Kapshagay.gov.kz

«Қапшағай қаласының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2012 жыл бойынша құрылыс нысандары бойынша

АҚПАРАТ

 

Мемлекеттік тұрғын үй құрылысы Қазақстанның 2030 жылға дейінгі дамуы стратегиясының басым бағыты және жалпы халықтық сипаттағы маңызды міндеттердің бірі болып табылады. Қапшағай өңірі бойынша бюджеттік қаражаттан бөлінген қаржы есебінен салынатын құрылысқа «Қапшағай қаласының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі тапсырыс беруші рөлінде шығып отыр. Бөлімнің аса маңызды міндеті болып «Қол жетімді баспана-2020» бағдарламасын жүзеге асыру болып табылады. Аталған бағдарламаның мақсаты- кешенді мәселелерді шешу және қалың жұртшылықты қол жетімді баспанамен қамтамасыз ету, аудандардағы тұрғын үйлердің инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын дамыту.

Аталған міндеттерді жүзеге асыру үшін салынып жатқан құрылысты инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен бірге уақытында пайдалануға беру. Шағынаудандар ішінде инженерлік желілері, су және канализация, жол жұмыстары бойынша «Қапшағай қаласының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесімен 2012 жылға төмендегідей нысандар жүзеге асырылады:

-          2011 жылдың желтоқсан айында Қапшағай су қоймасының солтүстік жағалауында орналасқан 100 орынды балаларға арналған денсаулық сауықтыру лагерінің құрылысы басталды. Пайдалануға берілу мерзімі-2012 жылдың қазан айы.

-          Қапшағай қаласындағы 320 орынды балалар бақшасының құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс уақыты 2012 жылдың наурыз айы -2013 жылдың мамыр айы.

-          Қапшағай қаласы, «Спутник» шағынауданда 45 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысын аяқтау. Құрылыстың басталу мерзімі- 2012 жылдың наурыз айы, аяқталуы – қазан айы.

-          Қапшағай қаласы « Спутник» шағынауданы № 4/1 мекен-жайында 20 пәтерлі жалгерлік үйдің құрылысы басталды. Құрылыстың басталу мерзімі-2012 жылдың наурыз айы және аяқталу мерзімі- қараша айы.

-          Қапшағай қаласы, 18 шағынауданда жеке тұрғын үй құрылыстары үшін су құбыры жүйелерінің және канализацияның құрылысын салу. Құрылыстың мерзімі- 2012 жылдың сәуір-желтоқсан айлары.

-          Қапшағай қаласы, 18 шағынауданда көше –жол жүйелерінің құрылысы жүргізілуде. 2012 жылдың сәуір айы және аяқталу мерзімі 2013 жылдың қазан айы.

-          Қапшағай қаласы, Рауан шағынауданда көше –жол жүйелері және су құбыры жүйелерінің құрылысы жүргізіліп жатыр.

-          Қапшағай қаласы, 19,20 шағынаудан (2-кезек) көше-жол жүйелерін және электр желілерінің құрылыс жүргізілуде. Құрылыстың басталу мерзімі 2012 жылдың сәуір айы –аяқталу мерзімі-2012 жылдың желтоқсан айы.

2016 жылға дейін бюджеттік жоспарды жүзеге асыру үшін (Арна, Арна 2-кезек, 12, 12Б, Гүлдер, Восточный) шағынауданда тұрғын үй құрылыстары үшін инженерлік коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту үшін жоғарғы органдарға бюджеттік қаражат бөлуге тапсырыс берілді. Санымен қатар 2016 жылға дейін «Самал, Ардагер» шағынаудандары да жоспарланып отыр.

 

 

Құлжабай Рашидден Мубракулы

Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .