Kapshagay.gov.kz

Президенттік «Ғажайыпқа толы жаңа жыл» атты шыршысы мерекесі

 

Желтоқсан айының 20-сы күні облыс орталығында болып өткен Елбасының жыл сайынғы жаңа жылдық шыршасы өтті. Осы шыршаға Қапшағай қаласынан 6 оқушы қатысып, керемет көрініске куәгер болып, салтанатты мерекеде қуаныш пен шаттыққа бөленіп кайттық. «Ғажайыпқа толы жаңа жыл» атты шыршысы мерекесі әсем қойылыммен басталып, Елбасымыздың жас жеткіншектерге арналған құттықтау сөзімен жалғасты. Әрбір баланың кеудесін қуаныш кернеп, мәз-мәйрам болысты! Ел ағасының айтқан әрбір сөзін балалар мұқият тындап, өнегелі әңгімесін жадына түйісті. Елбасы шыршасына облыс әкімі Аңсар Тұрсынханұлы Мұсаханов келіп шыршаға қатысқан барлық балаға сыйлықтар таратып, балалардың қуанышын еселей түсті. Сыйлық алған балалар үлкен ормаға оралған сыйлықтың ішінде не бар екеніндігін көруге асық болдық. Алған сыйлықтарына риза болған барлығымыз рахмет айтып, көңілдеріміз одан әрі көтеріліп қалды.

pic

Жаңа жыл шыршасына қатысқан әуе акробаты мен түрлі ертегі кейіпкерлері орта да болып, аяз ата мен ақшақар келіп, жаңа жыл шыршасын жандандыра түсті. Балалар қойылымнан алған әсерлерін жарыса айтып, көрген қызықтарын теледидар көрермендерімен де бөлісіп жатты. Осы тұста Қапшағай қаласы «Орта мектеп-гимназия мектепке дейінгі шағын орталығымен» МКМ оқушысы Қабдоллаева Толғанай барлық балаларды жаңа жыл мерекесімен құттықтап, жылы лебізін білдірді. Жаңа жылдық қойлым біткеннен кейін балалар кең дастархан басына жиналып, тәтті тағамнан дәм бөлісті.

Алған сыйлықтарын игілігіне пайдаланып, шырша қойылымын қай мезетте болмасын, езуіне күлкі үйіріліп еске алатыны анық. Осыншама қуаныш пен шаттыққа бөлеген, жаңа жылдық мерекелік көңіл –күй сыйлаған облыс әкімі Аңсар Тұрсынханұлы Мұсахановқа осындай игілікті ісі үшін айтар алғысымыз шексіз!

 

icon Қапшағай қаласының білім бөлімі

 

Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .