Kapshagay.gov.kz

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФОРУМ «СУ РЕСУРСТАРЫ АЯСЫНДА ЮНЕСКО АССОЦИЯЛАНҒАН МЕКТЕПТЕРІ АРАСЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ»

 

 

Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы 2013 жылды су ресурстарын қорғаудың ынтымақтастығы жылы деп жариялады. Бүгінгі таңда Біріккен Ұлттар Ұйымы ел үкіметтері, халықаралық және аймақтық ұйымдар, су ресурстары мәселелерінің басым бағытта екендігін атап көрсетуде.

Су ресурстарын қорғау жылы адамзатқа судың қоршаған орта мен қоғамның дамуына бірегей әсер ететін төтенше фактор екеніндігін түсіндіруге тиімді мүмкіндік берері сөзсіз.

Бүгінде әлем елдерінің алдында су ресурстарын ғаламшардың барлық халықтарына жеткілікті ету үшін барлық күш- жүгерді біріктіру қажет. Су - халықаралық ынтымақтастықтың қорғаны үшін қызмет ететін халық игіліктерінің бірі.pic

«Су ресурстары аясында ЮНЕСКО Ассоцияланған мектептерінің халықаралық ынтымақтастығы» форумының мақсаты ЮНЕСКО ассоцияланған мектеп оқушыларын су ресурстары мәселелеріне шешуге қатыстыра отырып, осы мәселе төңерегіндегі озық тәжірибелерді тарату болып отыр.

Халықаралық форум желтоқсан айының 12 күні Қапшағай қаласындағы «Орта мектеп-гимназия» базасында өтті. Форумға қатысушыларды мектептің жас бүлдіршіндері күмбірлеген күй, ақ тілектермен қарсы алды. Қонақтар мектептің мәжіліс залының фойесінде «Қазақстандағы ЮНЕСКО Ассоцияланған мектептерінің қызметі» тақырыбындағы көрмені тамашалады. Форумды «Достық-Даму» Қоғамдық Қорының Президенті Байгуттинов Серикжан Кадралинович жүргізіп отырды. Форумның ашылу салтанатында Қазақстандағы ЮНЕСКО-ның Ассоцияланған мектептерінің Халықаралық Координаторы Ким Леонид Леонидович, Қапшағай қаласының әкімінің бірінші орынбасары Сүгіров Ільяс Сейтбекұлы, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан бойынша Алматыдағы ЮНЕСКО Кластерлық Бюросының жаратылыстану ғылымдары бағдарламасы бойынша маман Кристинэ Товмасян сөз алып қатысушыларды құттықтады. Су ресурстарын сақтауға бірлесе күш жұмылдыру маңыздылығын айқындай отыра, форум қатысушылары 4 пікірталас алаңында

- көл ресурстарының мәселелері;

- өзен ресурстарының шаруашылық және рекреациялық пайдаланылуы

-су қоймасы және оны қолданудағы мәселер

-су ресурстарының басқа мәселері бағыттары бойынша Қазақстанның, Қырғыстанның, Ресей оқушыларының 29 жұмысының баяндамаларын тыңдады. Форумға қатысушылар су ресурстары аясында тату көршілік ынтымақтастықты, алыс және жақын шетел құрбыластары арасында спектрін кеңейтуді қалайтындықтарын жеткізді.

Форумның секция жұмыстарын әл –Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің география және туризм факультетінің Метеорология және гидрология кафедрасының меңгерушісі география ғылымдарының кандидаты Джусупбеков Даулет Калибекович, Метеорология және гидрология кафедрасының халықаралық байланыстар және ғылыми-инновациялық жұмыстар жөніндегі орынбасары география ғылымдарының кандидаты, доцент Махмудова Ляззат Камаловна, Метеорология және гидрология кафедрасының география ғылымдарының кандидаты, доцент  Молдахметов Марат Молдабекұлы қорытындылады. pic

Мектеп- гимназияның жас зерттеушілері туған қаламыз Қапшағай аймағының су ресурстарының мәселелерін ортаға салды. Турсынгали Сымбат 11-сынып оқушысы «Қапшағай аймағындағы су құрамындағы иондар концентрациясын зерттеу» (жетекшісі: Мұсабекова С) жұмысында артезиан суы мен күнделікті тұрғындар ішуде пайдаланатын судың құрамын талдап, ондағы иондар концентрациясының мөлшеріне тоқталып, тазартудың қандай жолдарын ұсынатынын қазақ және ағылшын тілінде еркін жеткізе білуі біздің оқушылардың білім деңгейінің халықаралық мектептерден кем түспейтініне көз жеткізді. 9 сынып оқушысы Бажылдақова Дариға «Қапшағай ГЭС мәселелері» (жетекшісі: Махмұтова А) бойынша тың айғақтар мен толымды ізденіс жұмысының қорытындысын ортаға салды.

11 сынып оқушысы Алшынбаева Айдананың «Қапшағай су қоймасы туризм аймағы ретінде» (жетекшісі: Смаилова Е) жұмысында бүгінгі күндегі туризмнің қаламыздағы дамуына тоқтала келе алдағы уақытта осы бағытта қандай жобаларды іске асыруға болатыны туралы айтылды. Қапшағай су қоймасын тек жаз мезгілінде ғана емес, қыс мезгілінде де туристік аймақ ретінде пайдалану идеясы көпшілік көңілінен шықты. Алматы қаласы мен облысының, Қарағанды, Орал, Шымкент қалаларынан келген жас зерттеушілеріміз еліміздің су ресурстарының өзекті мәселелерін шешу жолдарын ұсынды. Форум соңында қатысушылар резолюция қабылдады. Форумды ұйымдастырушылар мен қатысушыларға Алғыс хаттар мен сертификаттар табыс етіліп, қатысушылар мен қонақтар орта мектеп –гимназия оқушыларының концертін тамашалады. Балғын өрендердің өнерін тамашалудан соң бағдарлама бойынша мектеп-гимназия базасында экскурсия жасалып, қатысушылар қысқы бақ өсімдіктерімен, бүгінгі күн талабына сай жабдықталған пән кабинеттері мен құрал –жабдықтардың мүмкіндіктерін, «Жас физик», «Жас математик», «Жас химик», «Жас суретші» «Роботехника» сынды үйірмелер жұмысымен танысты. Халықаралық деңгейдегі ауқымды шараны ЮНЕСКО ассоцияланған мектебіне мүшелікке кандидат «Орта мектеп-гимназия» ұжымы жоғары деңгейде ұйымдастырып, ойдағыдай өткізуі көңілімізге қуаныш ұялатты. Ұжымның алдағы уақыттағы жұмыстарына табыс тілей отырып, биіктерден көріне берсін деген тілек айтамыз.

 

icon Қапшағай қаласының білім бөлімі

 

Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .