты» және «Genko stroi» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жастар тәжірибесінен өтуге жіберілді. Қазіргі таңда жастар тәжірибесінен өткен бағдарлама қатысушыларын тұрақты жұмыспен қамту жұмыстары жүргізілуде.

2013 жылдың сәуір айынан бастап 20 адам қаладағы №20 кәсіптік лицейде аспазшы және тігінші мамандықтары бойынша қайта даярлау курстарынан және 3 адам аспаз мамандығы бойынша біліктілігін арттыру курсынан өтіп тұрақты жұмыс орындарында жұмыс істеуде.

2013 жылдың қыркүйек айынан бастап Алматы қаласындағы қызмет көрсету және тамақтандыру саласындағы инновациялық технологиялар колледжінде шаштараз-сәнгер мамандығы бойынша 5 адам және Қапшағай қаласының көпсалалық колледжінде аспаз-кондитер мамандығы бойынша 10 адам 10 айлық кәсіби даярлау курстарынан өтуге жолдама алды.

2013 жылдың 07 қарашасында Қапшағай қаласының Мәдениет үйінде және 28 қарашасында Қала әкімдігінің кіші залында «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы бойынша Балқаш, Талғар аудандарының және Қапшағай қаласының ауылдық округ әкімдері және Жұмыспен қамту орталықтарының директорлары мен мамандарына арналған екі кезеңнен тұратын оқыту семинарлары болып өтті. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ұйымдастырған семинарлардың мақсаты – ауыл әкімдері мен мамандарды ақпараттандырып, бағдарламаны жүзеге асыруды қамтамасыз ету болып табылады. Семинарға қатысушылар саны - 42 адамды құрады.

Жалпы оқыту семинарлары екі кезеңнен тұрды. Бірінші кезекте әкімдер мен мамандарға дәріс оқылып, бағдарламаның қыр-сыры мен мүмкіндіктері туралы ақпарат берілді. Екінші кезеңде – ауылдық округ әкімдері және мамандар тест тапсырып, сертификаттар алды.

Ағымдағы жылы Бағдарлама 3 бағыт бойынша жүзеге асырылатын болады, яғни бірінші бағыт аясында Қапшағай қаласының және Шеңгелді, Заречный ауылдық округтерінің көшелеріне ағымдағы және орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, қосымша жұмыс орындары ашылатын болады.

Екінші бағыт аясында 30 адамға 60 млн. теңге көлемінде шағын несие берілетін болады және үшінші бағыт аясында республикалық бюджеттен әлеуметтік жұмыс орындарына орналасатын 20 адамның жалақысын ішінара субсудиялауға – 4538,0 мың теңге, жастар тәжірибесіне қатысуға жіберілетін 20 адамға – 3835,0 мың теңге және бағдарламаға қатысушы жұмыссыз, өз бетінше жұмыспен айналысушы және табысы аз азаматтар қатарындағы 45 адамды кәсіптік даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстарынан өткізуге – 4288,0 мың теңге бөлініп отыр.

Ауыл тұрғындарын Бағдарламамен таныстыру мақсатында, ауылдық елді мекендерге шығып, ауыл тұрғындарымен кездесулер өткізіліп отырады және Бағдарламаның стенді екі ауылдық округтерге жіберіліп, билборды қаланың басты көшесіне ілінді.

icon Қапшағай қаласының жұмыспен қамту орталығы

 

Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .