Kapshagay.gov.kz

Қапшағай қаласының әкімі

мемлекеттік әкімшілік бос лауазымдарға орналасуға орай

ашық конкурс жариялайды

 

  1. «Заречное ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маман - мал дәрігері (Е-G-3)

 

  1. «Шеңгелді ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маман - мал дәрігері (Е-G-3)

 

Функционалдық бағыттары:

лауазымдық нұсқаулыққа және бөлінген міндеттерге сәйкес.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі – ветеринарлық; Word, Excel бағдарламалы компьютерлермен жұмыс істеп, мемлекеттік тілді білу.

Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға

орналасуға үміткерлерге арналған

Е-G-3 санаты үшін тестілеу бағдарламасы:

Қазақстан Республикасының Конституциясын, ҚР «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 3 мамырдағы № 1567 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызметшілерінің Ар-намыс» Кодексін және мемлекеттік тілін білуге арналған тестілерді.

Лауазымдық айлықақысының мөлшері: (мемлекеттік қызмет өтіліне қатысты төлемді қоспағанда): Е-G-3 – 53 813 теңге

 

Конкурсқа қатысушылар үшін жалпы ережелер мен жағдайлар:

Конкурс 2001 жылғы 22 маусымда «Егемен Қазақстан», 2001 жылғы 23 маусымда «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған және 2003 жылғы 23 мамырдағы осы газеттерде берілген бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға орай өткізілетін ережелерге енгізілген толықтырулар мен өзгерістерге сәйкес өткізіледі.

Тестен өтуге жіберілген үміткерлер оны құжаттар қабылдау мерзімі біткеннен кейінгі бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттігінің Алматы облыстық басқармасында өтеді (Талдықорған қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 38, 119 кабинет).

Әңгімелесуге жіберілген үміткерлер, аталмыш конкурс бойынша тестілеу рәсімін өткеннен кейін үш жұмыс күні ішінде оны Қапшағай қаласының әкімі аппаратының конкурстық комиссиясында өтеді.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар аталмыш хабарландыру «Жетісу» және «Огни Алатау» газеттерінде жарияланған мезеттен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде келесі мекен-жай бойынша тапсырылуы тиіс:

Қапшағай қаласының әкімі: Алматы облысы, Қапшағай қаласы, Жамбыл көшесі, 13, телефондар: 41583, 42552, факс - 42195.

Ескерту: хабарландыру 2013 жылғы 29 қаңтардағы №13 газетінде жарияланды

 

 

 

Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .