Kapshagay.gov.kz

  Қапшағай қаласы мен аймағындағы білім беру мекемелеріндегі балалар мен жасөспірімдердің жазғы демалысы туралы

Қапшағай қаласында қала сыртындағы «Las Velas » лагерінде 7ауысымда бойынша 490 оқушы демалды.

Мектеп жанындағы тамақтанатын лагерьде 542 оқушы, тамақтанбайтын лагерьде 600 оқушы демалып ,пәндік лагерьде 400 оқушымен кестеге сәйкес негізгі пәндер бойынша математика, тарих, физика , биология, география, ағылшын тілінен қосымша сабақтар жүргізілді. Мектеп жанындағы құрылыс жөндеу топтарында 452 оқушы жөндеу жұмыстарымен айналысты.

«Жасыл ел» бағдарламасы бойынша қала мен ауылды көгалдандыру жұмыстарымен 1115 бала жұмыс жасады. Оқушылар мектеп ауласындағы жер тілемдерін қопсытып, ағаш және гүлдер алқабын арам шөптерден тазартып, суару жұмыстарын жасады. Жас натуралист стансасындағы үлескілерде 60 бала гүл суару, өсімдіктерді күтіп - баптау жұмыстарымен айналысты.

Алматы облысы әкімі А.Мұсахановтың мектеп оқушыларының жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру тапсырмасын орындау мақсатында Қапшағай қаласы мен аймағындағы мектеп оқушыларының жазғы демалыспен қамтылуына демеушілік көмек көрсетіліп, «Мұрагер» экологиялық лагеріне Республикалық «КазТелеком» компаниясының Вице Президенті Әділбеков Марат Мұхтарұлының демеушілігімен 50 оқушы , ЖШС «Кнауф» зауытының директоры Ефименко Александр Николаевичтің демеушілігімен «Просвещенец» сауықтыру лагерінде 60 оқушы демалуда.

«Кәусар» интернатының тәрбиеленушілері демеушілердің көмегімен Шамалған ауылы «Үшқоңыр» жазғы демалыс лагеріне 20 оқушы

демалып қайтты. 1 оқушы Көкшетау облысындағы «Балдәурен» оқу – сауықтыру лагерінде, 2 оқушы Талғар қаласындағы «Тау самалы» лагерінде демалды.

 

 

 

 

Білім бөлімінің әдіскері З.Иманқұлова

Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .