Kapshagay.gov.kz

 

Алматы облысы Қапшағай қаласы бойынша «Қол жетімді тұрғын үй-2020» бағдарламасын жүзеге асыру

 

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған 2012 жылдың 12 қаңтарындағы «Әлеуметік-экономикалық жаңару – Қазақстан дамуының басты бағыты» жолдауында азаматтарды, ең алдымен жас отбасыларын кейін сатып алу құқығымен ұзақмерзімді және қысқамерзімді жалға берілетін, жалдамалы тұрғын үлердің құрылысы арқылы қол жетімді тұрғын үймен қамтамсыз ету туралы тпсырма берілген. Оны жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылдың 21 маусымындағы №821 Қаулысымен «Қол жетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасы бекітілді.

Алматы облысы бойынша 2012-2020 жылдарға арналған «Қол жетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасын жүзеге асыру жоспары табыстарының деңгейі әр түрлі азаматтар үшін тұрғын үйдің қол жетімділігін арттыруға әлеуметтік бағытталады.

Жоспар аясында бағыттар айқындалды, атап айтсақ: ҚТҚЖБ арқылы өткізілетін тұрғын үй құрылысы, кезекте тұрғандар мен жас отбасыларына арналған жалдамалы тұрғын үй құрылысы, «Самрұқ-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ арқылы жалдамалы тұрғын үй құрылысы, «ҚИК» АҚ арқылы жалдамалы тұрғын үй құрылысы, «Алматы облысын дамыту жөніндегі «Алату» АҚ уәкілетті ұйымы арқылы тұрғын үй құрылысы, жеке тұрғын үй құрылысы, оның ішінде ҚТҚЖБ арқылы несиелендіру тәсілімен, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысы.

Қапшағай аймағы бойынша 2012-2020 жылдар аралығында үш бағыт бойынша тұрғын үй құрылысын салу жоспарлануда: кезекте тұрғандарға жалгерлік тұрғын үйдің құрылысы, тұрғын үй құрылыс жинақтау банк (ЖССБК) арқылы несиелік тұрғын үйдің құрылысы, коммуналдық тұрғын үйдің құрылысы. Аталған бағытта жайлылық деңгейі бойынша 3-санаттағы үйлердің құрылысы жоспарлануда.

Есепте тұрған тұрғын үйге мұқтаж азаматтар үшін бір 20 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы қаралды, республикалық бюджет қаражаты есебінен 7 (жеті) 50 пәтерлі мемлекеттік жалгерлік тұрғын үйдің құрылысы және жергілікті бюджет қаражат есебінен 4 (төрт) 45 пәтерлі коммуналдық тұрғын үйдің құрылысы қаралып отыр.

Тұрғындарға қол жетімді тұрғын үйді көтеру үшін 50 пәтерлі тұрғын үй құрылыс жинақтау банк (ЖССБК) арқылы несиелік тұрғын үйдің құрылысы жоспарланып отыр. 3 санатты жайлылық тұрғын үйдің жүзеге асрыру бағасы тұрғындарға 1 шаршы метрі -90 мың теңгені құрайды (инженерік жүйе құнысыз және аймақтың сесмикалық төзімділігін есептегенде).

 

«Қапшағай қаласының

құрылыс бөлімі» ММ Р. Құлжабай

Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .