Kapshagay.gov.kz

«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы бойынша ауылдық округ әкімдеріне арналған семинарлар өтті

 

 

2013 жылдың 07 қарашасында Қапшағай қаласының Мәдениет үйінде және 28 қарашасында Қала әкімдігінің кіші залында «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы бойынша Балқаш, Талғар аудандарының және Қапшағай қаласының ауылдық округ әкімдері және Жұмыспен қамту орталықтарының директорлары мен мамандарына арналған екі кезеңнен тұратын оқыту семинарлары болып өтті. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ұйымдастырған семинарлардың мақсаты – ауыл әкімдері мен мамандарды ақпараттандырып, бағдарламаны жүзеге асыруды қамтамасыз ету болып табылады. Жалпы семинарға қатысушылар саны - 42 адамды құрады.pic

«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы үш бағыт бойынша жүзеге асырылуда. Біріші бағыт - инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету. Екіншісі ауылдағы кәсіпкерлікті дамыту және кеңейту арқылы жаңа жұмыс орындарын құруға көзделген. Ал, үшінші бағыт – жұмыссыз азаматтарды кәсіптік даярлау және қоныс аудару арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдесу. Ауыл әкімдері осы бағдарламаның бағыттары, оларды жүзеге асыру тетіктері мен шарттары туралы хабардар болып, халық арасында ақпараттандыру жұмыстарын жүргізулерде Жұмыспен қамту орталықтарымен, бірлесіп жұмыс істеулері қажет. Сонымен қатар, бұл бағдарламаға жастарды тарту шараларын қолға алу керек.

Жалпы оқыту семинарлары екі кезеңнен тұрды. Бірінші кезекте әкімдер мен мамандарға дәріс оқылып, бағдарламаның қыр-сыры мен мүмкіндіктері туралы ақпарат берілді. Екінші кезеңде – олар тест тапсырып, сертификаттар алды.

Қапшағай қаласының жұмыспен қамту орталығы

 

Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .