Kapshagay.gov.kz

2012 жылғы Қапшағай қаласы бойынша Ұлттық бірыңғай тестілеу қорытындысы

 

Қапшағай қаласында ұлттық бірыңғай тестілеу 2012 жылы 2, 4, 6 маусым күндері өтті. 2 маусым күні 1 лекте тестілеуге Қапшағай қаласының 332-і оқушысы және Іле ауданының 248 оқушысы қатысты.

Биылғы оқу жылында тестілеу тапсыруға өтініш берген 334 оқушының 332-і қатысты. 2 оқушы Халықаралық конференция жеңімпазы ретінде тестілеуден босатылды. Олар: Закирова Анна - Ш.Уәлиханов атындағы №2 гимназия түлегі және орта мектеп – гимназия оқушысы Ишмуратов Руслан.

Мектеп бітіруші оқушылардың 98,8% ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысты, Республика бойынша тестілеуге қатысу 57 пайызды құрады.

Қала бойынша орташа балл көрсеткіші - 83,1 балл, Алматы облысы бойынша орташа балл – 67. 100-ден жоғары балл жинаған 61 түлек барлық қатысқан оқушылардың 18,2 пайызын көрсетті. 10 оқушы «Алтын белгі» белгісінің, 6 оқушы үздік аттестат иегері атанды. Ең жоғарғы 121 баллды орта мектеп – гимназия «Алтын белгі» белгісінің иегері Назтай Айдана жинады.

 

 

Білім бөлімінің бастығы Р. Ешімова

Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .