шапка для вопросы и ответы

«Қапшағай қаласының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2012 жылдың қорытындысы бойынша құрылыс нысандары туралы

АҚПАРАТ


Мемлекеттік тұрғын үй құрылысы Қазақстанның 2030 жылға дейінгі дамуы стратегиясының басым бағыты және жалпы халықтық сипаттағы маңызды міндеттердің бірі болып табылады. Қапшағай өңірі бойынша бюджеттік қаражаттан бөлінген қаржы есебінен салынатын құрылысқа «Қапшағай қаласының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі тапсырыс беруші рөлінде шығып отыр. Бөлімнің аса маңызды міндеті болып «Қол жетімді баспана-2020» бағдарламасын жүзеге асыру болып табылады. Аталған бағдарламаның мақсаты- кешенді мәселелерді шешу және қалың жұртшылықты қол жетімді баспанамен қамтамасыз ету, аудандардағы тұрғын үйлердің инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын дамыту.

Аталған міндеттерді жүзеге асыру үшін салынып жатқан құрылысты инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен бірге уақытында пайдалануға беру. 2012 жылы төмендегідей нысандардың құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді.

  • 2011 жылдың желтоқсан айында басталған Қапшағай су қоймасының солтүстік жағалауында орналасқан 100 орынды балаларға арналған денсаулық сауықтыру лагері 2012 жылдың қазан айында пайдалануға берілді.

  • Қапшағай қаласы, «Спутник» шағынауданда 45 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы 2012 жылдың қазан айында аяқталып, пайдалануға берілді.

Сонымен қатар 2013 жылы төмендегідей нысандардың құрылысы аяқталып, пайдалануға беріледі:

  • Қапшағай қаласындағы 320 орынды балалар бақшасының құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс аяқталу мерзімі -2013 жылдың мамыр айы.

  • Қапшағай қаласы, «Спутник» шағынауданда 20 пәтерлі жалгерлік тұрғын үйдің құрылысы аяқталып, пайдалануға беріледі.

  • Қапшағай қаласы, 18 шағынауданда жеке тұрғын үй құрылыстары үшін су құбыры жүйелерінің және канализацияның құрылысын салу.

  • Қапшағай қаласы, 18 шағынауданда көше –жол жүйелерінің құрылысы жүргізілуде. Аяқталу мерзімі 2013 жылдың қазан айы.

  • Қапшағай қаласы, Рауан шағынауданда көше –жол жүйелері және су құбыры жүйелерінің құрылысы жүргізіліп жатыр.

  • Қапшағай қаласы, 19,20 шағынаудан (2-кезек) көше-жол жүйелерін және электр желілерінің құрылысын аяқтап, пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .