Kapshagay.gov.kz

Қапшағай қаласы және аймақ мектептері бойынша 2013-2014 оқу жылындағы оқушылардың қалалық пәндер олимипадасының қорытындысы туралы

 

 

Алматы облыстық білім басқармасының 2013 жылғы 09 желтоқсандағы №308-о бұйрығы, қалалық білім бөлімінің 2013 жылғы 10 желтоқсандағы №01-14/425 бұйрығы негізінде 18-19 желтоқсан күндері күні 8-11 сынып оқушыларының арасында жалпы білім беретін пәндер олимпиадасы өтті. Жалпы білім беретін 15 пән бойынша олимпиада орта мектеп-гимназияда мына пәндер бойынша өтті:

- орыс, қазақ мектептеріндегі: қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, неміс, француз, ағылшын тілдері, Қазақстан тарихы, орыс, қазақ мектептеріндегі: математика, физика, биология, химия, география, информатика пәндері.

2013 жылы 18 желтоқсан күні теориялық, 19 желтоқсан күні практикалық туры өтті.

Олимпиадаға қала және аймақ мектептерінен барлығы - 441 оқушы қатысты.

Оның ішінде гуманитарлық пәндер бойынша – 217, жаратылыстану- математика пәндері бойынша – 224 оқушы қатысты.

Жалпы өткізілген олимпиада нәтижесінде анықталған жүлдегерлер төмендегідей: 1- орын - 59

2- орын - 102

3- орын - 133

Барлығы - 294 орын.pic

 

Пәндер олимпиадасының жүлделі орындарын иеленген 294 оқушы қатысқан оқушылардың 66,6% құрайды. Білім бәсекесіне қала және аймақтағы мектепішілік олимпиадада І орын иеленген, мықты деген оқушылары қатыстырылды.

Облыста нәтиже көрсете алатын, қала намысын қорғауға мүмкіндігі бар, І және ІІ жүлделі орын алған оқушылар болғандықтан мектеп рейтингісін шығарар болсақ, алғашқы үштікті қала мектептері, яғни 45 жүлдегермен Ш.Уәлиханов атындағы №2 гимназия- 1 орын, 40 жүлдегермен ОМГ-2, 36 жүлдегермен №5ОМ – 3-орындарды иеленді.

 

2014 жылдың Талдықорған қаласында өтетін пәндер олимпиадасының облыстық кезеңіне І және ІІ жүлделі орындарды иеленген гуманитарлық пәндерден 9-11-сынып, жаратылыстану пәндерінен 8-11-сынып оқушыларынан 50 оқушы жолдама алды.

 

 

icon Қапшағай қаласының білім бөлімі

 

Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .